Реттік сан есімдерді сөйлемде дұрыс қолдану, жұрнақтарын дұрыс жалғай білу

Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Үлкен Нарын ауылдық лицейі

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Касанова Сауле Кайролдақызы

Пәні: Қазақ тілі

Тақырыбы: Спорт түрлерін үйрету: реттік сан есім

Сабақтың құрылымы

Бұл сабақта оқушылар спорт тақырыбы арқылы реттік сан есімдерді сөйлемде дұрыс қолдануды, жұрнақтарын орынды жалғауды және сұрақ құрастыру дағдыларын дамытады.

Мұғалімнің іс-әрекеті және кезеңдер

Ұйымдастыру кезеңі (2 минут)

  • Амандасу.
  • Психологиялық ахуал қалыптастыру.
  • Бағалау парақтарын ұсыну.

Ой қозғау (5 минут)

  • Видеофильм көрсету.
  • Сабақтың мақсатын оқушылармен бірлесіп анықтау.
  • Талқылау: өмірде және спортта реттік сан есімдер қолданыла ма?

Негізгі сұрақ

Өмірде және спортта реттік сан есімдерді қай жағдайда қолданамыз?

Грамматиканы қайталау (14 минут)

Мақсаты

Реттік сан есімдерді сөйлемде дұрыс қолдану және жұрнақтарын дұрыс жалғай білу.

Сөздік жұмыс (3 минут)

Карточкалар тарату арқылы жаңа сөздерді бекіту және спорт тақырыбы бойынша сөз қорын жүйелеу.

Тақта алдында жұмыс (14 минут)

Оқушылар тақта алдына шығып, спорт түрлері бойынша реттік сан есімдерді қолданып, жеңіл және күрделі сұрақтар құрастырады. Мұғалім озат оқушымен жұптасып, жауаптарды тыңдап, кері байланыс береді.

Мақсаты

Әр спорт түрі бойынша реттік сан есімдерді орынды қолдану, сұрақ қою және жауап беру дағдыларын қалыптастыру.

Рефлексия (3 минут)

Талқылау: өмірде және спортта реттік сан есімдерді қолдану тәжірибесі.

Бағалау (2 минут)

Мұғалім оқушыларды бағалау парақтары негізінде бағалайды.

Үй тапсырмасы (2 минут)

Үй тапсырмасы беріледі.