Стақан шұғыл ыдыс, табақша дайында

I. Ұйымдастыру бөлімі

Оқушыларды 3 топқа бөлу.

II. Психологиялық көңіл күй

«Жымию» ойыны

Ойынның мақсаты: оқушылардың өздеріне деген сенімін арттыру, өзара сыйластық қарым-қатынасқа тәрбиелеу, көңіл күйін көтеру және жаңа сабаққа бағыттау.

1-слайдтағы сұрақ

Балалар, күннен не таралады? (жарық, жылу, шуақ, нұр)

Ендеше, осы әдемі күн сияқты бір-бірімізге жылы жымиып, күлкімізді сыйлайық.

III. Үй тапсырмасы: Судың қасиеттері

Судың қандай қасиеттерін білесіңдер? Тәжірибе жасау арқылы судың қасиеттерін анықтайық.

1-тәжірибе: Судың пішіні қандай?

Стақан, шұңғыл ыдыс және табақша дайындап, әрқайсысына су құй. Су әр ыдыстың пішінін қабылдайтынын байқайсың.

Қорытынды: судың нақты пішіні жоқ, ол құйылған ыдыстың пішініне ие болады.

2-тәжірибе: Судың түсі қандай?

Қызыл, сары, жасыл, көк қарындаштарды дайындап, сол түстерді сумен салыстыр.

Қорытынды: суды қызыл, сары, жасыл, көк деп айтуға болмайды. Демек, су түссіз.

3-тәжірибе: Судың мөлдірлігі қандай?

Стақандағы суға кез келген затты сал. Зат су ішінде анық көрінеді, өйткені су мөлдір.

Ескерту: табиғатта су әрдайым мөлдір бола бермейді — әртүрлі қалдықтардың әсерінен ластануы мүмкін.

4-тәжірибе: Судың дәмі қандай?

Қант — тәтті, тұз — ащы (тұзды), лимон — қышқыл. Ал таза судың дәмін байқап көр.

Қорытынды: таза суды тәтті, ащы, қышқыл деп сипаттай алмаймыз. Судың дәмі жоқ.

5-тәжірибе: Судың иісі қандай?

Тамақтың, гүлдердің, иіссудың иісі болады. Ал суды иіскеп көр: иіс сезіле ме?

Қорытынды: су иіссіз.

6-тәжірибе: Су сұйық күйде қандай қасиетке ие?

Бір стақанға су құйып, екінші стақанды бос қалдыр. Суды бірінші стақаннан екінші стақанға құй.

Қорытынды: су ағады.

2-слайд: Топтастыру

түссіз мөлдір дәмі жоқ иіссіз ағады пішіні жоқ жабысады

3-слайд

IV. Ой қозғау

1-топ: Су туралы не білеміз?

Су деген не? Су — сұйық зат. Ол бұлақтарда, өзендерде, көлдерде, теңіздер мен мұхиттарда болады. Аспаннан жаңбыр түрінде түседі.

2-топ: Тәжірибе дегеніміз не?

Тәжірибе — шындыққа сынақ жүргізу арқылы көз жеткізу, танып-білу.

3-топ: Табиғатта су неше күйде болады?

Табиғатта су 3 күйде болады: сұйық, қатты (мұз), газ (бу).

Топпен жұмыс

  • I топ: «Су деген не?» тақырыбында жұмыс
  • II топ: сурет салу, жұмбақтар айту
  • III топ: мақал-мәтелдер айту

4-слайд

V. Сергіту сәті

Қысқа сергіту жаттығулары орындалады.

VI. Жаңа сабақ

Қызығушылықты ояту: «Дыбысты таны» ойыны

Телефон арқылы мына дыбыстар тыңдатылады:

  1. Жаңбырдың дыбысы
  2. Ағып жатқан судың дыбысы

Осыған сүйене отырып, бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланады: «Суды қорғау». Сонымен қатар судың тіршілік үшін маңызы қарастырылады.

5-слайд

Суретпен жұмыс

Кітаптағы суреттерге сүйеніп, судың табиғатта және адам өмірінде қандай пайдасы бар екенін талқылау.

Су адамға, жануарларға, өсімдіктерге қажет. Табиғаттың көркін келтіріп, жер бетін саялы баққа айналдыратын байлық көзі — су. Тіршілікке қажетті негізгі жағдайлардың бірі — су.

6-слайд

«Сулы жер — нулы жер»

«Ну» дегеніміз — қалың тоғай. Бұл мақалдың мәні: су бар жерде тіршілік бар.

