Жапырақ - өсімдіктің сәні

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Пәні
Дүниетану (2-сынып)
Сабақтың тақырыбы
Жапырақ
Сабақтың түрі
Аралас, зерттеу сабағы
Әдіс-тәсілдер
Әңгімелеу, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, шығармашылық жұмыстар
Көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар
Оқулық, бөлме өсімдіктері, еңбек сабағында жапырақтан жасалған бұйымдар
Пәнаралық байланыс
Ана тілі, қазақ тілі, математика, бейнелеу өнері

Сабақтың мақсаты

  • Жапырақтың өсімдік тіршілігіндегі маңызы мен атқаратын қызметі туралы кеңірек түсінік қалыптастыру.
  • Өсімдіктің адам өміріндегі пайдасы туралы ой қозғау, дүниетанымын және ой-өрісін кеңейту.
  • Пәнге қызығушылықты арттыру.
  • Қоршаған ортаны қорғау арқылы экологиялық тәрбие беру.

Сабақтың міндеттері

  • Сұрақтарға жауап беру арқылы тақырыпты зерттеуге және талдауға дағдыландыру.
  • Оқушыны өз көзқарасын ашық білдіруге, пікірін дәлелдеуге үйрету.
  • Зерттеу дағдыларын (бақылау, салыстыру, қорытынды жасау) қалыптастыру.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Бүгін дүниетану сабағында ойымызды еркін айтып, алаңдамай жұмыс істейміз. Бір-бірімізді тыңдап, пікірімізді ашық жеткіземіз. Алға қадам жасау үшін өткен тақырыпты еске түсіреміз.

Психологиялық дайындық

Шырылдады қоңырау — біз сабақты бастаймыз.

Партамызға отырып, өзара көз тастаймыз.

Жаңа білім алуға алға қадам жасаймыз.

II. Үй тапсырмасын тексеру (кубизм әдісі)

Текшенің әр қырына 1-ден 6-ға дейінгі сандар жазылады. Әр санға сәйкес сұраққа жауап беріледі.

  1. 1) Өсімдік мүшелеріне нелер жатады?

    Тамыр, сабақ, жапырақ, гүл, жеміс.

  2. 2) Сабақ туралы не білеміз?

    Сабақ өсімдіктің барлық мүшелерін байланыстырады.

  3. 3) Тамыр қайдан пайда болады?

    Тамыр тұқымнан пайда болады: тұқым өнгенде қабығын тамыр жарып шығады.

  4. 4) Сабақ өсімдікке не үшін қажет?

    Қоректік заттарды өсімдіктің басқа мүшелеріне жеткізу үшін қажет.

  5. 5) Өсімдіктің өсуіне не қажет?

    Су, ауа, жылу, топырақ, жарық.

  6. 6) Зерттеу жұмысы

    Бөлме өсімдігінің бойында су бар екенін бақылап, қорытынды шығарамыз.

III. Жаңа сабақ: «Жапырақ»

Тақырыпты ашу (әріптерді толықтыру)

Ж*П*Р*Қ Жапырақ

Сұрақ-жауап

Жапырақ туралы не білеміз? Жапырақ өсімдікке сән береді: көктемде бүршік жарып, күзде сарғайып жерге түседі.

Мұғалімнің түсіндіруі

  • Жапырақ — өсімдіктің ең маңызды мүшелерінің бірі.
  • Тамырдан келген су мен еріген тұздар сабақ арқылы жапыраққа жеткізіледі.
  • Өсімдік жапырақ арқылы тыныс алады.
  • Артық су жапырақ арқылы буланады; бұл өсімдікті салқындатып тұрады.
  • Күннің жарығы мен жылуының әсерінен жапырақта ауа мен судан қант пен крахмал түзіледі.
  • Жапырақ сағақтан және кеңейген бөлігі — тақтадан тұрады.
  • Жапырақ пішіндері әртүрлі, жапырақ ұшынан бастап өседі.

Неге жапырақ күзде сарғаяды?

Күзде күн салқындайды, топырақ тоңази бастайды. Соның салдарынан өсімдік тамырына келетін қорек азаяды, күннің жылуы мен жарығы да кемиді. Ауа райы өзгергенде жапырақтың жасыл түсі өзгеріп, сары-қоңыр реңктерге ауысады.

«Генеологиялық ағаш» арқылы талдау

  • Ауа райының салқындауы
  • Қоректің азаюы
  • Күннің жылуды аз беруі

Сергіту сәті: «Пайдалы — зиян» ойыны

Шарты: «Пайдалы» десем — қол шапалақтаймыз, «Зиян» десем — түзу отырып тыңдаймыз.

  • Зиян: Жемістерді жумай жесек, ішіміз ауыруы мүмкін.
  • Пайдалы: Гүлдер адамдарға қуаныш сыйлайды.
  • Пайдалы / зиян: Дәрілік өсімдіктер пайдалы, ал кейбір өсімдіктер улы — зиян.
  • Пайдалы: Табиғат аясында жиі серуендеу керек.
  • Зиян: Кейбір өсімдіктер денені қышытады немесе тікенегімен шаншып алады.
  • Пайдалы: Жемістерде көптеген дәрумендер болады.

Қорытынды: айналамыздағы өсімдіктерге сүйіспеншілікпен қарап, оларды күтіп-баптауға дағдылану керек.

Оқулықпен жұмыс

  • Мұғалім мәтінді мәнерлеп оқиды.
  • Оқушылар жекелей оқиды.
  • Тізбектей оқу ұйымдастырылады.

Шығармашылық тапсырма

Аппликация жасау: жапырақ пішіндерін пайдаланып, қарапайым композиция құрастыру.

Бағалау және рефлексия

Сабақ соңында оқушылар гүлдің жапырақшаларына стикерге жазылған тілектерін жапсырады.

Қорытынды сұрақтар

1) Бүгін немен таныстық?

Жапырақпен, жапырақтың түрлерімен және қызметімен таныстық.

2) Күзде жапырақ неге сарғаяды?

Ауа райы салқындап, өсімдік суды аз сіңіреді; күн сәулесі азаяды.

3) Ине тәріздес жапырақ қай ағашта болады?

Қарағайда.

4) Қураған жапырақтың қандай пайдасы бар?

Жерге түскен жапырақ тамырды суықтан қорғайды, ал шіріген жапырақ топырақты құнарландырады.

«Ой қорыту» стратегиясы: менің үлесім

Мен өсімдіктерді қорғау үшін:

  • Ағаштардың діңдерін әктеймін.
  • Тыңайтқыш беремін.
  • Уақытында суарып, күтіп-баптаймын.

Экологиялық тәрбие және үндеу

Ағаш көркі — жапырақ. Жапырақ ағашқа әсемдік береді. Қазақстан Республикасында қоршаған ортаны қорғауға арналған заң бар: табиғатты қорғау және таза ұстау — әр адамның міндеті.

Ауылды көркейту бағытында «Жасыл ел» бағдарламасы жүзеге асуда. Келешекті көркейтетін — сіздер. Айналамызды көгалдандыруға қатысып, табиғатты қорғайық, өсімдіктерді көбірек өсірейік.

Уәде (шағын шумақ)

Табиғатым тамаша,

Көз тоймайды қараса.

Табиғатты қорғаймыз —

Жаман бала болмаймыз.

Синквейн (тілдік қорды дамыту)

1

Жапырақ

2

Жасыл, сары

3

Түседі, көктейді, ұшады

4

Ата — бәйтерек, бала — жапырақ

5

Табиғат

Үй тапсырмасы

«Жапырақ» мәтінін оқып, мазмұндап әңгімелеу.