Баланың өзіндік ішкі позициясы қалыптасып және екі қажеттілігі

Ойын арқылы сөйлеу тілін дамыту және сыни ойлау құзыреттілігін қалыптастыру

5–6 жастағы балалардың ойын арқылы сөйлеу тілін дамытуы және сыни тұрғыдан ойлау технологиясы негізінде құзыреттілікті меңгеруі — мектепке дейінгі білім берудің маңызды бағыттарының бірі. Болашақ ұрпақтың танымдық белсенділігін дамыту ақыл-ой тәрбиесінің негізгі міндеті ретінде өзектілігін жоғалтпай келеді. Бұл бағыт баланың ойлау операцияларының, танымдық үдерістерінің және қабілеттерінің дамуымен тікелей байланысты.

Негізгі басымдық

6–7 жастағы баланы оқу-тәрбие үдерісінде дамытуда басты рөлді ең алдымен баланың өздігінен әрекет етуі мен танымдық белсенділігі атқарады.

Ғылыми көзқарас: танымдық белсенділіктің көрсеткіштері

С. Л. Рубинштейн, Д. П. Годовикова, Т. А. Куликова, А. И. Сорокина еңбектерінде 6–7 жастағы балалардың білуге құштарлығы, танымдық қызығушылығы, коммуникативтік сұрақтары мен түрткілері танымдық белсенділіктің негізгі көрсеткіштері ретінде қарастырылады.

Практикаға бағдар

А. П. Усова «Балабақшадағы оқыту» еңбегінде мектепке дейінгі балалардың оқу әрекетіндегі танымдық белсенділігін үш деңгейге бөліп қарастырады және осы теорияны тәжірибеде басшылыққа алуды ұсынады.

Педагогтың рөлі және кәсіби жауапкершілік

6–7 жастағы балалардың танымдық белсенділігін дамыту балабақша педагогтарының үлесіне тиеді және бұл мәселе ұйымдастыру шеберлігімен тікелей байланысты. Сондықтан бүгінгі күні тәрбиеші-педагог мамандарына түпкілікті білім берумен қатар, кәсіби іс-әрекеттің ғылыми негіздерін практикада қолдануға, практикалық біліктілік пен дағдыны қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді.

Ең басты талап

Баланың бақыты мен тағдырына жауапкершілікпен қарап, оның дене, физиологиялық және психологиялық даму заңдылықтарын түсіну.

Кәсіби ұстаным

Балабақша педагогы өзін тек «тәрбиеші» деп шектемей, жалпы мәдениетін, кәсіби біліктілігін және даярлығын үздіксіз жетілдіруі қажет.

Мектепалды кезеңнің психологиялық ерекшеліктері

6–7 жастағы балаларда қоршаған ортаны танып-білуге деген қызығушылық басым болады. Осы кезеңде баланың өзіндік ішкі позициясы қалыптасып, қажеттіліктері айқындалады: біріншісі — тануға ұмтылыс, екіншісі — белгілі бір әлеуметтік қатынасқа түсу қажеттілігі.

Бала әлемді қалай таниды?

  • ойын, еңбек, серуен және ұйымдастырылған оқу қызметі арқылы;
  • педагог-тәрбиешімен, ересектермен және құрдастарымен қарым-қатынас барысында.

Осыған байланысты тәрбиеші-педагог баланы «ертеңгі мектеп оқушысы» ретінде қарап, оның мінез-құлқын, сана-сезімінің жетілу деңгейін және таным үдерістерінің (түйсік, қабылдау, ес, ойлау, сөйлеу, зейін) дұрыс бағытта қалыптасуы мен дамуын жүйелі түрде қадағалап, қолдап отыруы керек. Оқу-тәрбие үдерісін баланың жас ерекшеліктерін ескере отырып ұйымдастыру — нәтижелі жұмыстың шарты.

Танымдық белсенділікті арттырудағы ойынның құндылығы

Қазіргі таңда мектеп оқушыларының танымдық белсенділігін арттыру мәселесі жаңа технологияларды енгізу арқылы жоғары деңгейде шешіліп, сапалы нәтижелер байқалуда. Бұл үдеріс оқушының танып-білу қабілетін дамытуға, өз пікірін еркін айтуға және шығармашылығын қолдауға негізделеді. Сыныптан тыс жұмыстарға кеңінен қатыстыру да ойлануға, ізденуге мүмкіндік береді.

Танымдық қызығушылықты дамытуда танымдық ойындарды қолданудың маңызы зор. Ойын — жас ерекшелікке қарамайтын, адамның көңіл күйін көтеріп, ойландыруға жетелейтін үдеріс.

Ойын нені қалыптастырады?

  • төзімділік, алғырлық, тапқырлық;
  • ұқыптылық, ізденпаздық, іскерлік;
  • дүниетанымның кеңеюі және көп білуге құштарлық.

Нәтижеге әсері

Ойынды сабақтан тыс уақытта тиімді қолдану айқын нәтиже береді: баланың шығармашылық қабілетін оятып, танымдық қасиеттерін дамытады, ал өмірді түсінуге жол ашады.

Ойын тек дене күш-қуатын арттырып, шапшаңдық пен дәлдікке тәрбиелеп қана қоймайды. Ол баланың ақыл-ойының толысуына, жан дүниесінің қалыптасуына, өсуі мен дамуына да ықпал етеді. Ойынға зер салып, ой жүгіртсек, үлкен мәні бар мағыналы істердің бастауын көреміз: өйткені ол — шығармашылықтың қайнар көзі.

БҚО, Тасқала ауданы, «Ақбөпе» балалар бақшасының тәрбиешісі — Айшуақова Райса Адиловна