Құтты болсын береке
Тақырыбы: Мерекелі, берекелі қоңыр күз
Мақсаты
- Балалардың жыл мезгілдері туралы алған білімін, күзгі табиғаттың ерекшеліктері мен күз байлықтары туралы түсінігін тереңдету.
- Күз мезгілінің тіршілікке тигізер пайдасын өлең, қойылым және ойын арқылы сезіндіре отырып, ой-өрісін дамыту.
- Табиғатты сүюге, қорғауға және еңбекті қадірлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі
Күзгі табиғат көріністері, жемістер мен көкөністер, ертегі кейіпкерлері, Күз ханшайымы, жапырақтар, көкөністерден жасалған бейнелер, слайд материалдары.
Өту форматы
Мерекеге сай безендірілген сынып. Жайлы әуен ойнап тұрады. Көкөністер мен жемістердің киімін киген бүлдіршіндер қонақтарды әнмен қарсы алады.
Сабақтың барысы
Мұғалімнің кіріспе сөзі
Армысыздар, қадірлі ұстаздар мен оқушылар! Табиғат ерекше құбылып, айнала сары түске боялатын, қамбамыз астыққа толатын, бәріміз асыға күтетін берекелі күз де таяп қалды. Күздің жұмсақ шуағы көңілге қуаныш, жүрекке үміт сыйлайды.
Ендеше, күздің ерекшеліктері туралы сыр шертетін «Мерекелі, берекелі қоңыр күз» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Өлең жолдары
Мезгіл болды молшылық,
Дәулет қорын қалады.
Заңғар көкте жол сызып,
Құстар қайтып барады.
Шөп сарғайып,
Өңі тайып,
Дала сұры қашады.
Бой жаза алмай,
Ойнай алмай,
Денең мұздап тоңады.
Айтыңдаршы, балалар, бұл қай кезде болады?
Балалар (хормен): Күз мезгілінде.
Жүргізушілер сөзі
1-жүргізуші: Көбейді құт-береке, астық толы қоймамыз. Құтты болсын береке! Құтты болсын мереке!
2-жүргізуші: Береке, бақ дарыған жомарт көңіл, жарқын күз. Сары алтынға малынған жетті міне, қоңыр күз!
Сахналық белгі
Осы сәтте сырттан желдің гуілі естіледі.
Күз ханшайымының келуі
Сахналық белгі
Әдемі әуен ойнап, сыныпқа Күз ханшайымы кіреді.
Күз ханшайымы: Сәлеметсіздер ме, балалар!
Балалар: Сәлеметсіз бе!
Күз ханшайымы:
Уа, халайық, дархан далам, армысың,
Табиғатым жаны жайсаң, тал мүсін.
Ханшайымы күздің бүгін келіп тұр,
Алмақ болып бар халқыңның алғысын.
Мен — Күз ханшайымымын. Сендерді көргеніме қуаныштымын.
Мұғалім: Қош келдіңіз, Күз ханшайымы! Төрлетіңіз.
Жұмбақ
Күз ханшайымы: Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырайын:
Ағайынды бәрі,
Шықса — жасыл,
Түссе — сары.
Бұл не?
Балалар: Жапырақ.
Күз ханшайымы: Дұрыс таптыңдар, жарайсыңдар!
Тапсырмалар
Күз ханшайымы алтын жапырақтарын ала келеді. Әр жапырақта тапсырма бар: орындасаңдар, ханшайымның сыйлығы да дайын.
Мұғалім: Біздің балалар күз туралы өлең айтып, тақпақ оқып, жұмбақ шеше алады. Жайланып отырып, өнерімізді тамашалаңыз.
Би
«Күзгі жапырақтар»
1-тапсырма: Сұрақтар
Сұрақ
Күз мезгілі нешеге бөлінеді?
Ерте күз, алтын күз, қара күз.
Сұрақ
Күз айларын ата.
Қыркүйек, қазан, қараша.
Мұғалім: Ендеше ортаға күз айларын шақырайық.
1-бала
Қыркүйек (Мизам)
Бірінші қыркүйек
Білімге бастады.
Мал мен аң жүр билеп,
Құс шарлап аспанды.
2-бала
Қазан (Ақырап)
Жаңартқан ғаламды
Жаңбырлы ғажап ай.
Осынау заманды
Орнатқан қазан ай.
3-бала
Қараша (Қауыс)
Мол байлық тергені
Шаттығы қаншалық.
Қарашы, өрледі
Қараша ән салып.
Слайд
Слайд 1, 2, 3
Неге «берекелі күз» дейміз?
Слайд
Слайд 4
Күзді берекелі мезгіл дейтініміз — бау-бақша өнімдері, жеміс-жидек және дәнді дақылдар дәл осы уақытта пісіп, жиналатын шақ. Өнім биыл тамаша, көз тоймайды қараса!
Бау-бақша өнімдеріне кезек берейік: ортаға көкөністер мен жемістер, дәнді дақылдар шығады.
Автор туралы мәлімет
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, №19 ОЖББМ-нің бастауыш сынып мұғалімі — Избасарова Дамира Наримановна.