Шығарманың кейіпкерлерін ата

Сабақтың мазмұны

Бұл сабақта Ғ. Мүсіреповтің «Ананың анасы» әңгімесіне кешенді талдау жасалады: мазмұнын меңгеру, композициясын ашу, кейіпкерлер жүйесін саралау және жазушының тілдік шеберлігін бағамдау.

Блум таксономиясы Топтық жұмыс Сұрақ-жауап

Сабақтың тақырыбы

Ғ. Мүсіреповтің «Ананың анасы» әңгімесіне талдау жүргізу.

Сабақтың мақсаты

Білімділік

  • Әңгіме мазмұнын толық меңгерту.
  • Кейіпкерлер бейнесін ашу.
  • Жазушының тіл шеберлігіне талдау жасау.
  • Өз пікірін ашық айтып, ойды дәлелдеуге үйрету.

Тәрбиелік

  • Ананың балаға деген киелі махаббатын ұғындыру.
  • Ананы құрметтеуге, қадірлеуге тәрбиелеу.

Дамытушылық

  • Топтық жұмыс мәдениетін дамыту.
  • Бір-бірінің пікірін тыңдай білуге үйрету.

Сабақтың түрі

Блум таксономиясына негізделген сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері

Сұрақ-жауап, оқулықпен жұмыс, талдау.

Көрнекілік

«Аңыз адам» журналы айдарлары үлгісінде ұйымдастырылған тапсырмалар.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру

  • Қағаз қиындылары арқылы оқушыларды топқа бөлу.
  • Топ ережесін белгілеу.
  • Бағалау парағы мен кері байланыс парақшаларын тарату.

I. «Зерделі сұрақ, дәлелді жауап»

Білу

Үй тапсырмасын тексеру сұрақтары:

  1. Шығарма мазмұнына қысқаша шолу жаса.
  2. Шығарманың кейіпкерлерін ата.
  3. Шығарманың тақырыбы мен идеясы туралы айт.

II. «Білім көкжиегі»

Түсіну

Әңгімені мазмұндық тұрғыдан түсіну арқылы оқиғалардың өзара байланыста өрбитінін байқаймыз. Енді шығарманы құрылысына қарай талдаймыз.

Композициялық талдау

Шығарма композициясы: экспозиция, байланыс, шиеленіс, шарықтау шегі, шешім.

Экспозиция

Әйтілестің әңгімесі.

Байланыс

Жалпақтың Ергенекті еліне аттануы, қалың жылқы жайы.

Шиеленіс

Жылқышының мерт болуы. Қуғыншы ананың әрекеті.

Шарықтау шегі

Ананың сөзі. Кейкінің үкімі.

Шешім

Ана мен қызына бостандық берілуі.

III. «Адами қасиеттер»

Қолдану

Тапсырма: шығармадағы басты кейіпкерлердің бейнесін ашу, мәтіннен дәлел келтіру.

Ана

Сонардың қызы. Он бес жасында бас бостандығынан айырылып, күңдікке берілген. Қорлық пен әділетсіздікті көрсе де, қорықпай қууға шығып, құдіретті сөзімен батырларды тоқтатып, қызын аман алып, еліне қайтады.

Жалпақ

Керей руының батыры. Ергенекті елінен кегін алуға намыстанып аттанады; алдын болжай білетін, даланың ер мінезді азаматы. Ананың сөзін адамгершілікпен түсініп, мейірім танытады.

Кейкі

Аяушылық пен мейірімнен жұрдай, байдың қолшоқпары ретінде сипатталатын қатал бейне.

IV. «Жазушы шеберлігі»

Талдау

Тапсырма: шығарманың тілдік ерекшеліктерін анықтап, мысалдар арқылы дәлелдеу. Сонымен бірге ананың анасына және барлық аналарға деген жылы ықыласты білдіретін ой айту.

Портрет

Әйтілес: «аппақ», «ақ қарбас», «соқыр», «балуан бармақты».

Метафора

«Қара таңба бір қара көрінді».

Эпитет

«Кең өмір», «сарғылт көңіл», «жалпақ жаз», «ескі күндер», «қалың жылқы».

Теңеу

«Іркіт сабасындай», «жауырыны қақпақтай», «жұдырығы тоқпақтай», «оқтаудай ойнау».

Тұрақты тіркестер

«Ат құлағында ойнау», «болат жүрек», «көз салу», «тірегі сыймау», «қабаттан қан жауу».

Географиялық атаулар

Үркер, Шолпан.

Антонимдер

«Оң – сол», «өлі – тірі», «ашу – жұму» (сұрақ-жауап арқылы талқылау).

V. «Ақиқатын айтайық!»

Жинақтау

Айдар форматы: әңгіме желісі бойынша сұхбат және пікірталас.

  1. Шығарманың «Ананың анасы» деп аталуын дұрыс деп санайсың ба? Неліктен осылай аталған?
  2. Ана неге Жалпақ балуанға ілесіп кетпеді деп ойлайсың? Себептерін өз пайымыңмен дәлелде.
  3. Шығарма қандай оқиғамен аяқталды? Автор шешімімен келісесің бе, әлде басқаша аяқтар ма едің?

VI. «Хат жазыңыз»

Бағалау

Тапсырма: ананың анасына және барлық аналарға арнап, ыстық ықылас пен алғысқа толы хат жазу.

Қорытынды

Бүгін біз Ғ. Мүсіреповтің «Ананың анасы» әңгімесіне жан-жақты талдау жасадық. Әр топ өз көзқарасын ортаға салып, дәлелдеп сөйлеуге талпынды. Ананың өмірдегі орнының айрықша мәнін және балаға деген махаббаттың шексіздігін терең сезіндік. Ана — өмірдегі ең құдіретті жан. Оны сыйлау мен ардақтау — әр ұрпақтың парызы.

Үй тапсырмасы

«Сен менің жалғызымсың», «Айға ұқсаған» тақырыптарының бірін таңдап, ойтолғау жазып келу.

Бағалау және рефлексия

  • Бағалау парағын толтырып, тақтаға ілу.
  • Кері байланыс парағын толтыру.