Қосудың заңдарын ата
Сабақ туралы
Пән: Математика (3-сынып)
Тақырып: Өтілген материалдарды пысықтау
Мақсат: Өткен материалды қайталау арқылы оқушыларды есеп шығаруға дағдыландыру, есте сақтауды нығайту және топта жұмыс істеу белсенділігін арттыру.
Әдіс-тәсілдер
- Сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары
- АКТ қолдану
- Топтық жұмыс
- Формативтік бағалау
Көрнекіліктер
- АКТ (слайдтар, бейнеүзінді)
- Үлестірмелі қағаздар
- Тест тапсырмалары
I. Ұйымдастыру кезеңі
Сыныпты топқа бөлу
Оқушылар топтарға бөлініп, әр топ өз рөлін анықтайды.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау
Сабақ мақсаты қысқаша түсіндіріліп, жұмыс форматы (топтық жұмыс, бағалау түрі) айқындалады.
II. Психологиялық дайындық
Әрбір адам? Туысым, досым, жұрағат.
Әрбір сабақ? Үйрену, ұғыну, ұлағат.
Әрбір ісің? Тірлік, бірлік, адалдық.
Әрбір сөзің? Шындық, бірлік, адамдық.
III. Білімді тексеру
Балалар, бүгінгі сабақта өткен тақырыптар бойынша білімімізді ортаға саламыз. Бүгін біз өз біліміміз арқылы ертегі кейіпкерлеріне көмектесеміз.
«Миға шабуыл»
Үзінді мультфильм (Слайд 1)Келесі тапсырмаларды орындап, кішкентай баланың бет алған бағытына жетуіне көмектесейік.
Сен білесің бе?
Математикалық сұрақтар (Слайд 3–5)I топ
- Кез келген санды 1-ге көбейткенде қандай сан шығады?
- Санды сол санның өзіне бөлсе, неше шығады?
- 0-ді санға бөлгенде неше шығады?
- 5 кг мақта ауыр ма, әлде 5 кг темір ауыр ма?
II топ
- Есепте қосу мен көбейту амалдары қатар келсе, алдымен қай амалды орындаймыз?
- Қабырғасы 6 см шаршының периметрін тап.
- Ұзындығы 4 см, ені 8 см тіктөртбұрыштың ауданын тап (S = 4 × 8).
- Арифметикалық амалдарды ата.
III топ
- Қосудың заңдарын ата.
- Көбейтудің заңдарын ата.
- 2-ге қалдықсыз бөлінбейтін сандар қалай аталады?
- Дорбадағы 10 асықты 10 бала алды. Сонда дорбада 1 асық қалды. Бұл қалай болуы мүмкін?
IV топ
- Аудан деген не?
- Ұзындығы 5 см, ені 9 см тіктөртбұрыштың ауданын тап (S = 5 × 9).
- Қос ат жегілген арба 60 шақырым жүрді. Бір ат неше шақырым жүрді?
- Марат кешкі сағат 10:00-де ұйықтады. Ол сағаттың қоңырауын таңғы 9:00-ға қойды. Ол неше сағат ұйықтады? 11 сағат.
Ескерту
Тапсырмалар топ ішінде талқыланып, жауаптар дәлелмен айтылады. Мұғалім формативтік бағалау арқылы кері байланыс береді.