Күн сағаты

Атырау облысы, Исатай ауданы, Жанбай селосы · Х. Наубетов атындағы орта мектеп

Бастауыш сынып мұғалімі: Сұлтанғалиева Күнсұлу Саменқызы

Сабақ тақырыбы

Уақыт өлшемі. Сағат. Минут.

Мақсаты

  • Уақыт өлшем бірліктері — сағат пен минутты, олардың өзара қатынасын түсіндіру.
  • Уақыт туралы түсінік қалыптастырып, ғылыми деректер арқылы қызығушылықты арттыру.
  • Шаршы мен тіктөртбұрыштың периметрін табу, жақшалы өрнектерді шығару, қосу-азайту дағдыларын жетілдіру.
  • Достыққа, сыйластыққа, саналы азамат болуға тәрбиелеу.

Әдістер мен құралдар

Әдістер

Түсіндіру, есеп шығару, жұптық жұмыс, ойын арқылы есептеу, графикалық жұмыс.

Көрнекілік

Сағат макеті, жұмбақ, уақыт туралы қосымша мәліметтер.

Негізгі ұғым

Уақыт бірліктерінің байланысы:

1 сағат = 60 минут

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру және психологиялық дайындық

Ынталандыру өлеңі

Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан,
Математикаға орын берсең басыңнан,
Барлық ғылым саған үйір болады,
Досың солар табылатын қасыңнан.

Сабақ ұраны

Біздер тату баламыз,
Өсіп шымыр боламыз.
Есептерді тез шешіп,
Біз білімді боламыз.

2) Үй тапсырмасын тексеру (қайталайық)

  • 1 Сыйымдылықтың негізгі бірлігі не?
  • 2 Литрмен қандай заттарды өлшейміз?
  • 3 Сұйық заттарға мысал келтір.
  • 4 Фигуралар арқылы топқа бөліну.

3) Жаңа сабақ: жұмбақ арқылы тақырыпқа шығу

Жұмбақ

Тілдерімен жүреді,
Уақытты біледі.

Жауабы: сағат.

Түсіндіру сұрақтары

  • Сағатпен нені өлшейміз?
  • Уақытты білу не үшін қажет?
  • Сағаттың негізгі екі тілі бар. Олардың айырмашылығы қандай?

Ережелер (қысқаша)

  • Үлкен тіл минутты, кіші тіл сағатты көрсетеді.
  • Әр цифрға жеткен сайын 5 минут өтеді.
  • Дәл сағат болғанда минут тілі 12-де, сағат тілі тиісті сағат санында тұрады.

Мысалдар

Уақыт

06:15

6 сағат 15 минут

Уақыт

12:30

12 сағат 30 минут

Тапсырма

Түскі 1:00-ді көрсетіңдер.

Қосымша тапсырмалар: кешкі ас ішетін уақытты және жататын уақытты сағат макетінде көрсетіңдер.

4) Оқулықпен жұмыс

№1 тапсырма

Сурет бойынша жұмыс: Бекзаттың іс-әрекеттерінің ретін анықтау. Рим цифрларын көрсету.

№2 тапсырма

Уақытты айтыңдар.

№3 тапсырма (ауызша)

Берілген басталу және аяқталу уақыттары бойынша жұмыс.

Оқушы Басталуы Аяқталуы
Берік 10:00 10:45
Серік 10:50 11:35
Шынар 11:00 11:45

5) Сен білесің бе? (уақыт өлшеудің қысқаша тарихы)

Күн сағаты

Ежелгі Египетте бұдан шамамен 5000 жыл бұрын қолданылған. Жерге шеңбер сызып, ортасына таяқ қадаған. Таяқтың көлеңкесі арқылы уақытты анықтаған.

Құм сағаты

Орта ғасырларда кең тараған. Құмның бір ыдыстан екінші ыдысқа өту уақыты белгілі бір аралықты көрсеткен.

Атом сағаты

1948 жылы ең дәл өлшейтін сағат түрі жасалды. Онда «маятник» қызметін атом ішіндегі үдерістердің тұрақты тербелісі атқарады.

6) Тапсырмалар және бекіту

№4 тапсырма (жазбаша)

«Ойлан – жұптас – бөліс» әдісі бойынша орындау.

Сергіту сәті

Видео арқылы қимыл-қозғалыс жаттығулары.

№5 өзіндік жұмыс: Шындық па, жалған ба?

1

1 сағат = 60 минут

2

1 апта = 6 күн

3

1 минут = 60 секунд

4

1 тәулік = 12 сағат

Жұппен жұмыс: жақшалы өрнектер

12 − (4 + 2) = 6
(10 − 6) + 4 = 8
7 + (10 − 7) = 10

Қызықты сұрақтар

  • 1) 1 сағат көп пе, әлде 90 минут көп пе?
  • 2) 2 көгершінде барлығы неше көз бар?
  • 3) Пойызбен — 1 тәулік, автобуспен — 5 сағат. Барлығы неше сағат?

7) Қорытынды, бағалау және үй тапсырмасы

Қорытындылау

Сағат пен минуттың байланысын қайталау, уақытты оқу дағдысын бекіту.

Бағалау

Оқушылардың белсенділігі мен тапсырма орындау сапасына қарай бағалау.

Үй тапсырмасы

№5 тапсырма