Біз Нотр - Дамдеп аталын шіркеуге бардық, біз Луврда Мона Лизаның суретін көрдік және Эйфель мұнарасына шықтық

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Сабақтың тақырыбы

“The sea was so rough”

Пән аралық байланыс

География

Дереккөздер

  • 7-сыныпқа арналған оқулық
  • Мультимедиялық жабдықтар
  • Сыртқы сілтемелер

Сабақтың мақсаты

  • Кэйттің хатымен танысып, мәтінді өз бетінше түсінеді.
  • Мәтінді оқып, сөздік қорын байытады.
  • Жүйелі жауап беруге және табандылыққа тәрбиеленеді.

Күтілетін нәтиже

  1. 1 Оқушылардың “саяхат” тақырыбындағы сөздік қоры артады.
  2. 2 Сыни ойлау дағдылары дамиды.
  3. 3 Ағылшын тілінде сөйлеу мәнері жетіледі.

Белсенді оқыту әдістері

АКТ СТО стратегиялары Мәнерлеп оқу Өкіл тәсілі Мозайка Диалогтік оқыту Сәйкестендіру ТВ шоу әдісі

Сабақтың барысы

Төмендегі жоспар сабақ кезеңдерінің уақытын, ұйымдастыру формасын және мұғалім мен оқушы әрекеттерін жүйелі түрде көрсетеді.

1 минут

Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу

Мұғалімнің әрекеті

Оқушылармен амандасады.

Оқушының әрекеті

Сәлемдескеннен кейін назарын сабаққа шоғырландырады.

2 минут

Топқа бөлу

«Атомдар мен молекулалар» әдісі

Мұғалімнің әрекеті

Әдістің ережесін түсіндіреді.

Оқушының әрекеті

Ереже бойынша 3 шағын топқа бөлінеді.

6 минут

Үй тапсырмасын тексеру

“Kate’s letter” (Exercise 4, p.150)

Мұғалімнің әрекеті

Өкіл әдісін қолдана отырып, топтардың аудармасын тыңдап, ортақ талқылауды ұйымдастырады.

Оқушының әрекеті

Әр топ өз аудармасын ұсынады, мәтін сыныппен бірге салыстырылып аударылады.

Кэйттің хаты (аудармасы)

Алдыңғы хатыңа рақмет. Сенің мектебің және мектеп формасы туралы есту қызық болды. Біздің мектепке қарағанда жақсырақ сияқты. Оқу жылы аяқталуға жақын қалды, құдайға шүкір!

Өткен демалыс күндері сыныбымыз Миссис Уайтпен бірге Парижге барды. Алдымен кемемен Доверге бардық, кейін Парижге дейін пойызбен жеттік. Вокзалдың қасында орналасқан шулы, шағын қонақүйде тоқтадық. Таңғы асқа тек бәліш пен кофе берілді.

Біз көптеген жерді араладық: Нотр-Дам шіркеуіне бардық, Луврда «Мона Лиза» картинасын көрдік және Эйфель мұнарасына шықтық. Оның басында желдің қатты болғаны соншалық, шарфым ұшып кетті. Мұнараның биіктігі соншалық, жоғарыдан төмен қарасаң басың айналады.

Доверге кемемен қайтып келе жатқанда теңіз қатты тулағандықтан, көбіміздің жүрегіміз айнып, ауырып қалдық. Ал Сью екеумізге бәрі жақсы болды, себебі біз палубада тұрдық. Қарнымыздың ашқаны соншалық, Люсиге сыйлыққа алған кішкентай шоколадты кекстердің бәрін жеп қойдық.

Ізгі тілекпен, Кэйт

Диалог арқылы түсіну және сұрақ құрастыру

Негізгі бөлім

Exercise 5 (p.151): Кэйттің хатына сүйене отырып, жауаптарды оқып, сұрақтар құрастыру. «Мозайка» әдісімен тапсырма топ мүшелеріне бөлінеді, алдымен топта тексеріліп, кейін сыныпта ауызша айтылады.

Үлгі диалог

Kate: We went to Paris last weekend on a school trip.

You: Did you have a good time?

Kate: Yes, we had a lovely time.

You: How did you get there?

Kate: By ferry from Dover and then by train to Paris.

You: Where did you stay?

Kate: In a small hotel.

You: Was it comfortable?

Kate: Not too bad, but I didn’t like the breakfast.

You: Did you do a lot of sightseeing?

Kate: Yes, we saw Notre Dame, the Louvre and the Eiffel Tower.

You: Did you buy any presents?

Kate: Yes, I bought some chocolate cakes for Lucy, but I was so hungry I ate them!

You: How was your trip back to Dover by sea?

Kate: It was so rough that lots of us were sick.

You: Were you sick too?

Kate: No, Sue and I weren’t sick because we stayed up on deck.

Грамматиканы бекіту: “so… that” құрылымы

Есте сақта

Мағынаны күшейту үшін “so + adjective/adverb + that” құрылымы қолданылады.

Мысалдар

She started to cry because she was so upset. Ол қатты ренжігендіктен жылай бастады.

She was so upset that she started to cry. Оның ренжігені соншалық, ол жылай бастады.

Сергіту сәті

“The Lion Sleeps Tonight”

Музыкалық сергіту жаттығуы үшін бейнематериал қолданылады.

Сілтеме: http://www.youtube.com/watch?v=wQykB2-CGu0

Жазбаша жұмыс: сәйкестендіру

Тапсырма

Exercise 7 (p.151): Сөйлемдерді мағынасына қарай толықтырып, сәйкестендіріңіз.

Сын есімдер

  1. 1) hungry
  2. 2) angry
  3. 3) thirsty
  4. 4) tired
  5. 5) pleased
  6. 6) upset

Нәтижелер

  • started to cry
  • went straight to bed
  • drank a litre of water
  • ate three Big Macs
  • slammed the door
  • gave a kiss

Үлгі

Example: I was so hungry that I ate three Big Macs.

Топтық жұмыс: “ТВ шоу” форматы

Сценарий

Exercise 9 (p.152): Сұрақтарға жауап беруге дайын оқушы мен интервьюер арасында диалог құрылады.

Сұрақтар тізімі

  • Where/when did you go?
  • How did you go there?
  • What did you see?
  • What was the weather like?
  • What was the food like?
  • What were your good/bad impressions about it?

Бағалау және үй тапсырмасы

Бағалау

Өзін-өзі бағалау мақсатында «Басбармақ» әдісі қолданылады.

Үй тапсырмасы

Exercise 6 (p.151): сөйлемдерді аяқтау.

a) It was so windy at the top of the Eiffel Tower that Kate lost her scarf.

b) The Eiffel Tower is so high that when you look down you feel giddy.

c) The sea was so rough that lots of us were sick.

d) Kate and Sue were so hungry that they ate all the little chocolate cakes which were a present for Lucy.