Бір сөзбен қалай айтамыз - сөз таптары
Сабақтың мазмұны
Тақырып
Сөз таптары. Зат есім
Сабақ түрі
Жаңа сабақ
Мақсаты
Оқу және жазу дағдыларын қалыптастыру, жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуына мүмкіндік жасау.
Міндеттері
Білімділік
- Сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру.
- Сөз таптары және зат есім туралы түсінікті жүйелеу.
Дамытушылық
- Сөйлемдерді сауатты жаза білу қабілетін дамыту.
- Сөз таптарын ажырата білу дағдысын дамыту.
Тәрбиелік
- Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
- Ұйымшылдыққа баулу.
Құрал-жабдықтар мен әдістер
Көрнекіліктер
- Қималы карточкалар
- Сызбалар
- Борсық пен құстардың суреттері
Әдіс-тәсілдер
- Жұптық жұмыс
- Топтық жұмыс
- Өзіндік жұмыс
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру және өткенді қайталау
Кіріспе- 1 Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
- 2 Өткенді қайталау: 3 оқушы тақтаға шығып, сөйлемді жалғастырады.
Сөйлемдерді жалғастыруға арналған тірек сұрақтар
Айналаңа бір сәт зер салып қарашы. Сені жан-жағыңнан заттар қоршап тұр. Осы заттардың атын білдіретін сөздерді … дейміз.
Заттардың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөздер … деп аталады.
Заттар әр түрлі белгілерге (түрі, түсі, сапасы, саны) ие. Тілімізде мұндай белгілер … және … арқылы беріледі.
Сөйлемдерде не туралы айтылды? Зат есім, етістік, сын есім, сан есім. Бір сөзбен: сөз таптары.
2) Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру
Жаңа білімДәптермен жұмыс
Каллиграфиялық минут: әріп элементтерін көркем жазу.
Суретпен жұмыс
Суреттерге қара. Құстардың атын білмеген жағдайда, оларды анықтау үшін қандай сұрақ қоясың? Ал басқа суреттердегі заттарға қандай сұрақтар қоясың?
Оқушы жауабы үшін орын:
Сергіту сәті
Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары орындалады.
3) Жаңа білімді бекіту
Бекіту3-жаттығу: кестені толтыр
Берілген сөздерді сөз таптарына бөліп жаз: жұлдыз, тау, ата, көк, екі, үлкен, ақын, жеті, жуынды, жүзді, жасыл, әке.
| Зат есім | Етістік | Сын есім | Сан есім |
|---|---|---|---|
4-жаттығу: екі топқа бөліп жаз
Берілген сөздерді зат есім және етістік болып екі топқа бөліп жаз.
Мәтінмен жұмыс (146-бет)
Мәтінді көшіріп жаз. Зат есімдерді тауып, астын сыз. Әр зат есімге сұрақ қой.
5-жаттығу: бір сөзбен ата
Түйе, жылқы, сиыр, ешкі — …
Сұрақ қой: кім? не?
Кесе, тәрелке, қазан, ожау — …
Сұрақ қой: не?
Қияр, қызанақ, қызылша, орамжапырақ — …
Сұрақ қой: не?
6-жаттығу: оқу және талдау
145–146-беттер бойынша мәтінді оқып, талдау жаса.
4) Үй тапсырмасы
Үй жұмысы- Оқулықтағы тиісті жаттығуларды орындау.
- Ережелерді қайталау және жаттау.