Топтау сан есім қатысқан сөйлемді тап
Өскемен қ, №36 орта мектептің
қазақ тілі мұғалімі
Алимханова Дина Жиенбекқызы
Тест жұмысы (сан есім)
1. Есептік сан есім нені білдіретінін белгілеңіз
А) Заттың санын топтап көрсетеді
В) Заттың санын жинақтап көрсетеді
С) Заттың санын білдіреді
Д) Заттың реттік санын білдіреді.
Е) Заттың түрін білдіреді
2. Жинақтау сан есімнің сұрағын көрсет
А) нешеу?
В) нешінші?
С) неше?
Д) нешеден?
Е) нешеге жуық?
3. Сан есім қалай аударылатынын тап
А) имя существительное
В) глагол
С) наречие
Д) имя числительное
Е) союз
4. Сан есімді сөз тіркесін табыңыз
А) күміс қасық
В) алтын сағат
Д) екі жолдас
С) ағаш күрек
Е) жібек жолы
5. Бөлшектік сан есімді көрсетіңіз
А) бестен екі
В) он екі
Д) қырықта
С) елуінші
Е) үшеу
6. Сан есімнің сұрағын табыңыз
А) кім? Не?
В) қандай? Қай?
Д) неше? Қанша?
С) кімнің? Ненің?
Е) кімге? Неге?
7. Жинақтау сан есімнің сұрағын көрсетіңіз
А) неше?
В) нешеден?
Д) нешінші?
С) нешеге жуық?
Е) нешеу?
8. Сөйлемде сан есімнің қандай қызмет атқарады.
Бірінші байлық – денсаулық.
А) баяндауыш
В) пысықтауыш
Д) бастауыш
С) анықтауыш
Е) толықтауыш
9. Көп нүктенің орнына керекті сан есімді жазыңыз. ...... қырлы, ............сырлы
А) Төрт, үш
В) Сегіз, бір
Д) Тоғыз, алты
С) Екі, бес
Е) алты, жеті
10. Дұрыс жазылған сан есімді көрсетіңіз
А) Жиырмабес
С) 5 сынып
Д) 7-қазан
В) 25 ке толды
Е) оналты
11. Есептік сан есімді табыңыз
А) екеу
В) бесеу
Д) төрт
С) екі жарым
Е) жүздеген
12. Сан есім мағынасына қарай нешеге бөлінеді?
А) 4
В) 2
Д) 6
С) 3
Е) 5
13. Жинақтық сан есімді тап
А) сегіз
В) төрттен бір
С) жетеу
Д) бір
Е) үшінші
14. 2 санынан жинақтық сан есім жасайтын жұрнақты көрсет
А) – дан
В) – ні
Д) – нші
С) – тен
Е) – еу
15. Топтау сан есіміні көрсет
А) үштің бірі
В) жүзінші
Д) жүз-жүзден
С) жетеу
Е) мыңдап
16. Тиісті сан есімді қой. Жеті рет өлшеп ...рет кес.
А) бір
В) біреу
Д) бірінші
С) жетінші
Е) жеті
17. Күрделі сан есімді табыңыз
А) мыңдап
В) екеу
Д) елулерде
С) екі бүтін оннан үш
Е) бірінші
18. Бөлшектік сан есімді белгілеңіз
А) елудей
В) тоғыздан төрт
Д) отызыншы
С) бірер
Е) бесеу
19. Есептік сан есімді белгілеңіз
А) алтау
В) сегізінші
Д) ондаған
С) бес-бестен
Е) үш жүз
20. Күрделі сан есімді көрсетіңіз
А) жеті
В) жиырма бір
Д) екі
С) тоғыз
Е) бес
21. Жинақтық сан есімге тән жұрнақты көрсет
А) –ыншы, -інші
В) –тан – тен
Д) – дай, -дей
С) –ау, -еу
Е) –лық, - лік
22. – ыншы жұрнағы жалғанатын сан есімді тап
А) бес
В) он сегіз
Д) он
С) жиырма алты
Е) бір
23. Сан есім дегеніміз не?
А) Заттың түсін білдіреді
С) Заттың санын білдіреді
Д) Заттың реттік санын білдіреді.
Е) Заттың түрін білдіреді
24. Сан есім орыс тіліндегі баламасын тап
А) имя существительное
В) имя прилагательное
С) имя числительное
Д) наречие
Е) глагол
25. Топтау сан есім қатысқан сөйлемді тап.
А) Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген.
В) Оның жасы қырықтарда
С) 1910ж. Бақытсыз Жамал романы шықты.
Д) Бір қатарға он-оннан тізіле қалды.
Е) Үш өлшем бар: биіктік, тереңдік, кеңдік.
Белгісіз жақты сөйлем
Сөз таптарын топтастыру
Бір құрамды сөйлемдер
Логопедиялық тексеру жұмыстары
Есімді сөз тіркесі етістікті тіркес
Бастауыш мектепте сан есім мен етістікті байланыстыра оқыту
Қазақ тіл біліміндегі сөйлем мүшелерін оқыту
Бастауыш сыныптардың 4-сыныбында синтаксистік материалдарды оқыту
Грамматикалық анықтамалардан кейін қолданылатын жаттығулар
М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы есімді сөйлемдер
СӘБИТҰЛЫ АСАНҚАЙҒЫ
ШЫҒАЙҰЛЫ ЕСІМ ХАН
ТОҚТЫБАЙҰЛЫ САҢЫРЫҚ
Валюта нарығындағы валюталық реттеудің нысаны мен әдістері
Бюджет балансы және бюджет тапшылығы
Бюджет тапшылығын қаржыландырудың жолдары. туралы
GRAPH кітапханасын қолдану
Философия және саясаттану факультетінің 2006 жылы 19 желтоқсандағы Ғылыми кеңесінің мәжілісінің № 3 хаттамасынан
Жұмыспен қамтылған халық санын жай арифметикалық орташа шама әдісімен талдау
Бюджет тапшылығының проблемалары және бюджет тапшылығының болу себептері , оны төмендетудің әдістері .