Жеңімпаздарды марапаттау

Мақсаты

  • Оқушылар мен ұстаздардың денсаулығын нығайту, белсенділігін арттыру және ептілік, шапшаңдық, батылдық, күш-қайрат деңгейін байқату.
  • Спортқа деген қызығушылық пен сүйіспеншілікті күшейту.
  • Салауатты өмір салтын насихаттау.

Түрі

Эстафеталық жарыс

Өтетін орны

Спорт залы

Қажетті құрал-жабдықтар

Үлкен доптар Кіші доптар Кедергілер Қалақтар Шығыршықтар Кіші сөмкелер Арқан Скакалка Қасық Тәрелке Стақан Су

Өтілу барысы

I. Ұйымдастыру бөлімі

Жүргізушінің сөзі

Шынықсаң шымыр боласың,

Сауығып айдай толасың.

Спортты серік ете біл,

Жақсы азамат боласың.

Жеңімпаз болу оңай ма,

Арман болған талайға.

Болмасаң да ұқсап бақ,

Жарысқа түсіп, қалай да.

Әуенмен спортшыларды салтанатты түрде қарсы алу.

II. Негізгі бөлім

Қош келдіңіздер

Құрметті ұстаздар, оқушылар және жанкүйерлер! Бүгін «Оқыса білім бұлағы, білімді елдің ұланы» атты жазғы лагерьге қатысушы оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған «Шынықсаң шымыр боласың» спорттық сайысымызға қош келдіңіздер!

Көңілді жарысқа МЛ-12 тобының оқушылары қатысады.

Қатысушыларды ортаға шақыру

Әр топ сап түзеп, өз орындарына орналасады.

Әділқазылар алқасы

Сайыс басталар алдында әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен таныстыру жүргізіледі.

Бағалау жүйесі

Сайыс 5 балдық жүйемен бағаланады. Әр топ төмендегі турлар бойынша сайысқа түседі.

Турлар тізімі

  1. 1 Таныстыру
  2. 2 Кенгуру
  3. 3 Таяқша ойыны
  4. 4 Фут-зал ойыны
  5. 5 Доппен жарыс
  6. 6 Секірме (скакалка)
  7. 7 Қаңбақ (логикалық сұрақтар)
  8. 8 Ептілік – жылдамдық
  9. 9 Навигатор (арқан тарту)

Құрметті сайыскерлер, сәт сапар! «Рахмет!» (хормен)

1-тур: Таныстыру

Жалын тобы

Ұран: «Жалындаймыз, жанамыз, біз спортшы боламыз!»

Қыран тобы

Ұран: «Біз биіктен самғаймыз, қарсыластан қалмаймыз!»

Әділқазыларға сөз беріледі.

2-тур: Кенгуру

Шарты: топ мүшелері допты екі аяқтың арасына қысып ұстап, кедергілер арасымен айналып өтіп, белгіленген жерден кері қайтады.

3-тур: Таяқша ойыны

Шарты: бірінші ойыншы таяқшаны алып жүгіріп барып, белгіленген жерге қояды, межені айналып келеді де, келесі ойыншыға кезек береді.

4-тур: Фут-зал ойыны

Шарты: топ мүшелері допты жерге соғып (дриблинг жасап) жүріп, белгіленген межеге барып, кері айналып, бастапқы орынға қайта оралады.

5-тур: Доппен жарыс

Шарты: бірінші ойыншы екі баскетбол добын қолтығына қысып, межеге дейін жүгіріп барады. Бір допты сол жерде қалдырып, екінші допты кері әкеліп келесі ойыншыға береді. Келесі ойыншы бір доппен барып, екінші допты алып қайтады. Ойын осылай жалғасады.

6-тур: Секірме (скакалка)

Шарты: топ мүшелері скакалкамен шеңберге дейін секіріп барып, шеңберді айналып, кері қайтарда да скакалкамен секіріп келеді.

7-тур: Қаңбақ (логикалық сұрақтар)

Шарты: топ басшылары ортаға шығып, логикалық және жылдам есеп сұрақтарына жауап береді. Көп дұрыс жауап берген басшы өз тобына ұпай әкеледі.

I топ басшысына

  1. 20 ÷ 5
  2. 54 ÷ 6
  3. 56 ÷ 8
  4. 72 ÷ 9
  5. 63 ÷ 7
  6. 36 ÷ 9
  7. 48 ÷ 8
  8. 27 ÷ 9
  9. 28 ÷ 4
  10. 32 ÷ 4
  11. Ауаның қозғалысы
  12. Жердің серігі
  13. Қойдың төлі
  14. Қосылғыштардың мәні
  15. Заттың санын білдіретін сөз табы
  16. Қыста су неге айналады?
  17. 1 сағатта қанша минут бар?
  18. 12 айды бір сөзбен ата
  19. Наурыз көжеге қосылатын дән
  20. Ата-анасының бірінші баласы

II топ басшысына

  1. 20 ÷ 5
  2. 54 ÷ 6
  3. 56 ÷ 8
  4. 72 ÷ 9
  5. 63 ÷ 7
  6. 36 ÷ 9
  7. 48 ÷ 8
  8. 27 ÷ 9
  9. 28 ÷ 4
  10. 32 ÷ 4
  11. Бес тышқанның құлағы қанша?
  12. Жеті сиырдың мүйізі неше?
  13. Төрт үстелдің аяғы неше?
  14. Екі қолыңдағы саусақ қанша?
  15. Оң қолыңдағы саусақ саны
  16. Айырмаға азайтқышты қосқанда не шығады?
  17. Екіге бөлінетін сандар қалай аталады?
  18. Түтін шығатын қондырғы
  19. Қыста болатын ызғарлы суық
  20. Қалың ағаш өсетін жер қалай аталады?

Ескерту

Жауаптар сайыс барысында ауызша қабылданады, бағалауды әділқазылар жүргізеді.

8-тур: Ептілік – жылдамдық

Шарты: тәрелкеге су құйылады. Қасықпен суды стақанға тасып, 60 секунд ішінде мүмкіндігінше көп су жинау керек. Кімнің стақанында су көп болса, сол топ жеңеді.

9-тур: Навигатор

Шарты: топ мүшелері арқан тартыс ойынында күш пен ұйымшылдықты көрсетеді.

III. Қорытынды бөлім

Жүргізушінің қорытынды сөзі

Жарыс заңы ежелден — жеңімпазды анықтау.

Жеңімпаз болу шарты сол — еңбектену, жалықпау.

Біреу озса сайыста, біреу артта қалады.

Жеңілгендер ренжімей тарқаса — бізге жарасады.

Енді барлық турдың қорытынды ұпайы есептеліп, марапаттау рәсіміне кезек беріледі. Марапаттау сөзін әділқазылар алқасы ұсынады.

Жеңімпаздарды марапаттау

Үздік нәтиже көрсеткен командалар мен қатысушылар марапатталады.