Тау жыныстарынан
Диктант тапсырмалары • География
Негізгі ұғымдарды бекітуге арналған сұрақтар жинағы
Бұл материалда география пәнінің негізгі бөлімдері бойынша диктант түріндегі тапсырмалар берілген. Әр бөлім соңында дұрыс жауаптар көрсетілген. Мәтін редакцияланып, терминдер біріздендірілді.
Қамтылатын бөлімдер
- Кіріспе2 нұсқа
- Жер және қозғалысы10 сұрақ
- План/карта10 сұрақ
- Глобус/карта10 сұрақ
- Литосфера4 нұсқа
- Атмосфера3 нұсқа
- Гидросфера4 нұсқа
- Биосфера1 нұсқа
- Географиялық қабық2 нұсқа
- Халық географиясы2 нұсқа
- Номенклатура1 нұсқа
Кіріспе тақырыбына арналған диктант
1-нұсқа
- География ғылымы дамыған жер: __________.
- «География» — __________ сөзі.
- «География» __________ деген мағынаны білдіреді.
- __________ жердің табиғатын, табиғат құбылыстарын және олардың өзара байланысын зерттейді.
- Жер шары халқын, шаруашылығын және оның орналасу заңдылықтарын зерттейтін география саласы: __________.
- География ғылымының атасы — грек оқымыстысы __________.
Дұрыс жауаптары
- Ежелгі Грекия
- Грек
- Жерді сипаттау
- Физикалық география
- Экономикалық география
- Эратосфен
2-нұсқа
- Ежелгі Грекия — __________ ғылымы дамыған жер.
- «Табиғат» деген мағынаны білдіретін грек сөзі: __________.
- __________ — «шаруашылықты басқару» деген мағына береді.
- Физикалық география __________ зерттейді.
- Экономикалық география __________ зерттейді.
- «География» терминін ғылымға енгізген: __________.
Дұрыс жауаптары
- География
- Физис
- Экономия
- Жердің табиғатын
- Жер шары халқын, шаруашылығын
- Эратосфен
«Жер және оның қозғалысы» тақырыбына арналған диктант
- Жер — Күн жүйесінің __________.
- «Планета» — __________ сөзі.
- Планетаның Күн төңірегіндегі жолы — __________.
- Жер бетінің жалпы ауданы: __________.
- Жердің полюстік радиусы: __________.
- Жер осі орбита жазықтығына __________ көлбей орналасқан.
- Жер өз білігін __________ қарай айналады.
- Жер өз білігін __________ бір рет айналып шығады.
- Жердің Күнді айналуға кеткен уақыты __________ деп аталады.
- 366 күнге толатын жыл — __________.
Дұрыс жауаптары
- планетасы
- грек
- орбита
- 510 млн шаршы шақырым
- 6357 км
- 66,5°
- батыстан шығысқа
- 24 сағатта
- жыл
- кібісе жыл
План мен карталарда Жерді кескіндеу
1-нұсқа
- __________ — көкжиек тұстарын, бақылаушының тұрған жерін және қозғалыс бағытын анықтау.
- Көкжиек тұстары __________ болып келеді.
- Солтүстік, оңтүстік, шығыс, батыс — көкжиектің __________ тұстары.
- Көкжиек тұстарын анықтайтын құрал: __________.
- __________ — «жол» деген мағынаны білдіретін араб сөзі.
- Азимуты 90° болатын көкжиек тұсы: __________.
- Темірқазық жұлдызының бағыты: __________.
- План мен картада нысандардың неше есе кішірейтіліп түсірілгенін көрсететін шартты өлшем: __________.
- Масштабтың __________ түрі бар.
- __________ — ең ұзын параллель.
Дұрыс жауаптары
- Бағдарлау
- Негізгі және аралық
- Негізгі
- Тұсбағдар (компас)
- Азимут
- Шығыс
- Солтүстік
- Масштаб
- Үш
- Экватор
Глобус пен географиялық карта
- __________ — солтүстік және оңтүстік полюстер арқылы жүргізілген шеңберлер.
