Құрметті ата - аналар, балабақша қызметкерлері бүгін ерекше күн

Іс-шараның мазмұны

Тақырыбы
Қош бол, балабақша!
Мақсаты
Балалардың білім деңгейін шыңдап, балабақшамен қоштасу сәтін сезіндіру. Адамгершілікке, сыйластыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік
Сахналық безендіру, музыка, тапсырма билеттері, «Білім кілті».

Жүргізушінің құттықтау сөзі

Құрметті ата-аналар, балабақша қызметкерлері! Бүгін — ерекше күн. Өйткені бірнеше жыл бойы тәрбиеленген бүлдіршіндерді ұядан ұшырып, мектепке шығарып салғалы отырмыз. Мерекелеріңіз құтты болсын!

Өтті қызық көп күндер,
Бес жасқа жеттіңдер.
Барасыңдар мектепке,
Бір белестен өттіңдер.

Өсті ақыл-ойларың,
Өсті міне бойларың.
Қуанышқа ортақпыз,
Құтты болсын тойларың!

Балабақша түлектерін қарсы алайық!

Тақпақтар

Балабақша — бесігім

Бала, бала, баламыз,
Бақшамызға барамыз.
Күні бойы қызыққа,
Батамыз да қаламыз.

Балабақша — бесігім,
Тағы бір той жасайық.
Ашып мектеп есігін,
Өзіңмен қоштасайық.

Бүгінгі той — ерекше

Біз қандаймыз, қандаймыз,
Шұғылалы таңдаймыз.
Күлімдеген күндейміз,
Еш уайымды білмейміз.

Талай қызық той өткіздік,
Бірақ орны бөлекше.
Бақшамызбен қоштасатын
Бүгінгі той — ерекше.

Мектепке қадам

Бес жасқа толамыз,
Әдепті бала боламыз.
Қуантып ата-ананы,
Мектепке кетіп барамыз.

Ана тілін ардақтап,
Сурет салып, ән жаттап.
Ана салтын біз көрдік,
Оқып, жазып үйрендік.

Қоштасу сезімі

Оқимыз, білім аламыз,
Болашақ жолын саламыз.
Бақшамен қоштасып,
Мектепке кетіп барамыз.

Құшағыңда жарқылдап,
Өтті қызық күндерім.
Би биледім, ән тыңдап,
Алаңдауды білмедім.

Хор

«Анашым»

Көркем сөз және фестиваль жүлдегерлері

Аудандық «Жауқазын» өнер фестивалы байқауында көркем сөз оқудан жүлдегер атанған балалардың өнерін тыңдайық.

«Бестік баға» көрінісі: білімді тексеру

Диалог

Жүргізуші: Балалар, «5» деген бағаны білесіңдер ме?

Балалар: Білеміз.

Жүргізуші: Қане, айтыңдаршы: «бестік» баға қандай балаларға қойылады?

Балалар: Тәртіпті, сабақты өте жақсы оқитын балаларға қойылады.

«Бестік баға» кейіпкері: Құрметті де сүйікті балалар! Мені сендерге Білім ханшайымы жіберді. Мектепке барар алдында білімдеріңді тексеріп көріңдер деді. Қолымда тапсырмалар жазылған билеттер бар. Мен билеттегі сұрақтарды оқимын, ал сендер жауап бересіңдер. Жауаптарыңа қарап, мектепке дайындығыңды бағалаймын.

Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, бір жыл бойы осы бүлдіршіндер балабақшадан қандай тәрбие алды, не оқып-үйренді деген сұрақтарыңызға бүгін жауап аласыздар деп ойлаймын.

Сұрақтар топтамасы

  • Біз қандай мемлекетте тұрамыз?
  • Қазақстан Республикасының Президенті кім?
  • Қазақстан Республикасының Әнұранын орындаңдар.
  • Бір жылда неше жыл мезгілі бар? Қазір қай мезгіл?
  • 1-ден 10-ға дейін тура және кері санаңдар.
  • Геометриялық фигураларды атаңдар.
  • Балабақшаларың қалай аталады?
  • Балабақшаның директоры кім?
  • Әдіскердің аты-жөні кім?
  • Топта неше баласыңдар?
  • Топтарың қалай аталады?

Балалар сұрақтарға хормен және жекелей жауап береді.

«Бестік баға» кейіпкері: Рахмет, балалар! Енді сендермен қоштасатын кез келді. Білім ханшайымына сендердің мектепке дайындығың өте жақсы екенін айтып барайын. Ал мына «Білім кілтін» апайларыңа табыстаймын. Сабақты жақсы оқып, тек бестік баға алыңдар. Сау болыңдар!

Би

Ер балалар биі: «Қуыршақ»

Би

«Айгөлек»

Алғыс айту сәті

Құрметті ата-аналар, апайлар, балғын бүлдіршіндер! Енді балалар өздерін тәрбиелеп, мәпелеп өсірген тәрбиеші апайларына алғысын өлең жолдарымен жеткізеді.

Балабақша ұжымына

Орын берген бақшадан,
Директор апай — жақсы адам.
Сондықтан да біз үшін,
Орны бөлек басқадан.

Витамин беріп қолыңнан,
Өскен сәби баламыз.
Дәрігер апай, сіздерге
Алғыс айтып барамыз.

Өнерге баулыған жандарға

Тамылжыта ән салуды үйреткен,
Мың бұралта биімізді билеткен.
Сазгер апай, сізге де алғыс айтамыз,
Мың қайтара сәби жүрек тілектен.

Тәрбиешіге

Баулап, баптап өсірдіңіз,
Тентек болсақ кешірдіңіз.
Ұмытпаймыз өзіңізді,
Ұмытпаймыз сөзіңізді.

Ұстаздардың ұстазы,
Тәрбиенің ұстасы.
Ырза сізге бәрі де,
Ұмытпаймыз сізді де.

Әдіскерге

Әдіскерге көп рахмет!

Ұзарады бойымыз,
Толысады ойымыз.
Азаяды ойынымыз,
Өйткені біз күн санап,
Өсіп келе жатырмыз.

Тағы бір алғыс

Бізге тәртіп үйреткен,
Ән салдырып, би билеткен.
Таныстырған ең алғаш,
Әріптермен, суретпен.

Жақсылыққа құмармыз,
Жақсы адам боп шығамыз.
Таза сәби жүректен
Қабылдаңыз мың алғыс,
Тәрбиеші апайлар!

Киімімді үтіктеп,
Мыж-мыжін жазып тастаған.
Әжем бұрын балабақшаға
Апарып салатын.

Еркелігім азайды енді,
Бүгінде есті баламын.
Мазаламай әжемді,
Мектепке өзім барамын.

Хор

«Балдырғандар маршы»

Ән

«Қуыршақ»

Жүлдегер орындаушы

Аудандық «Жауқазын» фестивалінің ән айтудан жүлдегерін шақырамыз.

Мектепке жол

Арман мен мақсат

Мектеп — біздің панамыз,
Мектеп — біздің анамыз.
Ұлағатты ұстаздан,
Оқып білім аламыз.

Ертеңгі қадам

Мектепке ертең барамыз,
Оқимыз, білім аламыз.
Ойыншықпен қоштасып,
Сабаққа зер саламыз.

Хор

«Тәрбиеші»