Өткен сабақты қайталау арқылы оқушылардың білімін тиянақтау
8-сынып математика
Сабақтың тақырыбы: квадрат теңдеулерді формула бойынша шешу тақырыбын қайталау.
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Өткен сабақты қайталау арқылы оқушылардың білімін бекіту. Формулаларды есте сақтауға, жаттауға және қолдануға үйрету.
Дамытушылық
Ойлау қабілетін дамыту арқылы оқушылардың таным көкжиегін кеңейту.
Тәрбиелік
Оқушыларды жылдам ойлауға және ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақ туралы қысқаша ақпарат
Сабақтың түрі
Қайталау сабағы.
Сабақтың типі
Өткен сабақты пысықтау.
Сабақтың әдісі
Топтық жұмыс, «Сто» бағдарламасы.
Көрнекілігі
Компьютер.
Сабақтың өту барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Топтық жұмысОқушылар 4 топқа бөлінеді. Әр топ өздерін таныстырады.
«Ұшқырлар» тобы
Кітапты алып қолына,
Берілген ғылым жолына.
Есепті шешу түк емес,
Ұшқырлардың тобына.
«Алғырлар» тобы
Білімге толы санамыз,
Есепке жүйрік баламыз.
Қиналмай-ақ шешімін,
Табатын алғыр баламыз.
«Тапқырлар» тобы
Тапқырлар биіктерге қалықтайды,
Есеп десе ешқашан жалықпайды.
Жеңіс туын желбіретіп, биік ұстап,
Теңдеудің түбірлерін анықтайды.
«Жүйріктер» тобы
Есептеу құпиясын ойға іліп,
Есептің шығарылар жолын біліп.
Бұл топта суырылып талай бала,
Шығады мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік.
2) Үй тапсырмасын тексеру
Үй тапсырмасының орындалуы тексеріледі, негізгі формулалар мен шешу қадамдары қысқаша қайталанады.