- Экваторға параллель немесе меридианды кесе көлденең жүргізілген сызықтар: __________.
- __________ — Жердің дәл үлгісі.
- Жер бетіндегі нүктенің экватордан градуспен алынған қашықтығы __________ деп аталады.
- __________ — нүктенің бастапқы меридианнан градуспен көрсетілген қашықтығы.
- Масштабына қарай карталар __________ топқа бөлінеді.
- 1:100 000-ға дейінгі карталар __________ болып саналады.
- Жер бетінің пішіні карталарда __________ арқылы кескінделеді.
- Ұсақ масштабты карталарға __________ жатады.
- Географиялық бойлық __________ дейін есептеледі.
Дұрыс жауаптары
- Меридиандар
- Параллельдер
- Глобус
- Географиялық ендік
- Географиялық бойлық
- Үш
- Ірі масштабты
- Қабатты бояулар мен горизонтальдар
- 1:100 000 000 және одан да ұсақтары
- 0°–180°
Литосфера тақырыбына арналған диктант
1-нұсқа
- Жердің сыртқы __________ қабығы бар.
- Жоғарғы мантия мен жер қыртысы __________ құрайды.
- Жер қыртысының құрлықтағы қалыңдығы __________ жетеді.
- Жердің қатты сыртқы қабаты: __________.
- Жер қыртысынан кейінгі қабат: __________.
- Литосфералық тақталар жылына __________ ығысады.
- Жер қыртысы __________ тұрады.
- Су, жел және т.б. күштердің әсерінен пайда болатын тау жыныстары __________ аталады.
- Шөгінді тау жыныстары __________ деп бөлінеді.
- __________ — тау жыныстарын құрайтын табиғи заттар.
Дұрыс жауаптары
- Төрт
- Литосфераны
- 30–80 км-ге
- Жер қыртысы
- Мантия
- 2–5 см
- Тау жыныстарынан
- Шөгінді тау жыныстары
- Кесек, органикалық, химиялық
- Минералдар
2-нұсқа
- Жердің ішкі құрылысы __________ тұрады.
- Тау жыныстарын зерттеу және пайдалы қазбаларды барлаумен __________ айналысады.
- Тау жыныстары пайда болуына қарай __________ бөлінеді.
- Магманың жер бетіне шығып немесе жер қойнауында суынуынан __________ пайда болады.
- Жер қыртысының қозғалуының __________ белгілі.
- __________ — жер қыртысы мен жоғарғы мантиядағы ығысу мен ыдыраудан болатын жер бетінің тербелуі.
- Жердің терең ішкі бөлігіндегі тау жыныстары ығысатын жер __________ деп аталады.
- __________ — жер сілкіну ошағының жер бетіндегі нүктесі.
- Жер сілкінуі жиі қайталанатын аймақтар __________ деп аталады.
- Жанартаулар __________ болып бөлінеді.
Дұрыс жауаптары
- Жер қыртысы, мантия, ядро
- Геологтар
- Үш топқа
- Магмалық тау жыныстары
- Екі түрі
- Жер сілкіну
- Жер сілкіну ошағы
- Жер сілкіну эпицентрі
- Сейсмикалық аймақтар
- Сөнген және сөнбеген
3-нұсқа
- Жанартау бөліктеріне __________ жатады.
- __________ — атқылауы жөнінде ешқандай мәлімет қалмаған жанартау.
- Үнемі атқылап тұратын жанартаулар __________.
- Жер бетіне бұрқақ түрінде атқылайтын бұлақтар __________ деп аталады.
- Биіктігі __________ дейінгі таулар аласа тауларға жатады.
- Пайда болуына қарай таулар __________ болып бөлінеді.
- __________ — Жер шарындағы ең биік тау.
- Сыртқы күштердің әсерінен тау жыныстарының өзгеруі __________ деп аталады.
- __________ — жер бетінің тегіс, қырқалы бөлігі.
