Ішетін суды залалсыздандыру
Суды тазалау үшін әртүрлі тәсілдер қолданады: қайнату; ультра күлгін сәуле түсіру, химиялық заттар және басқалар. Ең кеңінен тарағаны хлорлау, сол үшін де бос газ тектес хлорды немесе хлорлы әктің I процент ерітіндісін пайдаланады. Активті хлордың дозасы судың былғану деңгейіне қарай айқындалады және ол 0,5-тен 25 мг /І л суға/, кейде бұдан да жоғары болады.
Активті хлордың суға әсер ету уақыты да әртүрлі:
15-20 минуттан 1-2 сағатқа дейін.
Активті хлордың дозасы және байланысу уақыты да бірқатар себептерге байланысты:
а/ суды хлорлау үшін қажетті хлордың мөлшеріне;
б/ суда инфекцияның болуы;
в/ суды жедел залалсыздандыру нәжеттілігіне және басқалары
Хлорлы әкті залалсыздандыруға пайдаланатын судың активті бөлігі - кальций гипохлориді - хлор мен оттегіне ыдыраушы, бөліну кезінде стерилдеуші тиімділік беретін өте ықпал етуші ионды іске қосады.
Хлорлы әктегі көрсетілген құрамдас беліктердің арақатынасы тұрақты емес. Көмір қышқылды ылғалды ауаның, жарықтың және жоғары температураның ықпалымен хлорлы әк құрамдас бөліктерге жеңіл ыдырап, активті хлорды жоғалтады. Сондықтан да қолданар алдында ондағы активті хлордың қанша процент барын міндетті түрде тексеру керек.
Жақсы әкте ең кші 32-34 процент хлор болуы тиіс. Хлор 26 проценттен төмен болса хлорлы әк суды залалсыздандыруға жарамайды.
5.3.3. Хлорлы әктегі активті хлорды аңықтау .
Реактивтер мен жабдықтар: I проидант хлорлы әктің ерітіндісі, күкірт қышқылының 25 проценті ерітіндісі, иодты калийдің 5 процент ерітітндісі, крахмалдың I процент ерітіндісі, гипосульфаттың 0,01 N ерітіндісі, титрлеу үшін 250 мл колба, бюреткалары бар штатив.
Зерттеу тәртібі
Колбаға I процент хлорлы әк ерітіндісінің 5 мл құяды, оған 25 процент күкірт қышқылының I мл, 5 проценттік иодты калийдің 5 мл., I процент крахмал ерітіндісінің I мл, 50 мл дистилді су қосады.
Бөлінген иод пен крахмал көк түске бояйды. Қоспаны түс- Сіө болғанға дейін 0,01 N гипосульфат ерітіндісімен титрлейді. Активті хлордың проценттік құрамының есебі /Х/ мынадай формуламен анықталады:
Мұндағы: а - титрлеуте кеткен гипосульфаттың миллилитр мөлшері.
5 - анализ үшін алынған I процент хлорлы әк ерітіндісінің мл мөлшері. 0,355 - гипосульфаттың 0,01 етітіндісінің I мл байланысты активті хлордың миллиграмм мөлшері.
10 - активті хлордың миллиграмдарын мұндай жағдайда процентке алмастыру үшін көбейтуші болып табылады.
5.3.4. Активті хлормен суды залалсыздандыру.
I. Суды хлорлау.
Суды хлорлау оның хлорға қажеттілігіне қарай жургізіледі. Судың хлорды қажетсінуі оның шығу тегіне байланысты және мына төмендегідей цифрлармен көрсетіледі:
а/ артезиан скважинасының суы 1-1,2 мг/л.
б/ жоғарғы жиектегі құдық суы 1,5-2 мг/л.
в/ ағынды өзен суы 1,5-2 мг/л.
г/ ылайлы, түрлі түсті өзен суы 2,5-3 мг/л.
д/ түрлі түсті ылайлы көлшік суы 3-4 мг/л.
е/ батпақты суда 5 мг/л және одан да көп.
Залалсыздандыру үшін I л суға судың былғану дәрежесіне - қарай активті хлорды қосады.
Ағынды өзен судың 100 литрін залалсыздандыру үшін I литр суға 2 мг активті хлор қажет делік. Сонда 100 литр суға қанша активті хлор керек? Яғни 100x2=200 мг активті хлор керек енен.
Ал енді біздің шаруашьшықтағы хлорлы әктің I процент ерітіндісіндегі әрбір миллилитрі 2,6 мг активті хлорға сәйкес делік. Сонда 200 мг активті хлорды алу үшін 200:2,6=75,9 мл шаруашылықтағы хлорлы әктің I проценті ерітіндісін сол 100 литр суға қосу керек болады екен.
