Ойымды аңғар интелектуалды ойын
«Ойымды аңғар» зияткерлік ойынына қош келдіңіздер
Армысыздар, құрметті ұстаздар және ойынға қатысушылар! Бүгін сіздер мектебімізде өтетін «Ойымды аңғар» зияткерлік ойынын тамашалауға келіп отырсыздар. Қош келдіңіздер.
Ойынға 5 оқушыдан тұратын екі команда қатысады. Сайыс тартымды, достық әрі зияткерлік күрес түрінде өтеді. Команданың басты мақсаты — тек жеңіске жету емес, бір-бірін сөзсіз, ым мен ишара арқылы түсіне білу.
Командалар
- «Қазақ қыздары» — ұранын таныстырады
- «Раушан гүлдер» — ұранын таныстырады
Әділқазылар алқасы
Ойынның әділ өтуін қамтамасыз етіп, шынайы баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік.
Ойын тәртібі
Ойын 4 бөлімнен тұрады: «Түсіндіру», «Ойымды тап», «Кім тапқыр», «Елестету».
1-бөлім: Түсіндіру
- Әр сөздің алдында (біріншісінен басқа) бірінші ойыншы соңғы орынға ауысады, қалғандары бір орынға алға жылжиды.
- Түсіндіру кезінде алдыңғы ойыншы айтқан сөзді немесе түбірлес сөздерді қайталауға болмайды.
- Әр дұрыс есептелген сөз үшін командаға 10 ұпай беріледі.
- Жүргізуші әр командаға кезекпен 3 түрлі сөз ұсынады.
- Команда мүшелері 40 секунд ішінде сөзді бір-біріне түсіндіреді (қимыл қолдануға болмайды).
- Бөлім соңында сарапшы қателіктерді атап, ұпайды бекітеді. Ірі қателік жіберген команда ұпайсыз қалуы мүмкін.
Мысал сөздер
2-бөлім: Ойымды тап
Пантомима және шарада. Таңдалған команданың ойыншысы үлкен монитордағы 6 ұсыныстың бірін таңдайды. Одан кейін ойыншының артындағы мониторда біртіндеп 10 сөз шығады, оны қалған 4 ойыншы көріп тұрады.
Қалған ойыншылар ым мен қимыл арқылы сөзді түсіндіреді. Егер ойыншы таба алмаса, келесі ойыншы жалғастырып, жаңа сөзге өтеді.
1) «Менің үйім» тақырыбы
кілем, ит, төсек, стол, теледидар, перде, түсқағаз, сурет, ваза, есік
2) «Бойжеткен» тақырыбы
көйлек, шаш, сумка, тушь, помада, білезік, әшекей, сұлу, ерке, жүріс
3) «Жан-жақты» тақырыбы
ұршық, жылан, ай, толқын, сәнгер, арыстан, кітап, аю, қайшы, маймыл
3-бөлім: Кім тапқыр
Екі топқа бір-бір сөйлем беріледі. Сол сөйлемді ыммен түсіндіру керек. Топтар бір-бірінің тапсырмасын табады. Тапсырманы топпен де, жеке де көрсетуге болады.
4-бөлім: Елестету
Жүргізуші әр командаға бір сөзді немесе тұрақты тіркесті ұсынады. Таңдалған команданың бір қатысушысы сол сөзге байланысты туған төрт түрлі сезім/ассоциация айтады.
Кейін қалған қатысушылар құлаққаптарын шешеді, жүргізуші сөзді команданың бәріне естіртіп айтады. Әр ойыншы 5 секунд ішінде өз ассоциациясын айтып, кезекті келесі ойыншыға береді. Барлығы 20 секунд беріледі.
Ұпай саны команда мүшелерінің ой-сезімдері капитанның ассоциацияларымен қаншалықты жиі сәйкес келгеніне қарай есептеледі.
Тақырыптар
- Қазақтың ұлттық киімдері
- Компьютер
- Ою-өрнек
- Мұғалім
Қорытынды
Кеш қорытындысын әділқазылар алқасы шығарады. Сайысқа қатысушылар мадақтау қағаздарымен марапатталады.