- Абсолют биіктігіне қарай жазықтар __________ деп бөлінеді.
Дұрыс жауаптары
- Магма, көмей, кратер, лава
- Сөнген жанартау
- Сөнбеген жанартаулар
- Гейзерлер
- 500–1000 метрге
- Ескі және жас таулар
- Гималай
- Үгілу
- Жазықтар
- Ойпаттар, қыраттар, таулы үстірттер
4-нұсқа
- __________ — биіктігі 200 метрге дейінгі жазықтар.
- Биіктігі 2000 метрден асатын таулар __________.
- Жер бетінің ерекше биік бөлігі __________ деп аталады.
- «Эпицентр» сөзінің мағынасы: __________.
- Жер қыртысы қозғалысын __________ құралының көмегімен анықтайды.
- Температура өзгерісінен тау жыныстарының өзгеруі __________ болып саналады.
- Жазықтар __________ деп екіге бөлінеді.
- Қыраттар картада __________ боялады.
- Таулардың ұзақ уақыт бұзылуынан __________ пайда болады.
- Жер бетіне шығып төгілген магма __________ деп аталады.
Дұрыс жауаптары
- Ойпаттар
- Биік таулар
- Тау
- Үстіңгі шеңбер
- Сейсмограф
- Физикалық үгілу
- Тегіс және төбелі
- Сарғыш түспен
- Төбелі жазықтар
- Лава
Атмосфера тақырыбына арналған диктант
1-нұсқа
- Жердің сыртқы ауа қабаты __________ деп аталады.
- Ауаның 78%-ын құрайтын газ: __________.
- Атмосфераның төменгі қабаты: __________.
- Тропосфера жер бетінен __________ дейін созылады.
- Әрбір 100 м биіктегенде ауа температурасы __________ төмендейді.
- Ауаның горизонталь бағытта қозғалысы __________ деп аталады.
- Ауа температурасын __________ құралымен өлшейді.
- Тәуліктегі ең жоғары және ең төмен температура айырмасы __________.
- Ауаның жер бетіне және ондағы заттарға түсіретін күші __________ деп аталады.
- Бағытын тәулік ішінде екі рет өзгертетін желдер __________.
Дұрыс жауаптары
- Атмосфера
- Азот
- Тропосфера
- 8–17 км-ге
- 0,6°-қа
- Жел
- Термометр
- Температураның тәуліктік ауытқуы (амплитудасы)
- Атмосфералық қысым
- Бриздер
2-нұсқа
- Атмосфералық қысымды өлшейтін құрал: __________.
- 23,5° с.е. және 23,5° о.е. параллельдері __________ деп аталады.
- Желдің бағытын __________ құралымен анықтайды.
- Жылына бағытын екі рет өзгертетін жел: __________.
- __________ салыстырмалы ылғалдылықты өлшейді.
- Бұлттардың аспанды торлауы __________ деп аталады.
- Бұлттылық мөлшері __________ белгіленеді.
- Атмосфералық жауын-шашын __________ түрде кездеседі.
- Жер шары __________ жылу белдеуіне бөлінеді.
- Атмосфераның төменгі қабатындағы белгілі жердегі белгілі уақыттағы жай-күй __________.
Дұрыс жауаптары
- Барометр
- Тропиктер
- Желбағар (флюгер)
- Муссон
- Шаш гигрометрі
- Бұлттылық
- 0-ден 10 балға дейін
- Қатты және сұйық
- Бес
- Ауа райы
3-нұсқа
- Жерге жақын ауа қабатындағы су буларының тамшыға айналуынан __________ пайда болады.
- Бұлттар пішініне қарай __________ деп бөлінеді.
- Жауын-шашын мөлшерін __________ өлшейді.
- Поляр шеңберінен полюстерге дейін __________ орналасқан.
- __________ — ауа райының белгілі бір жерге тән және үнемі қайталанып отыратын жай-күйі.
- Климаттық белдеулер __________ деп ажыратылады.
