Қазақша рефераттар

Мейірімді ұстазым

Жарқын жүзді ұстазым
(Эленора апайға арнаймын.)

Алғаш білім үйретіп
Әліппені ұсындың,
Мейірімді ұстазым.
Білімді қылып өсіріп
Тәлім берген балаға
Әр сәті тұрған бір ерлік.
Қамқоры болған ұл - қыздың,
Мұғалім ол біздің.
Білімнің кәусар бұлағы
Өзіңізден тарайды.
Ақылшы дана ұстазым
Дана деп сізді санаймын.
Мен қашыққа қараймын,
Сіздің берген біліммен
Білім көгіне самғаймын.