Өзен-көл, бұлақ жағаларында және суы мол аймақтарда орман-тоғайлар, бұталар, шалғын шөптер жайқалып өседі. Жануарлар тіршілік етеді, әсіресе құстар көп болады. Судың ішінде, бетінде, жағалауында сан алуан өсімдік пен жануар өмір сүреді.

7-слайд

Су — тазалық пен денсаулықтың көзі

Сусыз адам өмір сүре алмайды. Біз суды ішеміз, онымен ас әзірлейміз, өсімдіктерді және бау-бақшаны суарамыз. Суға шомылып салқындаймыз, киім-кешек пен түрлі ласты жуу арқылы тазалық сақтаймыз.

8-слайд

Су — қатынас жолы

Үлкен мұхиттар мен теңіздерде кемелер жүзеді: олар жолаушыларды тасиды және алыс жерлерге жүк жеткізеді.

Қорытынды: жер бетінде суды пайдаланбайтын бірде-бір тіршілік иесі жоқ. Ауа тіршілікке қаншалық қажет болса, су да сондай қажет.

VII. Оқулықпен жұмыс

Ой шақыру

Сендер қалай ойлайсыңдар, жер бетіндегі ауыз су жеткілікті ме?

Оқушылардың жауаптары тыңдалады, кейін мәтін оқытылады.

Мәтін бойынша негізгі ой

Халық санының өсуіне байланысты жұмсалатын су мөлшері үнемі артып отырады. Әр адам тәулігіне тамаққа және ішуге шамамен 2–3 литр су жұмсайды. Егер жуынуға, кір жууға және басқа тұрмыстық қажеттерге кететін суды есептесек, бұл көлем 10 литрден де асады.

Тамақ ішуге

Ішу және ас дайындау

Бет-қол жуу

Жеке гигиена

Кір жуу

Тазалық жұмыстары

Суару

Бау-бақша, өсімдіктер

Пайдаланылған су шайынды суға айналады, яғни ластанған су. Суға түсетін ластаушы заттар көп: өнеркәсіп, шахта, кен орындары, мұнай өнеркәсібі, су және теміржол көліктері, автомобиль көліктері және тағы басқа салалардың шайындылары.

Мұндай шайынды сулардың салдарынан судағы жәндіктер, өсімдіктер, балықтар қырылады, түрлі аурулар тарауы мүмкін. Сонымен қатар ірі құрылыстар салу кезінде өзендерге бөгет жасалады. Суды шамадан тыс пайдаланудан көлдерге құятын өзен сулары азаяды. Мұны тартылып қалған Арал теңізінің тағдырынан көруге болады.

Сондықтан суды үнемдеп, дұрыс әрі таза пайдалану қажет. Жер бетіндегі тұщы судың азайып бара жатқанын әр адам ескеруі тиіс.

Ой қозғау: Суды қорғау үшін не істеуіміз керек?

  • Суды үнемдеу керек.
  • Суды көп мөлшерде төгуге болмайды.
  • Су қоймаларының таза ұсталуын қадағалау керек.
  • Зауыттар мен фабрикалардан шыққан қалдық суларды өзен-көлдерге ағызуға болмайды.

VIII. Дәптермен жұмыс

Судың пайдасы

Оқушылар судың пайдаларын дәптерге жазады.

Судың зияны

Судың дұрыс пайдаланылмауынан немесе ластануынан туатын зияндарын дәптерге жазады.

IX. Қызықты мәліметтер

Минералды сулар

Қандай минералды суларды білесіңдер? (Минералды суларды сызба арқылы орналастыру.)

Сарыағаш Тассай Әсем-ай т.б.

X. Тақтамен жұмыс

Тақтада негізгі ұғымдар бекітіледі, мысалдар келтіріледі.

XI. Сабақты қорыту

Суды ластаушы заттар

Тағам қалдықтары, фабрикалар мен зауыттар, мұнай өнеркәсібі, көліктер, теміржол, шахталар және т.б.

Суды қорғау үшін не істейміз?

Суды үнемдеу, суды ластамау, қалдық суларды тазарту, су көздерін қорғау ережелерін сақтау.

Су туралы тыйым сөздер

  1. Отқа су құйма.
  2. Түнде суға түспе.
  3. Түнде суға барма.

XII. Төртжолды өлең

Үлгі

Не?
Су
Қайтеді?
Ағады, жұғады
Қандай?
Мөлдір, түссіз
Мақал-мәтел
Судың да сұрауы бар.

Қорытынды шумақ

Су — тіршіліктің нәрі, маңызы зор байлық.
Су жоқ болса, тіршілік те тоқырар, бауырым.
Су-Ананың қадірін біле тұра бағаламай,
Көп болған соң ұмытып кетеміз кейде оның қадырын.