Алма ағашынан алмаларды теру
Сабақтың барысы
Бұл сабақ ойын элементтері арқылы екі таңбалы сандарға қатысты қосу-азайту дағдыларын бекітуге және оқушылардың қызығушылығын арттыруға бағытталады. Сабақ барысында ертегі кейіпкерлері, интерактивті тапсырмалар және топтық жарыс түрлері қолданылады.
Кезең I
Бағдарлау – мотивациялық
Кезең II
Операциялық – орындаушылық
Кезең III
Рефлексиялық – бағалау
I. Бағдарлау – мотивациялық кезең
1) Ұйымдастыру және психологиялық дайындық
Математика сабағын өте жақсы көреміз.
Екі таңбалы сандарды азайтамыз, қосамыз.
2) «Ертегілер елінен келген қонақтар»
Түлкі: «Балалар, біз сендерден көмек сұрауға келдік! Берілген тапсырмаларды орындап, балық ұстауға көмектесіңдерші!»
Қасқыр: «Жақсылықтарыңды ұмытпаймыз!»
Су түбіне саяхат тақырыбындағы бейне көрініс көрсетіледі. Оқушылар су астындағы тіршілік туралы қысқаша әңгімелеседі: қандай балық түрлерін біледі (сазан, жайын, бекіре, шортан, камбала, лақа, көксерке және т.б.).
Шарт: әр тапсырманы дұрыс орындаған оқушы 1 балық алады. Мақсат — мүмкіндігінше көп балық жинау.
II. Операциялық – орындаушылық кезең
1) Сөзжұмбақ шешу
Жауабы: «Ондық». Оқушылар толық ондықтарды атайды.
2) «Золушкаға көмектес» ойыны
Әртүрлі екі таңбалы сандарға екі таңбалы санды ауызша қосу және азайту есептері беріледі. Тапсырма дұрыс орындалса, Золушканың аяқ киімі табылады; қате болса — басқа аяқ киім шығады.
3) «Балық аулау» тапсырмалары
Өрнектерді салыстыру (<, >, =) арқылы орындау ұсынылады.
Слайд №9
- 5?9
- 3+1?2
- 8?6
- 4+1?6
- 6?2
- 9-1?8
- 3+1?2+2
- 3?5
Слайд №9 (жалғасы)
- 10?8
- 50?80
- 40?60
- 70?20
- 40?70
- 70?30
- 90?20
4) Ұжымдық жұмыс
Тапсырмалар интерактивті тақта арқылы орындалады. Оқушылар бірлесіп талқылай отырып, дұрыс шешімге келеді.
5) Сергіту сәті: көзге арналған жаттығулар
Сабақ бойы интерактивті тақтамен жұмыс жасалатындықтан, көзді демалтуға арналған қысқа жаттығулар орындалады.
III. Рефлексиялық – бағалау кезең
1) Ұжымдық жұмыс: салыстыру
Сынып 3 қатарға тең бөлінеді. Әр қатар өз бағанындағы өрнектерді шығарып, нәтижелерін салыстырады: 1-баған — 1-қатарға, 2-баған — 2-қатарға, 3-баған — 3-қатарға.
1-топ
- (48 + 26) – 38
- (84 – 16) + 19
2-топ
- (77 + 13) – 46
- 18 + (80 – 27)
3-топ
- 100 – (26 + 14)
- 100 – (63 + 27)
2) «Алма жинау» ойыны
1-қатар — 1-топ, 2-қатар — 2-топ, 3-қатар — 3-топ болып жарысады. Алма ағашынан алмаларды тез әрі дұрыс терген топ жеңімпаз атанады.
3) Бағалау
Оқушылардың жұмысы жиналған балық санына қарай бағаланады. Көп балық жинаған оқушыларға алғыс айтылады.
4) Қонақтарды шығарып салу
Түлкі: «Рақмет, балалар! Сендер нағыз доссыңдар!»
Қасқыр: «Сабақтарыңды жақсы оқыңдар! Сау болыңдар, балалар!»
5) Сабақты аяқтау
Оқушылар сабақтан алған әсерлерін қысқаша бөлісіп, қорытынды жасайды.