Тұндыру. Суға хлор ерітіндісін қосқаннан кейін 30 минуттан 2 сағатқа дейін, оның былғаныштығы дәрежесіне қарай, тұндырып қою керек.
2. Хлорланған судағы хлор қалдықтарын анықтау.
Сыйымдылығы 250 мл колба алып, оған 200 мл хлорланған су құяды. Бұдан кейін колбаға 5 тамшыдан мынадай ерітінділер құяды: күкірт қышқылының 25 процент ерітіндісі, иодты калийдің 5 процент ерітіндісі, крахмалдың I процент ерітіңдісі. Колбадағы судың ерітіндісі көк түске боялады, олай дейтініміз бөлінген бос иод крахмалмен бірге көк бояу береді. Колбадағы судың ерітіндісі бюреткадан гипосульфаттың 0,01 N ерітіндісімен жоғалғанша титрлейді. Соңынан титрлеуге кеткен гипосульфаттың 0,01 N ерітіндісін есепке алып, хлорланған судың I литріндегі активті хлордың мөлшерін анықтайды.
Хлорланған суда қалдың хлордың мүмкін мөлшері 0,2 мг-нен ал далалық жағдайда тіпті 0,4-0,5 мг/л аспауы тиіс.
3. Суды хлорсыздандыру. Хлорланған суда хлор қалдықтары I литр суда 0,5 мг аспауы тиіс.
Егер хлорланған суда хлор қалдықтары белгіленген нормадан жоғары болса /0,5 мг I л суға/, онда суды хлорсыздандыру тәсілі жүргізіледі.
Суда- хлорландыру кезінде ондағы активті хлор қалдықтары /реакцияға түсе қоймаған/ кетіру үшін гипосульфаттың көмегімен хлорсыздандыру жүргізеді.
Суды хлорсыздаңдыруды хлорлы судағы қалдық хлорды анықтау сияқты әдіспен жүргізеді. Ал гипосульфаттың қажеттілік мөлшерін анықтау үшін мынандай формуланы пайдаланады:
Мұндағы: X - зерттелетін судың I литріндегі хлордың артық мөлшерін кетіруге қажетті гипосульфаттың /мг/ мөлшері.
а - 200 мл судағы артық хлорды кетіру үшін жұмсалған 0,01 гипосульфатының мл мөлшері.
5 - I л келтіруге арналған көбейткіш.
2,48 - оның 0,05 ерітіндісіндегі I мл-дегі гипосульфаттың мөлшері, мг.
0,5 - I л судағы активті хлордың мүмкін мөлшері, мг.
Неғұрлым сенімді суды залалсыздандыру үшін мыналар талап етіледі: хлорланған суда әрдайым қалдық хлоры ең кемі 0,2 мг/л мөлшерінде болуы тиіс. Бірақ 0,5 мг/л аспағаны жөн. Онсыз судың дәмі жағымсыз болып, хлордың иісі күшті шығып тұрады.
Бақылау сұрақтары:
1. Ішуге арналған суды залалсыздаңдыру үшін қандай тәсіл қолданылады?
2. Хлорлы әктің активті бөлігін және ондағы стерелизациялық тиімділігі бар ионды атап көрсетіңдер?
3. Хлорлы әктегі активті хлорды анықтау үшін қандай реактивтер қолданылады?
4. Хлорлы әктегі активті хлорды анықтау тәсілі.
5. Хлорланған судағы хлор қалдықтарын анықтау тәсілі.
6. Жұмыс атының гигенасы.
Жұмысқа тайдаланып жүрген жылқыларға қатысты негізгі зоо-гигиеналық талаптардың мақсаты: азықтандыру мен суару ережесі, жұмыс күшін және жұмыстың ұзақтығын тиімді пайдалану, малды өзіне лайықты тура келетін ат сайманмен әбзелдермен /жүрген, ер-тұрман, шілия, өмілдірік, құйысқан т.с.с/ қамтамасыз ету және оны күтімділеу барысында қажетті мөлшерлі талаптарды орындау болып табылады.
6.1. Жұмыс атының жұмысын мөлшерлеу.
Жылқыларды жұмысқа дұрыс пайдаланғанда ғана жоғары өнімділік пен олардың денсаулығын сақтауға болады. Бірішіден жұмыс мөлшері жұмыс атының күшіне және оның жасына сәйкес болуы керек. Жұмыстың шамадан тыс болуы өнімділікті төмендетіп, ат ауруға шалдығады. Экономикалық көзқарас тұрғысынан алып қарағанда да малды жұмысқа толық пайдаланбау жағының дұрыс еместігі ескерілген.
