Аққу жалғыз жүрмейтін құс
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, №21 жалпы білім беретін орта мектеп КММ
Бастауыш сынып мұғалімі: Тусупбекова Лаззат Естаевна
Пәні: Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы
Дауыссыз н және ң (179–183-жаттығулар)
Сабақтың мақсаты
- Екі дыбыстың айтылуының өзгеше екенін түсіндіре отырып, оларды сөз ішінде дұрыс айту және дұрыс жазу дағдысын қалыптастыру; тапсырмалар орындату.
- Топтастыру, жинақтау, сөйлеу шеберлігін дамыту арқылы ой-өрісті кеңейту; дыбыстық жүйе туралы білімді тереңдету.
- Оқуға, білімге құштарлықты арттыра отырып, құстарға қамқор болуға тәрбиелеу.
Сабақ туралы қысқаша
- Сабақтың түрі
- Жаңа сабақ
- Әдіс-тәсілдер
- Сұрақ-жауап, түсіндірмелі, талдау-жинақтау және т.б.
- Көрнекілік
- Құстардың суреттері, сызбалар
- Технология
- Интерактивті тақта
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды сабаққа дайындау, зейінін шоғырландыру.
2) Үй тапсырмасын тексеру
Оқушылардың құрастырған әңгімелерін 3–4 оқушыға оқытып, тексеру.
3) Өткенді пысықтау
Дауыссыз дыбыстардың түрлерін еске түсіру, қысқаша қайталау.
4) Жаңа сабақ
Сабақты ашу (179-жаттығу)
Қарағым, оқу оқы, босқа жүрме!
Ойынға, құр қаларсың, көңіл бөлме.
Жасынан оқу оқып, өнер қуған
Жан жетпес көңілі жүйрік кемеңгерге...
Осы өлең жолдары арқылы М. Жұмабаев балаларды оқуға, білімге шақырады. Ендеше, сабағымызды жалғастырайық.
Әңгімелесу
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Күзде құстар тіршілігінде қандай өзгеріс болады?
- Құстар неге жылы жаққа ұшады?
Негізгі идея
н және ң дыбыстары айтылуы жағынан да, сөз ішінде жазылуы жағынан да ажыратылады. Сабақ барысында осы айырмашылықты тапсырмалар арқылы бекітеміз.
Аққуға көмектесейік
Аққу жалғыз жүрмейтін құс. Ол достарынан адасып қалыпты. Жолды табуы үшін тапсырманы орындаймыз.
Көп нүктенің орнына н немесе ң әрпін қойып, көшіріп жаз:
Еңбекті... на... ы тәтті,
Жалқауды... жа... ы тәтті.
Тапсырма орындалған соң, аққу өз тобына қосылатын жолын табады.
Қарлығашқа жәрдем
Қарлығаштың қанаты жараланып, ұша алмай қалыпты. Келесі тапсырма оның сауығып кетуіне көмектеседі.
Жұмбақты көшіріп жазып, «үңгірде» сөзіне дыбыстық талдау жаса:
Қара үңгірде қара тас,
Қызуы бетті қаратпас.
Жауабы: тас көмір.
Тапсырмадан кейін қарлығаш қанатын жазып, ұша алады.
Тырнаны топқа қосайық
Тырна да өз тобын іздеп жүр. Ол үшін жасырынған сөздерді тауып, сөйлем құрап жазамыз.
Сөздер:
Тапсырма: осы сөздермен сөйлемдер құрап жазып, ішінде ң әрпі бар сөздердің астын сыз.
Тоқылдаққа қолдау
Орман емшісі тоқылдақ жылы жаққа ұшу үшін ағаштарды құрттардан тазартып үлгеруі керек. Терме диктант арқылы көмектесеміз.
Тапсырма: н әрпі бар сөздерді теріп жаз.
Дана, аламан, аңшы, жантақ, қаңбақ, нар, жаңбыр, зындан, сынап, жыңғыл, наным.
Сюжетті суреттермен жұмыс
Шымшық құстарға көмектескеніміз үшін алғыс айтып, сюжетті суреттер ұсынады. Оқушылар сурет бойынша сөйлемдер құрайды, сөйлеу дағдысы дамиды.
Қорытынды ой: тапсырмаларды орындау арқылы құстарға көмектестік. Оларға: «Келесі көктемге дейін сау болыңдар, елімізге аман-есен оралыңдар!» деп тілек айтамыз.
Қорытынды
- Бүгінгі сабақта не үйрендік? Не білдік?
- н мен ң дыбыстарының айтылуындағы айырмашылық қандай?
- н мен ң әріптерінің жазылу ерекшелігі қандай?
Оқушылар бірнеше мысал келтіріп, өз ойларын дәлелдейді. Негізгі мақсат — дыбыстарды дұрыс айту мен жазуды нақты ажырату.
Үй тапсырмасы
179–183-жаттығулар бойынша қайталау және мұғалімнің қосымша тапсырмасы (қажетіне қарай) беріледі.
Бағалау
Сабаққа қатысу белсенділігі, тапсырмаларды дұрыс орындауы, сауатты жазуы және дыбыстық талдаудағы дәлдігі бойынша бағаланады.