Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышына іргелес жатқан катеттің гипотенузаға қатынасы сол бұрыштың косинусы

Павлодар облысы, Екібастұз қаласы

Математика пәні мұғалімі: Ашимова Алмагүл Тлегеновна

Алгебра 9-сынып Слайдпен

Сабақ тақырыбы

Бұрыштың синусы, косинусы, тангенсы және котангенсының мәндері.

Негізгі ұғым

Санды шеңбер

Негізгі ұғым

Координаталық ширек

Дағды

Бұрыш мәндерін табу

Фокус

Тригонометриялық функциялар

Жалпы мақсат

  • Бұрыштың синусы, косинусы, тангенсы және котангенсының мәндерін таба білуге үйрету.
  • Санды шеңбер және координаталық ширек туралы түсінікті қалыптастыру.
  • Тригонометриялық функциялардың кейбір бұрыштардағы мәндерін табу дағдыларын дамыту.

Сілтемелер

  1. 1) Күнтізбелік жоспар, бағдарлама.

  2. 2) Оқулық: Алгебра, Әбілқасымова А. және т.б. — Мектеп баспасы, 2013.

  3. 3) «Алгебра, 9-сынып» әдістемелік нұсқаулық.

Ресурстар

  • Оқулық және сабаққа қажетті қосымша материалдар.
  • Интерактивті тақта.
  • Слайдтар, суреттер.
  • Дәптер, сызғыш, қарындаш.

Оқытудағы жаңа тәсілдер

Түрткі сұрақ Сұрақ-жауап Жеке жұмыс Жұптық жұмыс Топтық әңгіме Қайта бағыттау сұрақтары Жоғары деңгейлік сұрақтар Төмен деңгейлік сұрақтар

Оқушылар үшін күтілетін оқу нәтижелері

  1. 1 Өз ойын және білгенін жүйелі түрде жеткізе алады.
  2. 2 Өткен материалды еске түсіріп, қолдана алады.
  3. 3 Сын тұрғысынан ойлау дағдылары дамиды.
  4. 4 Теориялық материалды өз бетімен оқып, түсінуге талпынады.
  5. 5 Өзіне деген сенімділігі артады.

Сабақ барысы: мұғалімнің іс-әрекеті

1) Психологиялық ахуал қалыптастыру

  • Амандасу.
  • Оқушыларды түгендеу.
  • Фигуралар арқылы топқа бөлу.

2) Қайталау сұрақтары (8-сынып материалы)

Өтілген тақырып бойынша сұрақтар қойылады және әр топқа тапсырмалар беріледі.

Сұрақ 1

Сағат тілімен бағыттас бұрылу — қандай бағыт және қандай бұрыш? (Бұрыштың синусы ұғымымен байланыстыру.)

Сұрақ 2

Сағат тіліне қарсы бұрылу — қандай бағыт және қандай бұрыш деп аталады? (Косинус, тангенс ұғымдарымен байланыстыру.)

Сұрақ 3

Радиандық өлшемдегі бұрыш дегенді қалай түсінесің? (Котангенс тақырыбына көпір жасау.)

Сұрақ 4

Толық бұрыш неше градус? 10°-ты радиан арқылы өрнекте. (Тригонометриялық мәндерге кіріспе.)

Анықтамалар: тікбұрышты үшбұрыштағы тригонометриялық қатынастар

Косинус

Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышына іргелес жатқан катеттің гипотенузаға қатынасы — сол бұрыштың косинусы.

Синус

Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышына қарсы жатқан катеттің гипотенузаға қатынасы — сол бұрыштың синусы.

Тангенс

Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышына қарсы жатқан катеттің іргелес жатқан катетке қатынасы — сол бұрыштың тангенсі.

Котангенс

Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышына іргелес жатқан катеттің қарсы жатқан катетке қатынасы — сол бұрыштың котангенсі.