Жылқыны денсаулығына зиян келмейтіндей ең, жоғарғы жұмыс жасау қабілеттілігі мынадай жағдайларға байланысты:
1. Массасы, жасы мен жылқының қондылығы;
2. Жұмысқа даярлық пен жаттығуы;
3. Ат сайман мен әбзелдерің дұрыс дайындау мен ақаусыз ұстау;
4. Жұмысқа пайдалану ережесі /жұмысты алмастыру, азықтандыру мен демалдыру/;
5. Ауа райына, жол сапасы мен жер бедеріне байланысты;
6. Жылқының денсаулығын анықтаушы физиологиялық факторлар. Жылқының жұмысын екі көрсеткішпен анықтайды: жүкті тарту күші мен жүрген жолының қашықтығы. Күші немесе тарту күші дегеніміз аттың ауылшаруашылық жабдықтары мен жүкті тасымалдау кезіңдегі күші болып саналады. Тартылыс күші килограммен, ал жүріп өткен жолы километрмен есептелінеді. Жылқының атқарған жұмыс көлемі тарту күшін жүріп өткен жолына көбейтумен - километрмен, килограмм-километр немесе тонна-километр деп өлшенеді.
Тарту күшін дәл анықтау үшін ат тартатын білік пен арба немесе ауыл шаруашылық құрал-саймаңдарының аралығына бекітілген динамометрді /стрелкалы, өздігінен жазатын/ қолданылады. Тарту күшін аса көп ықпал ететін аттың массасы болып табылады. Жылқы шаруашылығы жөніндегі Бүкілодақтық ғылыми-зерттеу институты жүргізген зерттеулер мәліметіне қарағаңда аттың қадамдап жүргенде қалыпты тарту күші олардың тірідей массасы 13-15 процент болады екен. Мәселен, аттың массасы 600 кг болса - 13 прецент, 500 кг болса - 14 және 400 кр болса 15 процент.
Жылқыларды сол немесе басқа да жұмыстарға пайдалану кезіңде малдың жұмыс қабілеттілігі физиологиялық факторларға /жасы, қоңдылығы, жаттығу, нерв пен қан тамырлары жүйесі, тыныс органы, бұлшық еттері, алдыңғы, артқы аяқтары, тұяқтары т.с.с/ байланыс нысты.
Жылқышылардың жұмысы арбаға жегу, салт атты, жүкті теңдеп та-сымалдау түрінде жүзеге асырылады. Жануарлардың теңдалген жүкті тарту күші оның тірідей массасына байланыста. Жануарлардың үстіне тиелген жүктің салмағы тірідей массасының 25-30 процент, ары кеткенде 35 процент болуы тиіс. АТТЫҢ тарту күшінің екі тәсілмен есептейді:
1. Тірідей массасы бойынша;
2. Аттың шоқтығының биіктігімен;
Тірідей массасы бойынша тарту күшін анықтау мына формуламен есептеледі.
Судың санитариялық-гигиеналық маңызы
Шошқа шаруашылығының маңызы
Табиғи су көздерін санитарлық –гигиеналық тұрғыдан бағалау
Инженерлік жүйелер, желілер мен жабдықтар» пәнінің оқу-әдістемелік кешені
Экологиялық сертификаттау бойынша негізгі баптар
Суды тазалаудың жаңа технологиялары
Мал қораларын залалсыздандыру
Ірі қара малының гигиенасы.Мал қораларына және мал шаруашылық өндірісіне қойылатын санитарлық гигиеналық талаптар
Мегежіндерге арналған қора-жайларға қойылатын ветеринариялық-санитариялық және гигиеналық талаптар
Суда еріген оттегіні анықтау
Судың құқықтық тәртібі және оны қорғау
Дәрумен (Витамин) - адам мен жануарлардың тіршілігіне, олардың организміндегі зат алмасудың бірқалыпты болуы үшін аз мөлшерде өте қажетті биологиялық активті органикалық қоспалар
Қалыптасудың барлық сатыларын бастан кешірген ана тіліміз - мейлінше жетілген ұлттық тіл
Қасқыр судың жоғарғы жағында, қозы төменгі жағында тұрып, су ішеді
Зақымданған жердегі қандай суды пайдалануға болады
Залалсыздандырудың механикалық әдісі
Залалсыздандырудың химиялық әдісі
Залалсыздандырудың физикалық әдісі
Жетісудың біраз жері