Компьютердің негізгі құралдарын ата
Сабақ атауы
Paint (бояу) графикалық редакторы: сурет салу құралдары
Сабақтың түрі
Жаңа материалды меңгерту
Сабақтың типі
Кіріктірілген сабақ (ағылшын тілі, орыс тілі)
Жалпы мақсат
- Paint графикалық редакторын ашу, сурет салу және оны сақтау жолдарын меңгерту.
- Сурет салу құралдарының қызметі мен мүмкіндіктерімен таныстыру.
- Топтық және жұптық жұмыс арқылы оқушыларды Paint редакторымен бағыттап, сурет салу және сақтау дағдыларын қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже
- Редакторды іске қосу жолын және негізгі мүмкіндіктерін біледі.
- Сурет салу құралдарын пайдаланып, редакторда практикалық жұмыс орындай алады.
Сабақтың әдіс-тәсілдері
I бөлім
Ұйымдастыру
Қазақ тілі
Қайырлы күн, балалар!
Орыс тілі
Добрый день, ребята!
Ағылшын тілі
Good afternoon, children!
Ұйымдастыру жұмыстары
- Сыныпта психологиялық ахуал қалыптастыру.
- Оқушылармен амандасу және түгендеу.
- Топқа бөлу және бағалау парақтарын тарату.
- Сабақ барысымен таныстыру.
II бөлім
Өткен тақырыпты қайталау
Әдіс: «Түрлі-түсті шарлар»
Өткен тақырыптарды сұрақ-жауап арқылы қайталау және білімді нақтылау.
Қайталау сұрақтары
- 1 Ақпараттың неше түрі бар?
- 2 Файл және жарлық дегеніміз не?
- 3 Компьютердің негізгі құрылғыларын ата.
- 4 Компьютер мен адамның арақашықтығы қанша см болуы керек?
- 5 Пернетақта дегеніміз не?
- 6 Принтер дегеніміз не?
III бөлім
Жаңа материалды меңгерту
Түсіндіру
Жаңа тақырып бойынша дайындалған слайд арқылы Paint графикалық редакторының негізгі мүмкіндіктері мен сурет салу құралдары түсіндіріледі.
Оқушыларға топтық тапсырма беріліп, практикалық дағдылар бекітіледі.
Жаңа сөздер (3 тілде)
Ескерту: Кейбір терминдердің ағылшын тіліндегі баламасы қолданылатын бағдарлама нұсқасына қарай өзгеруі мүмкін.