Көлік жүретін жолдар

Сабақ туралы қысқаша

Сынып

1-сынып

Тақырып

Жолаушы

Сабақтың мақсаты

  • Жол ережелері мен белгілерін есте сақтауға үйрету.
  • Жолда жүргенде ережені сақтап, оң жақпен жүруге тәрбиелеу.
  • «Жолаушы» ұғымын түсіндіру, көлік түрлерімен таныстыру.

Көрнекіліктер

  • Интерактивті тақта
  • Слайдтар

Не білу керек

Жолаушының негізгі ережелерін білу.

Не істей білу керек

Жолаушы болған кезде қауіпсіздік ережелерін орындау.

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру

  • Сәлемдесу.
  • Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру.

2) Үй тапсырмасы

Түрі

Ауызша сұрау

Түрі

Ашық тест (жазбаша)

Ашық тест сұрақтары

  1. Көше дегеніміз не?
  2. Көше қиылысы дегеніміз не?
  3. Қаладағы көлік түрлері қандай?
  4. Ауылдағы көлік түрлері қандай?
  5. Бағдаршамның міндеті қандай?

Жауаптары

  1. Көлік жүретін жол.
  2. Көшелердің бір-бірін қиып өтуі.
  3. Троллейбус, автобус, пойыз, жеңіл көлік, ұшақ.
  4. Ат, ат-арба, ат-шана, трактор, түйе, комбайн.
  5. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің жолдан дұрыс өтуін реттейді.

Жағдаяттық тапсырма

  1. Аян үйден шығып, мектепке қарай келе жатыр. Жолдан өтіп бара жатқанда танымайтын адам көлігін тоқтатып: «Кел, балақай, баратын жеріңе апарып тастайын» деді.

    Сұрақ: Аян не істеуі керек?

  2. Аян мектепке келді. Мектепте мына сөздерді көріп, ойланып қалды. Көмектесейік: мағынасына сәйкес келмейтін сөзді алып тастайық.

    Қарға, жолбарыс, торғай

    Балға, орындық, күрек

    Түйе, лақ, жылқы

    Қызанақ, алма, сәбіз

    Дәптер, уық, кітап

    Қасқыр, түлкі, шымшық

    Ыдыс, мұғалім, тігінші

    Нәтиже

    Артық сөздерді қосып оқығанда бүгінгі тақырып шығады: Жолаушы.

Жаңа тақырып: «Жолаушы»

Талқылау сұрақтары

  1. Жолаушы деген кім?
  2. Жолаушы немен жүреді?
  3. Көліктер не үшін керек?
  4. Қала мен ауылдағы көліктерді атай аласыңдар ма?
  5. Өздерің осы көліктердің қайсысына міндіңдер?

Үйден мектепке дейінгі жол (мысалдар)

  • Хамзаева Лана — машинамен.
  • Кылышбаева Аружан — пойызбен.
  • Диас — автобуспен қалай келетінін айтып, түсіндіреді.
  • Мурзагалиева Аружан — микроавтобуспен.

Мәтінмен жұмыс

Түсініксіз сөздерді белгілеп отырыңдар, қажет жерде мұғалім түсіндіреді.

Оқу түрлері

  1. Іштей оқу (өз бетімен).
  2. Дауыстап оқу (мұғалім немесе оқушы).
  3. Дауыстап оқу (кезекпен).

Теріп оқу тапсырмалары

  1. Көлік туралы айтылған сөйлемдерді тап.
  2. Жолаушылардың не себепті жолға шығатыны туралы сөйлемдерді тап.
  3. Ұшақ туралы айтылған сөйлемді тап.
  4. Нақыл сөзді тап.

Сөздік жұмыс

Ат-арба
Жаз мезгілінде атқа арбаны жегу.
Ат-шана
Қыс мезгілінде атқа шананы жегу.

Мәтін мазмұнын түсіну сұрақтары

  1. Жолаушылар қайда барады? (Алысқа сапар шегеді.)
  2. Олар немен жүреді? (Машинамен, атпен, түйемен; жазда ат-арбамен, қыста ат-шанамен.)
  3. Олар не үшін жолаушылайды? (Біреулер алыстағы туыстарына барады, біреулер сауда жасау үшін барады.)
  4. Алыс жерлерге қандай көлік түрлерімен барады? (Ұшақпен немесе пойызбен.)
  5. Алыс ауылдар мен қалалар арасына қандай көлік қатынайды? (Автобус.)
  6. Баратын жерге тез жету үшін қай көлік тиімді? Неліктен?

    Ұшақпен тез жетесің, бірақ билеті қымбат болуы мүмкін және бәрінің қалтасы көтере бермейді.

    Автобус пен пойыз — ұзақтау, бірақ бағасы қолжетімді.

Есте сақтап жазу

Ұшақ Пойыз Автобус Кеме Түйе Жол Жолаушы Машина Жылқы Алыс жерлер Ат-арба Ат-шана

2–3 оқушы жазғандарын дауыстап оқиды.

Ойын және өмірлік жағдаяттар

Ойын: «Мен қайда баруым керек?»

Мен пойызға мінуім керек. Қайда барамын?

Жауап: теміржол вокзалына.

Мен ұшақпен ұшуым керек. Қайда барамын?

Жауап: әуежайға.

Мен автобуспен ауылға барғым келеді. Қайда барамын?

Жауап: автовокзалға.

Біздің қалада қандай қатынас көлік түрлері бар?

Жауап: ұшақ, автобус, пойыз, троллейбус.

Ізгі тілек

Жолға шыққан жолаушыға: «Жолдарың болсын, сапарың оң болсын!» деп айтылады.

Сурет бойынша талдау

Әуежайда ұшақты күтіп отырған баланың ұйықтап отыруы

Қорытынды: Жолға шыққанда мұқият болу керек. Әйтпесе жүгін, ақшасын жоғалтып алуы мүмкін немесе ұшатын уақытынан қалып қоюы мүмкін.

Автобуста баланың үлкен кісіге орын беруі

Қорытынды: Қоғамдық көлікте үлкен кісілерге орын беру керек. Бұл — үлкенге құрмет, әрі оларға тұру қиын болуы мүмкін.

Менің жолаушылап барған жерім

Оқушылар әңгімесі (мысал)

  • Дария — Түркия.
  • Аян — Египет.
  • Алимжан — Түркия.
  • Айнұр — Зеренді.

Қорытынды бөлім: «Мен жолаушы болсам...»

Әр оқушы өзі жолаушы болса, қайда баратынын ауызша айтып береді немесе қысқаша жазып тапсырады.

Сабақта не үйрендік?

  • Жолаушы болған кезде жеке заттарымызды мұқият сақтау.
  • Қоғамдық орындарда (автобус, пойыз) өзін дұрыс ұстау.
  • Басқаларға кедергі келтірмеу және үлкендерге құрмет көрсету.