- Жыл бойы ыстық, жауын-шашын мол болатын белдеу __________ деп аталады.
- «Бриз» сөзі __________ деген мағына береді.
- Жер бетіндегі желдің орташа жылдамдығы __________.
- Қалыпты атмосфералық қысым __________ тең.
Дұрыс жауаптары
- Тұман
- Будақ, қабат, шарбы бұлттар
- Жауын-шашын өлшегіш (плювиометр)
- Суық белдеулер
- Климат
- Негізгі және аралық белдеулер
- Экваторлық белдеу
- Жеңіл жел
- 5–10 м/с
- 760 мм сынап бағанасы
Гидросфера тақырыбына арналған диктант
1-нұсқа
- Табиғатта су __________ күйде болады.
- Жер шарының су қабығы __________ деп аталады.
- Дүниежүзілік мұхиттың жалпы ауданы __________.
- __________ — ең үлкен әрі ең терең мұхит.
- Мұхит бөліктеріне __________ жатады.
- Су астындағы жер сілкіну мен жанартау атқылауынан болатын толқындар __________.
- Мұхит суының басты қасиеттері: __________.
- __________ — арна арқылы ағатын су.
- __________ — өзеннің бөліктері.
- Жер шарындағы ең үлкен көл: __________.
Дұрыс жауаптары
- Сұйық, қатты, газ
- Гидросфера
- 361 млн шаршы шақырым
- Тынық мұхиты
- Теңіздер, шығанақтар, бұғаздар
- Цунами
- Температурасы мен тұздылығы
- Өзен
- Бастауы, сағасы, салалары, аңғары
- Каспий
2-нұсқа
- __________ буырқанып, қатты ағады.
- Өзен деңгейінің кенеттен көтерілуі __________ деп аталады.
- __________ — құрлық бетіндегі іші суға толы ойыс.
- Жер бетіне жақын алғашқы су өткізбейтін қабатқа дейінгі су __________ болып саналады.
- Мұздықтар __________ пайда болады.
- __________ — жасанды су қоймалары.
- Өзеннің басталатын жері __________.
- Құрлық мұздықтары __________ болып бөлінеді.
- Жер шарындағы ең ұзын өзен __________.
- Дүниежүзілік мұхит суының орташа тұздылығы __________.
Дұрыс жауаптары
- Тау өзені
- Тасқын
- Көл
- Еспе су
- Поляр аймақтары мен тауларда
- Бөгендер
- Бастауы
- Жабынды және тау мұздықтары
- Ніл өзені
- 35‰
3-нұсқа
- Экватор маңындағы мұхит суының температурасы __________.
- Жан-жағын су қоршаған құрлықтың шағын бөлігі __________ деп аталады.
- __________ — тәулік бойы су деңгейінің көтерілуі мен төмендеуі.
- Толқындар __________ әсерінен пайда болады.
- __________ — маржан полиптерінің жинақталуынан пайда болады.
- Бір-біріне жақын орналасқан аралдар тобы __________ деп аталады.
- Жер шарындағы тұщы судың үлесі __________.
- __________ — мұхиттар мен теңіздер қоршап жатқан ірі құрлықтар.
- Судың мұхиттан атмосфера арқылы құрлыққа, құрлықтан мұхитқа үздіксіз ауысуы __________ деп аталады.
- Мұхиттың немесе теңіздің құрлыққа сұғына еніп жатқан бөлігі __________.
Дұрыс жауаптары
- 28–30°
- Арал
- Толысу мен қайту
- Желдің
- Маржан аралдар
- Архипелаг
- 2,5%
- Материктер
- Дүниежүзілік су айналымы
- Шығанақ
4-нұсқа
- Ең кіші мұхит: __________.
- Гидросфера дегеніміз __________.
- __________ — екі жағынан материктер немесе аралдармен шектелген енсіз су айдыны.
- Теңіздер мен мұхиттар түбіндегі жанартаулар атқылауынан пайда болған аралдар __________ деп аталады.
