Оқушыларды туған өлкенің тарихында елеулі орын алған оқиғалармен, тарихи тұлғалармен таныстыру

Туған өлкенің тарихи жерлері

Бұл сабақ туған өлкенің тарихында елеулі орын алған оқиғалар мен тарихи тұлғаларды таныстыруға, оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, танымдық қабілеттерін дамытуға бағытталған. Сондай-ақ, коммуникативтік дағдыларды және мәселені шешу құзыреттіліктерін қалыптастыруға мән беріледі.

Тарих Өлкетану Тұлғатану Құзыреттілік

Сабақтың мақсаттары

1) Танымдық бағыт

Оқушыларды туған өлкенің тарихында елеулі орын алған оқиғалармен және тарихи тұлғалармен таныстыру.

2) Дамытушылық бағыт

Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, танымдық қабілеттерін дамыту, коммуникативтік дағдыларды және мәселені шешу құзыреттіліктерін қалыптастыру.

3) Тәрбиелік бағыт

Туған жер тарихын біле отырып, ел мен жерге үлес қосқан елеулі тұлғаларды құрметтеуге, олардың игі істерін жалғастыруға тәрбиелеу.

Материалдар

  • Сабақ материалы Word құжаты түрінде ұсынылады.
  • Қосымша материал презентация форматында беріледі.