Сөз таптарына саяхат
Әбіласанова Гүлнар — Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, №31 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
Бұл сабақ — ойын элементтері арқылы «Сөз таптарына саяхат» тақырыбын қайталап, оқушылардың білімін жүйелеуге арналған. Негізгі идея: Қазақстанмен шектес бес елге «саяхат» жасап, әр бекетте белгілі бір сөз табына қатысты тапсырмалар орындау.
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Сабақтың тақырыбы
Сөз таптарына саяхат
Сабақтың түрі
Қайталау сабағы
Әдіс-тәсілдер
Түсіндіру, сұрақ-жауап, топтық жұмыс, ойын
Көрнекі құралдар
Оқулық, дәптер, қызыл жұлдызшалар, үлестірмелі парақшалар, интерактивті тақта
Сабақтың мақсаттары
Білімділік
- Сөз таптары бойынша алған білімді нығайту.
- Есте сақтау қабілетін дамыту.
- Шапшаңдыққа, жинақылыққа үйрету.
Дамытушылық
- Ойын арқылы сабаққа қызығушылықты арттыру.
- Сөздік қорды байыту арқылы тілдік дағдыны дамыту.
Тәрбиелік
- Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
- Әдептілік пен сыйластықты қалыптастыру.
- Достық пен ынтымақтастықты нығайту.
Сабақтың басталуы: ұйымдастыру және көңіл күй
Сабақ ұраны
Қайырлы күн, достым,
Қайырлы күн болсын.
Сәрсенбінің күні
Сәттілікке толсын.
Біздің алар бағамыз
Кілең бестік болсын.
Үй тапсырмасын тексеру
- 5-тапсырма (167-бет).
- Ереже бойынша сұрақтар қойып, жауап алу.
Топқа бөлу
Оқушыларға әріптер жазылған парақшалар таратылып, сол әріптерден сөз құрау арқылы үш топтың атауы анықталады:
1-топ
«Жолдау» тобы
2-топ
«Мұқағали» тобы
3-топ
«Бұқарбай» тобы
Әр топ өз атауына байланысты білетіндерін қысқаша таныстырады.
Саяхат сценарийі: бес ел — бес бекет
Сынып «Қазақстан қандай мемлекет?» деген сұрақтан бастайды. Қазақстанның көрші елдері аталып, сол бағыттар бойынша тапсырма-бекеттерге саяхат ұйымдастырылады: Ресей, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан.
Ойындық желі ретінде оқушыларға «Саяхатшы Дара» мультфильмі еске түсіріліп, «Дарамен бірге» жолға шығу ұсынылады.
Бекет 1 — Ресей: зат есім
Сұрақтар арқылы қайталау:
- Зат есім дегеніміз не?
- Зат есімнің сұрақтарын ата.
- Зат есімнің түрлері қандай?
- Көптелу, септелу, жіктелу, тәуелдену ерекшеліктері.
Тапсырма: зат есімдерді тап
Бор, жасыл, кітап, ағаш, қысқа, әдемі, мұғалім, ойнады, гүл.
1-топ
«Кітап» сөзін ауызша септеу
2-топ
«Мұғалім» сөзін жіктеу
3-топ
«Бор» сөзін тәуелдеу
Тапсырмалар орындалған соң интерактивті тақтадан Ресей туралы слайдтар көрсетіледі.
Бекет 2 — Қытай: етістік
Сөзжұмбақ арқылы өтпелі тапсырма
- Үй жануары
- Сан
- Сүт тағамы
- Сөз таптары
- Байланыс құралы
- Тышқан үйі
- Оқу құралы
Шешімі: етістік.
Етістік туралы білімді еске түсіргеннен кейін топтық жұмыс орындалады.
1-топ
«Келді, көрді» сөздерімен сөйлем құра
2-топ
«Барды, айтты» сөздерімен сөйлем құра
3-топ
«Білді, естіді» сөздерімен сөйлем құра
Тақтамен жұмыс: болымсыз етістік жаса
- 1-топ: бар → барма
- 2-топ: кел → келме
- 3-топ: көр → көрме
Тапсырмалардан кейін Қытай елі туралы слайд арқылы қысқаша таныстыру жасалады.
