Математика жайлы әңгімелер
ОҚО, Сайрам ауданы • Пахтазарбдар ауылы
Қ. Сәтбаев атындағы ЖББОМ
Мұғалім: Убайдуллаев Ойбек
«Әй, осы математика» интеллектуалдық ойыны
Бұл сайыс оқушылардың ауызша есептеу дағдыларын жетілдіруге, логикалық тапсырмаларды тез әрі дәл шешуге, сұрақтарға жедел жауап беруге бағытталған. Сонымен қатар алған білімді орынды қолдануға жаттықтырып, математика пәніне қызығушылықты арттырады. Ойын барысында ойлау қабілеті дамып, шапшаңдыққа, білімділікке, дарындылыққа және үздік болуға тәрбиеленеді.
Қатысушылар
5–7 сынып оқушылары. Әр сынып ішіндегі іріктеу сайыстарында жеңімпаз атанған оқушылардан құралады.
Құрал-жабдықтар
Интерактивті тақта және үлестірме қағаздар қолданылады.
Ереже
Қатысушылар өздеріне сәйкес нөмір таңдап алады. Жылдамдық, дәлдік және жауап беру уақыты ескеріледі.
Ұран: «Ешкімнен сен қалыспа! Білімі кімнің көп болса, сол озады сайыста!»
Өту жоспары
- 1. Математика жайлы әңгімелер
- 2. Логикалық есептер
- 3. Мақал-мәтелдер сайысы
- 4. Есепке кім жүйрік?
- 5. Кім көп біледі?
- 6. Қорытынды
1-сайыс: Математика жайлы әңгімелер
Алдымен ұлы ғалымдардың математика туралы айтқан ұлағатты сөздерін еске түсіріп, математика жайлы қысқаша ой-толғаулар тыңдаймыз.
«Арифметика — математиканың, ал математика — ғылымдардың патшасы».
«Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін — математика, сондықтан да оны оқу керек».
«Математика — барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да, қажет те».
Тапсырма
Оқушылар математика жайлы дайындаған әңгімелерін ортаға салады.
2-сайыс: Логикалық есептер
Қиындықтан ешқашан қашпаймыз. Алғырлық пен тапқырлықты ұштаймыз. Қиялға самғап ұшқан құстаймыз — шегінбей, жеңіске ұмтыламыз.
Интерактивті тақтадағы тапсырмалардан әр оқушы өз нөміріне сәйкес есепті шығарады.
Есептер
- 1) 7 жұмыртқаның бағасы 7 теңге болса, 100 жұмыртқаның бағасы неше теңге? Жауабы: 100
- 2) 1 т темір ауыр ма, әлде 1000 кг мақта ауыр ма? Жауабы: Бірдей
- 3) 4 827 105 санындағы үш цифрды ең кіші сан шығатындай етіп сыз. Сонда қандай сан шықты? Жауабы: 2 105
- 4) Сандар қатарындағы келесі санды тап: 20, 21, 23, 24, 26, 27, … Жауабы: 29
Есептер
- 5) Квадрат үстелді айнала төрт адам отыра алады. Осындай 7 үстелді жалғап бір қатарға қойғанда, айнала қанша адам отыра алады? Жауабы: 16
- 6) Түйе, бота маң басқан… Барлығын бірге санап қой. Жауабы: 17
- 7) Тырналар жұп-жұптан қонып, он жерге отырыпты. Барлығы қанша тырна? Жауабы: 20
3-сайыс: Мақал-мәтелдер сайысы
Мақал-мәтелді жалғастырайық: берілген мәтіндегі көп нүктенің орнына сан қойып, мақал-мәтелді дұрыс әрі мәнерлеп оқимыз.
- Ер 1 рет өледі, қорқақ 1000 рет өледі.
- 7 рет өлшеп, 1 рет кес.
- 2 құзғын таласса, 1 қарғаға жем болар.
- 1 кісі қазған құдықтан 1000 кісі су ішеді.
- Жақсыны 7 жыл жетелесең адам болар, жаманды 7 жыл жетелесең надан болар.
- 30 тістен шыққан сөз, 30 рулы елге тарайды.
- Білгенің — бір 9, білмегенің — 99.
4-сайыс: «Есепке кім жүйрік?»
Өмірде ойлап тұрсаң, бәрі де — есеп. Ауырсаң, ішетін дәрің де — есеп. Есепсіз сүрген өмір мазмұнсыз-ақ: дүниенің бар тұлғасы — есеп.
Бұл бөлімде берілген есептерді барлық қатысушы орындайды.
1-есеп
Жұлдызшалардың орнына цифрларды қойып, көбейтуді орында.
Нәтиже үлгісі: 524 × 27 = 14 148
2-есеп
0, 1, 2, 3 цифрларынан цифр қайталанбайтын барлық мүмкін төрт таңбалы сандарды жаз. Ең үлкен және ең кіші санның айырмасын тап.
