Жуан айтылатын сөздер
Сабақ туралы
Тақырып
Жуан айтылатын сөздер. Малдың төлін сүюі. Малды құрметтеу.
Сабақтың түрі
Аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдер
- Сұрақ-жауап
- Топтастыру
- Түртіп алу әдісі
Көрнекіліктер
Слайдтар, карточкалар, төрт түлік малдың кейіпкерлері, төлдердің суреттері.
Сабақтың мақсаты
Білімділік
- Жуан айтылатын сөздер туралы түсінік беру.
- Өлеңді мәнерлеп оқыту, мағынасын түсіндіру.
- Сөздерді қатесіз жазуға үйрету.
Тәрбиелік
Төрт түліктің пайдасын таныту, табиғи өнімдердің денсаулыққа қажеттігін түсіндіру арқылы оқушыларды еңбекке тәрбиелеу.
Дамытушылық
Оқушылардың есте сақтау, өз бетімен жұмыс жасау, танымдық, тапқырлық және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалім: «Балалар, бүгін бізге қонақтар келіп отыр. Амандасайық.»
Оқушылар: «Қайырлы күн!»
II. Психологиялық дайындық
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Баршаңызға құрметпен,
Бас иеміз біз.
III. Үй жұмысын тексеру
Үй тапсырмасы
- «Бөрте лақ» өлеңін жаттау.
- Жіңішке дауыстыларды қайталау.
Топтастыру тапсырмасы
«Ешкі» дегенде ойларыңа не келеді? Екі оқушы жұптасып жұмыс жасап, тірек сызбаға сөздерді іріктеп жазады.
Ескерту: «Ешкі төзімсіз» сияқты бағалауыш сөздерді дәлелдеп айтуға үйретіңіз.
Өлеңді айту және жұмбақ
«Бөрте лақ» өлеңін жатқа айтқызу. Өлеңді қандай әуенге салып айтуға болады? (Мысалы: рэп ырғағына.)
Жағадағы құрақ,
Жайылып жүр … (лақ)
IV. Жаңа сабақ
Кіріспе сұрақ
Мұғалім: «Ата-аналарың сендерді төлдерге байланысты қалай еркелетеді?»
Оқушылар: «Қозым, құлыным, ботам, қошақаным…»
Түйін: Малдың төлі өте сүйкімді, сондықтан еркелету сөздері де төл атауларымен байланысты айтылады.
Ойын: «Бұл ненің төлі?»
Оқушылар төлдерді таңдап, артындағы жасырын сұрақтарға жауап береді.
Дәптермен жұмыс
- Күнді жазу.
- Көркем жазу.
Оқулықпен жұмыс
39-жаттығу (өздік жұмыс): әр сөзде қанша дауысты дыбыс бар, олар қалай естіледі — жуан ба, жіңішке ме?
Ауылдың қойы бар,
Қойы бардың тоны бар.
Дыбыстық талдау және ереже
«Қозы, лақ, бұзау, құлын» сөздеріне дыбыстық талдау жасалады. Дауысты дыбыстар қызыл түспен белгіленеді.
Қорытынды ереже: Егер сөздегі дауысты дыбыстар жуан болса, сөз жуан айтылады.
Бүгінгі тақырып: Жуан айтылатын сөздер.
Өлеңмен жұмыс: «Малдың төлін сүюі»
Өлең мұқият тыңдалады. Таныс емес сөздер кездессе, оқушылар «түртіп алу» әдісімен белгілеп отырады.
- Мұғалімнің мәнерлеп оқуы (слайдта төрт түліктің суреттері көрсетіледі).
- Түртіп алынған сөздерді талқылау, мағынасын түсіндіру.
Сөздік
- Жұрын
- Арық мал. Бұл жерде «арығым» деген мағынада қолданылады.
- Тұлпар
- Жүйрік ат. Малды баптап, жаратып өсірсе, ертең тұлпар болады деген ой айтылады.
Түйін: Мал да өз төлін жақсы көреді — туғаннан бастап бауырына тартып, қорғап, өзгенің малынан қызғанады.
Қимылды сергіту және танымдық тапсырмалар
Психологиялық тренинг: «Не артық?»
Суреттен артық жануарды табу (мысалы: есек).
«Ненің дауысы?»
Төрт түлікті дауысына қарай ажырату.
«Төлін тап»
Әр малдың төлін сәйкестендіру.
Сұрақ: «Малды не үшін өсіреміз?»
Оқушылардың ойлары тыңдалады, ортақ қорытынды жасалады.
Табиғи өнімдер және денсаулық
Сүттен жасалатын тағамдарды атау және олардың пайдасын түсіндіру.
Бұл тағамдар адам денсаулығына пайдалы екені қорытындыланады.
Өлеңмен жұмыс: «Малды құрметтеу»
Өлең оқылады, сөздік жұмысы жүргізіледі.
Сөздік
- Кендір
- Жіптің бір түрі.
- Жыңғыл
- Биіктігі 1–3 м-ге дейін жететін бұта.
Қорытынды: Төрт түлікті еті, майы, жүні, сүті үшін өсіреміз.
V. Бекіту
Бүгінгі сабақта үйренгенді бекіту үшін екі нұсқада тапсырма беріледі: сызба арқылы малдың төлін қалай сүйетінін көрсету және жуан дауыстыларды табу.
I нұсқа
Тапсырма: Сызба арқылы байланыстырып, жуан дауыстылардың астын сыз.
- Сиыр — боташым
- Жылқы — момыным
- Түйе — қорқағым
- Қой — шұнағым
- Ешкі — жұрыным
II нұсқа
Тапсырма: Жуан айтылатын сөздердің астын сыз.
Әр партаға карточка таратылып, оқушылар сызба арқылы сәйкестендіреді.
Қосымша сұрақ
«Осы төрт түлікке байланысты қандай тыйым сөздерді білесіңдер?» — оқушылар жауап береді.
Деңгейлік тапсырмаларды оқушылар өздері таңдап орындайды.
VI. Үй тапсырмасы
- Өлеңді мәнерлеп оқу.
- 40-жаттығуды жазу.