Бекет 3 — Қырғызстан: сын есім
Жұмбақ
Сырты жасыл қап-қатты,
Іші қызыл тәп-тәтті.
Ол не?
Жауабы: қарбыз.
Осыдан кейін сын есім туралы негізгі ұғымдар еске түсіріліп, сөздерді буын түрлеріне ажырату ұсынылады.
Тапсырма: сөздерді буын түрлеріне ажырат
Ақылды, үлкен, жақсы, жаман, әдемі, жайлы, таза.
Қырғызстан туралы слайд көрсетіліп, саяхат жалғасады.
Бекет 4 — Өзбекстан: сан есім
Қызықты есеп
Төлептің төрт ұлы бар. Төрт ұлының адам баласына бір апасы, бір қарындасы бар. Төлептің барлық баласы нешеу?
Жауабы: алтау — тақырып: сан есім.
Сан есім туралы қысқаша түсіндірмеден кейін үлестірмелі парақшалармен жұмыс жүргізіледі: тапсырма мәтінінен сан есімдерді табу.
Өзбекстан елі туралы ақпарат слайд арқылы ұсынылады.
Сергіту сәті
Саяхатқа шығамыз,
Арқамызда дорбамыз.
Әй, бұл кім? Әй, бұл не?
Бұл — тау.
Үстіне шыға алмаймыз,
Астынан өте алмаймыз,
Кеттік тура.
Бекет 5 — Тәжікстан: есімдік және шылау
Есімдік: үш топқа бөлу
Мына, мен, кім, қанша, қашан, мынау, сен, ол, кімдер, нелер, бұл, әне, міне.
Жіктеу есімдігі
мен, сен, ол
Сілтеу есімдігі
мына, мынау, бұл, әне, міне
Сұрау есімдігі
кім, кімдер, нелер, қанша, қашан
Әр топтан бір оқушы шығып, тақтаға өз жіктеуін жазады.
Тәжікстан туралы слайд көрсетілген соң, келесі тапсырмада оқушыларды «түлкі» бөгеп тұрғандай ситуациялық ойын беріледі.
Мәтінмен жұмыс: өлеңнен шылауды тап
Жазғытұры.
Түйе боздап, қой қоздап, қорада шу.
Көбелек пен құстар сайда ду-ду.
Гүл мен ағаш майысып қарағанда,
Сыбдыр қағып, бұраңдап, ағады су.
Өлең авторы: Абай Құнанбайұлы. Тапсырма: өлең ішінен шылауларды табу және қызметін айту.
Қосымша тапсырма: мәтіннен «мен/бен/пен» шылауын анықта
Атасы мен немересінің күні бойы серуендеуіне мүмкіндік туды.
Таңданып әрі қуанып барып есік ашсам — Майра мен папасы тұр.
Қарт пен немересі зәулім үйдің алдына келіп тоқтады.
Алмас үйге қауын мен қарбыз әкелді.
Қорытынды: «мен/бен/пен» — жалғаулық шылау.
Қайту нүктесі — Астана: қорытынды
Соңында «Өз еліміздің астанасы қай қала?» деген сұрақпен саяхат Қазақстанға қайта оралып, Астанаға «сапармен» аяқталады.
Сөз таптарын еске түсіру
Зат есім, сын есім, сан есім, етістік, есімдік, шылау.
«Бес жолды өлең» тақырыбы
1-топ: Ана
«Бес жолды өлең» тақырыбы
2-топ: Сағат
«Бес жолды өлең» тақырыбы
3-топ: Мұғалім
Рефлексия
«Бүгінгі саяхаттан қандай әсер алдыңдар?» — оқушылар өз ойларын айтады.
Бағалау
Оқушылар қызыл жұлдызшаларды санап, қорытынды баға шығарады. Сабаққа үш топ та белсенді қатысып, достық жеңеді.
Үй тапсырмасы
«Көктем» тақырыбына әңгіме жазу.