Жауабы: 3 210 − 1 023 = 2 187
3-есеп
Қалалық бай тұрғын үш ұлына мұраға екі үй қалдырды. Үлкен екі ұлдың әрқайсысы бір үйден алды, ал кенжесіне ақша берілді: ағаларының әрқайсысы 500 динардан берді. Бір үйдің құны қанша?
Жауабы: 1500 динар
5-сайыс: «Кім көп біледі?»
Бұл кезеңде білімнің ұшқырлығы мен жылдамдық сыналады: әр оқушыға 7 сұрақтан қойылады. Жауаптың дұрыстығы мен жауап беру уақыты ескеріледі.
5-сынып (I топ)
- 1) Санауда қолданылатын сандар? (Натурал)
- 2) Санның ең үлкен бөлгіші неге тең? (Санның өзіне)
- 3) 2-ге бөлінбейтін сандар қалай аталады? (Тақ сандар)
- 4) Қандай сандар 5-ке бөлінеді? (0 мен 5-ке аяқталатын сандар)
- 5) Жай сандардың кестесін жасаған грек ғалымы кім? (Эратосфен)
- 6) 1/2-ге кері сан? (2)
- 7) Ғасырдың жартысы неше жыл? (50 жыл)
5-сынып (II топ)
- 1) Неше цифр бар? (10)
- 2) Кез келген натурал санның бөлгіші? (1)
- 3) 2-ге бөлінетін сандар қалай аталады? (Жұп сандар)
- 4) Қандай сандар 10-ға бөлінеді? (0-ге аяқталатын сандар)
- 5) Ең кіші натурал сан? (1)
- 6) Санды қандай санға бөлуге болмайды? (0-ге)
- 7) 3-ке кері сан? (1/3)
6-сынып (I топ)
- 1) Шеңбердің екі нүктесін центр арқылы қосатын кесінді? (Диаметр)
- 2) Өзара кері сандардың көбейтіндісі неге тең? (1)
- 3) Оң санға да, теріс санға да жатпайтын сан? (Нөл)
- 4) 9-ға қарама-қарсы сан? (-9)
- 5) -99, 9 бен 1-дің қайсысы үлкен? (1)
- 6) 0-ден үлкен сандар? (Оң сандар)
- 7) Таңбалары әр түрлі сандардың көбейтіндісі? (Теріс сан)
6-сынып (II топ)
- 1) Қандай сан барлық сандарға қалдықсыз бөлінеді? (Нөл)
- 2) Қарама-қарсы сандардың қосындысы неге тең? (0)
- 3) Шеңбердің нүктесін центрімен қосатын кесінді? (Радиус)
- 4) |−10| мен 1-дің қайсысы үлкен? (|−10|)
- 5) Екі санның қатынасы қалай аталады? (Пропорция)
- 6) 0-ден кіші сандар? (Теріс сандар)
- 7) Ең үлкен уақыт өлшемі? (Ғасыр)
7-сынып (I топ)
- 1) Кеңістіктегі фигуралар қасиетін зерттейтін геометрия бөлімі? (Планиметрия)
- 2) Координаталар жүйесін енгізген ғалым? (Р. Декарт)
- 3) Вертикаль бұрыштар қандай болады? (Тең)
- 4) Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы? (180°)
- 5) Жазықтықта бір-бірімен қиылыспайтын түзулер? (Параллель)
- 6) Санның 1-дәрежесі неге тең? (Санның өзіне тең)
- 7) Тік бұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышына қарсы жатқан қабырға? (Катет)
7-сынып (II топ)
- 1) Кез келген санның 0-дәрежесі? (1)
- 2) Дәлелдеуді қажет ететін сөйлем? (Теорема)
- 3) Бұрышты қақ бөлетін сәуле? (Биссектриса)
- 4) Тұстас бұрыштардың қосындысы? (180°)
- 5) Екі қабырғасы тең үшбұрыш? (Тең бүйірлі үшбұрыш)
- 6) π санының жуық мәні? (3,14)
- 7) Тік бұрыш жасап қиылысатын түзулер? (Перпендикуляр)
7-сынып (III топ)
- 1) «Геометрия» терминінің мағынасы? (Грек сөзі: «жер өлшеу»)
- 2) Сыбайлас бұрыштардың қосындысы? (180°)
- 3) Тең қабырғалы үшбұрыштың әр бұрышы неше градус? (60°)
- 4) Квадрат функцияның графигі? (Парабола)
- 5) Дәлелдеуді қажет етпейтін сөйлем? (Аксиома)
- 6) Тік бұрышты үшбұрыштың тік бұрышына қарсы жатқан қабырға? (Гипотенуза)
- 7) Барлық қабырғалары тең үшбұрыш? (Тең қабырғалы үшбұрыш)
Қорытынды
Бағалау
Әділқазылар алқасына сөз беріледі. Нәтижелер жарияланып, ұпайлар қорытындыланады.
Марапаттау
Жеңімпаз оқушы марапатталып, сыйлық табысталады.