- __________ — толқын элементтері.
- 1 литр судағы еріген заттардың граммен алынған мөлшері __________.
- Өзеннің құяр жері __________ болып саналады.
- Жылдың белгілі бір маусымында өзен суының мөлшерінің көбеюі __________.
- Жер шарындағы ең терең көл: __________.
- Жердің терең қабатындағы қысымды су __________.
Дұрыс жауаптары
- Солтүстік Мұзды мұхиты
- Жердің су қабығы
- Бұғаз
- Жанартаулық аралдар
- Толқынның қыры, табаны, биіктігі, ұзындығы
- Судың тұздылығы
- Сағасы
- Су тасуы
- Байкал
- Артезиан суы
Биосфера тақырыбына арналған диктант
1-нұсқа
- __________ тірі ағзаларға жатады.
- Тірі ағзалар мекендеп, өзгерткен жер қабығы __________ деп аталады.
- Тірі ағзалардың ерекше __________ қасиеті бар.
- __________ — табиғат жағдайлары бірдей алқапта мекендейтін тіршілік бірлестігі.
- Жердің даму тарихы __________ кезеңнен өткен.
- Жер дамуының алғашқы кезеңі __________ деп саналады.
- Биоценоздардың таралу заңдылықтарын __________ зерттейді.
- «Биоценоз» сөзі __________ деген мағынада.
Дұрыс жауаптары
- Майда ағзалар, өсімдіктер, жануарлар
- Биосфера
- Екі
- Биоценоз
- Екі
- Тіршілікке дейінгі кезең
- Биогеография
- «Тіршілік ортақ»
Географиялық қабық тақырыбына арналған диктант
1-нұсқа
- __________ — литосфераның жоғарғы бөлігі, атмосфераның төменгі бөлігі, гидросфера және биосфераның өзара әрекеттесуінен қалыптасқан ерекше қабық.
- Географиялық қабықтың __________ ерекшелігі бар.
- Географиялық қабықтың құрамдас бөліктері __________ деп аталады.
- Географиялық қабықтың құраушыларына __________ жатады.
- Белгілі аумақтағы табиғат компоненттерінің жиынтығы __________ деп аталады.
- Географиялық қабық — Жер шарының __________.
- Негізгі географиялық белдеулерге __________ жатады.
- Экватордың екі жағында орналасқан, температурасы біркелкі, жыл маусымдары бөлінбейтін белдеу __________.
- Арктикалық және антарктикалық белдеулерді __________ алып жатыр.
- Жер шарындағы ең үлкен Сахара шөлі орналасқан белдеу __________.
Дұрыс жауаптары
- Географиялық қабық
- Төрт
- Табиғат компоненттері
- Тау жыныстары, ауа, су, топырақ, тірі ағзалар
- Табиғат кешені
- Ең үлкен табиғат кешені
- Экваторлық, тропиктік, қоңыржай, полярлық белдеулер
- Экваторлық белдеу
- Мұзды шөл зонасы
- Тропиктік белдеу
2-нұсқа
- Тропиктік белдеуде Жер шарының ең үлкен шөлі __________ орналасқан.
- Мұзды шөл зонасы алып жатқан белдеулер __________.
- Аралық географиялық белдеулерге __________ жатады.
- Тау жыныстары, ауа, су, топырақ, тірі ағзалар — географиялық қабықтың __________.
- Экваторлық белдеу алып жатқан аймақ __________.
- Экваторлық, тропиктік, қоңыржай, полярлық белдеулер __________.
- Жер шарындағы ең ірі табиғат кешені __________ болып саналады.
- Географиялық қабықтан кейінгі табиғат кешендеріне __________ жатады.
- __________ тек географиялық қабыққа тән.
- Экваторлық белдеуде __________ таралған.
