Қанша қысқа

Сабақтың тақырыбы: 4 санын қосу кестесі

Бұл сабақ жоспары бастауыш сынып оқушыларына 4 санын қосу кестесін меңгертуге, есептеулерді жылдам әрі дәл орындауға және ойлау дағдысын дамытуға бағытталған.

Сабақ түрі: аралас Типі: жаңа сабақты меңгеру Модульдер: АКТ, бағалау, сыни ойлау

Оқу мақсаттары

  • Білімділік: 4 санын қосу кестесін құру; қосылғыштардың бірі 4 болғандағы сан құрамын бекіту.
  • Дамытушылық: есептеулер жүргізу дағдысын, есеп шығару және берілген ұзындық бойынша кесінді сызу қабілеттерін дамыту.
  • Тәрбиелік: алғырлыққа, ептілікке, шапшаңдылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Әдістер мен бағалау

Оқыту әдістері

Ой қозғау, жеке жұмыс, жұптық жұмыс, топтық жұмыс, оқулықпен және тақтамен жұмыс.

Бағалау тәсілдері

  • «Бағдаршам» әдісі
  • «Екі жұлдыз, бір тілек»

Көрнекіліктер

Кеспе сандар мен өрнектер, бағалау үшін «бағдаршам» түстері, электронды оқулық тапсырмалары.

Сабақтың негізгі бөлімдері

1) Ұйымдастыру кезеңі

  • Смайликтер арқылы оқушылардың көңіл күйін көтеру, сәттілік тілеу.
  • Топқа бөлу: қиылған шаршылардың сыртындағы 1, 2, 3 сандары арқылы үш топқа бөлу.

2) Үй тапсырмасын тексеру

Оқулық: 112-бет, 5-есеп.

3) Жаңа сабаққа кіріспе

Ауызша есептеу арқылы қызығушылықты ояту: «Кім жылдам?» тапсырмалары.

Жылдам есептеу үлгілері

  • 3 + 2
  • 2 + 2
  • 4 + 15
  • 10 − 7

Тізбекті аяқта

  • 5 + 1 − 2 + 3 − 4 + 2 = 5
  • 9 − 6 + 4 − 3 + 5 − 9 = 0

Топтық жұмыс нәтижесін тақтада қорғау: 6 минут.

Бағалау

Топтардың жұмысын «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бағалау.

4) АКТ және электронды оқулықпен жұмыс

Электронды оқулық тапсырмаларын орындау және суретпен жұмыс арқылы белгісіз санды табу.

5) Рефлексия

Сабақта орындалған жұмыстар бойынша оқушылардың қатысуын талдау, кері байланыс алу және нәтижені жинақтау.

6) Үй тапсырмасы

Оқулық: 113-бет, 4-есеп.

Түсіндіру жұмысы жүргізіледі және шығармашылық тапсырма беріледі.

Қамтылатын тақырыптар

  • 1) 4 санын қосу кестесі

    Қосудың заңдылықтарын түсіну және бекіту.

  • 2) Артық және кем санды табу

    Салыстыру арқылы дұрыс шешім қабылдау.

  • 3) Есеп: «Қанша қысқа?»

    Ұзындықты салыстыру және айырмасын табу.

  • 4) Есеп: «Қанша арзан?»

    Баға айырмасын есептеу және қорытынды шығару.

Автор

Бастауыш сынып мұғалімі: Аптиханова Ляззат