Туған жер беу, туған жер

Тәрбие сағатының өту барысы

Бұл сабақ оқушыларға Қазақстанның тәуелсіз мемлекет екенін, оның рәміздерін, ана тілін, елордасын және туған өлкенің табиғи-географиялық ерекшеліктерін таныстыра отырып, патриоттық сезімді күшейтуге бағытталады.

1) Ұйымдастыру кезеңі

  • Амандасу.
  • Оқушылар «Атамекен» әнін хормен орындайды.

2) Кіріспе бөлім

Біздің республикамыз Қазақстан деп аталады. Қазақстан — тәуелсіз, егемен мемлекет. Сондықтан оның мемлекеттік Әнұраны, Елтаңбасы және Туы бар. Ұлттық ана тіліміз — қазақ тілі.

Сұрақ-жауап

  • Республикамыздың Президенті кім? (Н. Ә. Назарбаев)
  • Біздің астанамыз қалай аталады? (Астана)

3) Негізгі бөлім: карта арқылы таныстыру

Қазақстан картасы

Картада Қазақстанның қалалары, облыстары, өзен-көлдері көрсетіледі. Жеріміз пайдалы қазбаларға бай: мұнай-газ, уран және басқа да кен орындары бар. Қазақстан аумағы бойынша әлемде 9-орында. Мұндай елде туғанымызды мақтан ете аламыз.

Маңғыстау облысы

Бұл — біздің туған өлкеміз. Маңғыстауда 362 әулие туралы дерек айтылады, табиғаты әсем Тамшалы бар, Үстірт өңірі, Шерқала сияқты көрікті жерлерімен танымал. Өлке қазба байлыққа, әсіресе мұнайға бай. Сонымен бірге алып Каспий теңізі орналасқан.

Географиялық ерекшелік

Картадан Қарақия ойпаты да көрсетіледі — ол теңіз деңгейінен −132 метр төмен орналасқан.

4) Отан туралы өлеңдер мен мақал-мәтелдер

Оқушылар туған жерге, елге деген сүйіспеншілікті өлең жолдары және мақал-мәтелдер арқылы жеткізеді.

Қарақат

Қазақстан — туған өлкем, Жер көп пе, сендей көркем? Көрсін деп күллі әлемге Жалауыңды желге желпим.

Сұлтанбек

Туған жерде толамыз, Ертең жігіт боламыз. Отан — ортақ үйіміз, Көңілді ән мен күйіміз.

Нұрсая

Туған жер-ау, туған жер! Сен ыстықсың біздерге. Мың-мың дастан жатыр Халқым басқан іздерде.

Абылайхан

Мақал-мәтелдер

  • Отан отбасынан басталады.
  • Отан — оттан да ыстық.

Отан — сенің ата-анаң, Отан — досың, бауырың. Отан — өлкең, астанаң, Отан — аудан, ауылың.

Би

Қарақат «Жұмыр қылыш» биін орындайды.

Мұхамбет

Күнді құшқан қос қыран, Аясында қалқыған. Аспан түсті туым бар, Көк теңіздей шалқыған.

Дамир

Арыстандай айбаттым, Жолбарыстай қайраттым. Аспандаған байрақтың Қанша жұлдыз жайнаттым. Қанша бұлбұл сайраттым, Қазақстан — ардақтым.

Жансерік

Өзіңдікі туыңда От пен ауа, суың да. Жаса, Қазақстаным, Белді бекем буында.

Мақал

Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас.

Ерболат

Аялап ару ананы, Өсірген еркін баланы, Бесік боп тербеткен Отаным — Қазақстан.

Мақал-мәтелдер

  • Отан — қуат, отбасы — шуақ.
  • Жері байдың — елі бай.

Құдайберді

Отанды біз атамекен Деп аялап атаймыз. Өйткені оны мекен еткен Бабамыз бен атамыз.

Мақал

Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол.

Ақжол

Бұлт баспасын күнімді, Тартылмасын өрісің. Биік ұстар туымды — Қасиетті борышым.

Ән

Сая мен Мәдина «Әрқашан күн сөнбесін» әнін орындайды.

Нұрбек

Көк туым көтерілді, бағым жанып, Елтаңбам әлемге танылды анық. Шырқаймын Әнұранды бар дауыспен, Арманым — Ата заңым қабылданып.

Перизат

Алтын дәнді даласы бар, Ақ күмістей қаласы бар. Неткен сұлу, неткен көркем — Осы менің туған өлкем.

Мәдина

Жаса, жаңа Астанам, Өркен жая бастаған. Болашақтың есігін Өз қолыңмен аш маған.

Сая

Қазақпын, мен қазақтың бөлшегімін, Қажетіне өзгенің өлшемімін. Айбарлы елдің ұлымын, айтаңбалы, Кейіпкері емеспін ертегінің.

Ақниет

Отан деген — атамекен, Отан деген — туған жер. Отан — ана, Отан — үлкен, Қазақстан — туған ел.

Дария

Рухынан жақсылардың нұр саулаған, Жанымды мейірімі құрсаулаған. Жайсаң өлке, жайдары Қазақстан, Шуақ шашқан сәулелі.

5) Көрініс: «Ата мен немере»

Музыка ойнап тұрады. Ата жаймен кіріп, орындыққа келіп демалады. Осы кезде немересі жүгіріп шығады.

Немересі

Ата, не ойлап отырсыз?

Атасы

Ә, балам, атаң не ойламайды дейсің! Сенің болашағыңды ойлаймын. Еліміздің болашағы жайлы, өткен өмір жайлы ойланамын.

Немересі

Ата, «өткен өмір» деген не?

Атасы

Балам, өткен өмір — ежелгі бабаларымыздан бергі жүріп өткен жол. Бұл — тарих.

Немересі

Ол қандай болған?

Атасы

Ендеше тыңда, балам! Сен өз тарихыңды, жеті атаңды білуге тиіссің. Отаны жоқ адам — нағыз бақытсыз. Ал біз — бақ қонған тәуелсіз халықпыз. Отанды көркейту үшін сендер сабақты жақсы оқуларың керек.

Немересі

Ата, онда мен Қазақстанды одан әрі дамыту үшін сабағымды жақсы оқитын боламын!

Атасы

Балалар, туған жерді гүлдендіретін ұл-қыз — міне, сендерсіңдер.

Ата мен немере сахнадан шығып кетеді.

6) Қорытынды

«Ата қоныс — жер қымбат, туып-өскен ел қымбат» демекші, бүгінгі тәрбие сағатында айтылған ойларды өнеге етіп, елді де жерді де сүюді, қадірлеуді өмірлік мақсат етейік.

Еліміздің келешек тағдыры, Қазақстанның ертеңі — өз қолдарыңда. Туған елдеріңді өркениетті мемлекеттермен терезесі тең, керегесі кең ету — сендердің міндеттерің. Ол үшін терең әрі жан-жақты білім алу қажет.

Түйін сөз

  • Орағың өткір болса, қарың талмайды.
  • Отаның берік болса, жауың алмайды.

Сау болыңыздар!