Оқушыларға кім
Сабақтың тақырыбы
Зат есім
Мақсат 1
Оқушылардың зат есім туралы білімін кеңейту; дұрыс сұрақ қоя білуге және зат есімді таба білуге үйрету.
Мақсат 2
Зат есімдерге мысал келтіре білу; жаттығулар мен тапсырмалар арқылы ойлауын және есте сақтауын дамыту.
Мақсат 3
Шапшаңдыққа, шығармашылыққа, ойын нақты жеткізе білуге, ұқыптылыққа және сауатты жазуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер
- Сызба
- Үлестірмелі қағаз
- Суреттер
- Ребустар
- Электрондық оқулық және т.б.
Әдістер
- Түсіндіру
- Сұрақ-жауап
- Топтық жұмыс
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалім сабақты төмендегі өлең жолдарымен бастайды:
Армысыздар, балалар, Дайынбыз ба, сабаққа? Білімді, еңбекқор, өнерлі, Сай келейік талапқа. Бар ма, үйден дайындық? Тапсырмамыз дұрыс па? Оқымасақ уайым жеп, Тығылмаймыз қуысқа. Ойымызды айтайық, Білімімізді байқайық. Мына отырған ұстаздар, Қалсын бір сәт марқайып.
«Шаттық шеңбері»
Оқушылар шеңбер құрып тұрады. Әр оқушы өз бойындағы бір жақсы қасиетін айтады. Келесі оқушы «Тамаша!» деп жалғастырып, өз қасиетін қосады.
Үй тапсырмасын тексеру
324-жаттығу: өлеңнен зат есімдерді табу.
Терме диктант
Сөздер: бала, жинады, алты, сиыр, ойнады, тәтті, ұстаз.
Сұрақ: бұл сөздер заттың нені білдіріп тұр?
Қорытынды: заттың атын білдіретін сөздерді зат есім дейді. Зат есімдер кім? кімдер? не? нелер? сұрақтарына жауап береді.
Мысал келтіру (электрондық оқулықтағы ереже бойынша).
Өткенді пысықтау: Алпамыстан келген хат
Мұғалім оқушыларға Алпамыстан хат келгенін айтады және хаттың мазмұнын оқып береді:
«Құрметті менің достарым! Мен сендерден көмек сұрап хат жазып отырмын. Апам биыл мені мектепке баруға дайындап, дүкеннен оқу құралдарын сатып әкелді. Олар өте көп, бірақ мен бәрінің аттарын біле бермеймін. Мен сендерге оларды сөмкеме салып жіберіп отырмын. Сендер мектепте оқисыңдар ғой, маған осы заттардың атын білдіретін сөздерді жазып жіберіңдерші. Сәлеммен, Алпамыс».
Тапсырма
Мұғалім Алпамыс жіберген заттарды бір-бірден көрсетеді. Оқушылар заттың атын атап, тақтаға жазады: дәптер, қалам, қарындаш, сызғыш.
Сұрақ қою
Әр затты көрсеткен сайын мұғалім «Бұл не?» деп сұрайды. Соңында Алпамыстың суреті көрсетіліп, «Бұл кім?» сұрағы қойылады.
Оқушылар жазып болған соң, мұғалім жауаптарды жинақтап, қорытынды жасайды: бүгін біз зат есім тақырыбын әрі қарай жалғастырамыз.
Дәптермен жұмыс
328-жаттығу: сөйлемдерді көшіріп жазып, зат есімдерді табу.
Абай – қазақ халқының ұлы ақыны. Ол халықты оқуға, білім мен өнер үйренуге шақырды.
- Абай Құнанбаев кім?
- Қандай өлеңдерін білесіңдер?
- Абай атамыз қандай нәрселерден аулақ болуды айтады?
330-жаттығу: суреттегі аң-құстардың аттарын қатыстырып сөйлемдер құрастыру.
Электрондық оқулықпен жұмыс (топтық жұмыс)
- 1) Сөйлемнен кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді тап.
- 2) кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді топтастыр.
- 3) Өлеңнен зат есімдерді тауып, сұрақ қой.
Сергіту сәті
Абай Құнанбаевтың «Қыс» өлеңін әнге салып айту.
«Кім жылдам?»
«Кім?» сұрағына жауап беретін сөздердің астын бір сызықпен, «Не?» сұрағына жауап беретін сөздердің астын екі сызықпен сызу.
Ребус шешу
Ребустың шешуіндегі сөздерге сұрақ қою. («балықшы», «домбырашы») сөздерін сөз құрамына талдау.
Ойындар мен шығармашылық тапсырмалар
«Кім көп тауып айтады?»
«Бағдаршам» сөзіндегі әріптерден сөздер құрап жазу: баға, шам, ара, шар, аға, ағаш және т.б.
«Балық сүйегі» ойыны
Кім? және Не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді ажырату.
«Қатесін тап» ойыны
Төмендегі жұптарды қарап, кім? және не? сұрақтарына сай келмейтінін түзету.
| Кім? | Не? |
|---|---|
| тігінші | бала |
| қайшы | сиыр |
| ата | ұстаз |
Ескерту: бұл тапсырманың мақсаты — сөздерді мағынасына қарай дұрыс топтастыру және сұрақты дұрыс қою.
Деңгейлік тапсырмалар
1-деңгей
Сөздерге сұрақ қою.
2-деңгей
Берілген үлгі бойынша өлең құрастыру:
Біз бақытты — ______ Шырқап — ______ Білім алып әрқашан, ______ болып — ______
3-деңгей
«Қыста» тақырыбына шағын шығарма жазу.
Рефлексия
Мен бүгін __________ білдім. __________ қызықты болды. Мен мына тапсырмаларды орындадым: __________ Мен енді білемін: __________ __________ қиын болды.
Қорытынды
«Топтастыру» стратегиясы арқылы зат есімге тән сұрақтарды және сөздерді жүйелеу.
Үй тапсырмасы және бағалау
Үйге тапсырма: 332-жаттығу.
Бағалау: сабақ барысындағы жауаптар мен тапсырмаларды орындау сапасына қарай.
Автор туралы мәлімет
Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы
«Т. Ақышұлы атындағы негізгі орта мектеп» КММ
Бастауыш сынып мұғалімі: Сыздықова Гүлшат Асхатовна