Дұрыс жауаптары
- Сахара
- Арктикалық және антарктикалық белдеулер
- Субэкваторлық, субтропиктік, субполярлық
- Құраушылары
- Экватордың екі жағы
- Негізгі географиялық белдеулерге жатады
- Географиялық қабық
- Материктер мен мұхиттар
- Тірі ағзалар
- Ылғалды мәңгі жасыл ормандар зонасы
«Жер шары халқы» тақырыбына арналған диктант
1-нұсқа
- Жер шары халқының саны __________ қарқынды өсті.
- Халық санының қарқынды өсуі __________ деп аталады.
- Қазақстандағы алғашқы халық санағы __________ жүргізілді.
- Халықтың ұдайы өсуін __________ ғылымы зерттейді.
- Жер шары халқының 1 шаршы шақырымға орташа тығыздығы __________ келеді.
- Халық санын реттеу мақсатында __________ жүргізіледі.
- Сыртқы ерекшеліктеріне қарай халықтар __________ бөлінеді.
- Терісінің түсі ақ, қыр мұрынды, ерні жұқа, шашы толқынды не тегіс нәсілдер __________.
- Нәсілдер теңдігін зерттеген ғалым __________.
- __________ БҰҰ Бас Ассамблеясы нәсілдік кемсітушілікті жою туралы қарар қабылдады.
Дұрыс жауаптары
- ХХ ғасырда
- Демографиялық жарылыс
- 1897 жылы
- Демография
- 40 адамнан
- Демографиялық саясат
- Нәсілдерге
- Еуропоидтық нәсілдер
- Н.Н. Миклухо-Маклай
- 1965 жылы
2-нұсқа
- Н.Н. Миклухо-Маклай __________ зерттеген ғалым.
- Демографиялық жарылыс дегеніміз __________.
- Халық саны __________ арқылы анықталады.
- «Демография» __________ деген мағына береді.
- Қазақстанда тәуелсіздік алғаннан бері __________ халық санағы жүргізілді.
- Терісінің түсі сары, шашы қайратты, көздері қысыңқы, жақ сүйегі шығыңқы — __________ белгілері.
- Нәсілдік белгілер __________ байланысты қалыптасады.
- Африка мен Австралияда қоныстанған __________ нәсілдер.
- 1965 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы __________ туралы қарар қабылдады.
- Дүние жүзі елдері даму дәрежесіне қарай __________ деп бөлінеді.
Дұрыс жауаптары
- Нәсілдер теңдігін
- Халық санының қарқынды өсуі
- Халық санағы
- «Халықты сипаттап жазамын»
- 1999 жылы және 2009 жылы
- Моңғолоидтық нәсіл
- Қоршаған ортамен
- Негроидтық
- Нәсілдік кемсітушілікті жою
- Дамыған елдер және дамушы елдер
Географиялық номенклатура: Жер шарының таулары мен жазықтары
1-нұсқа
- 5° ш.б. пен 46° с.е. аралығында орналасқан тау: __________.
- 60° ш.б. пен 66° с.е. координаталарындағы тау: __________.
- 70° б.б. пен 32° о.е. аралығындағы тау: __________.
- Орал тауының батысындағы төбелі жазық: __________.
- Каспий теңізі жағалауындағы ойпат: __________.
- Тигр мен Ефрат өзендері аралығындағы жазық: __________.
- Үндістандағы ойпат: __________.
- Лена мен Енисей өзендері аралығындағы жазық/үстірт: __________.
- Қазақстандағы төбелі жазық: __________.
- Оңтүстік Америкадағы ойпат: __________.
Дұрыс жауаптары
- Альпы
- Орал
- Анд
- Шығыс Еуропа жазығы
- Каспий маңы ойпаты
- Месопотамия ойпаты
- Үнді-Ганг ойпаты
- Орта Сібір таулы үстірті
- Қазақтың ұсақ шоқылы аймағы
- Амазонка ойпаты
Қысқа қорытынды
Диктант сұрақтары негізгі ұғымдарды (терминдер, өлшемдер, анықтамалар, географиялық атаулар) жылдам қайталап шығуға көмектеседі. Әр тақырыпты орындағаннан кейін жауаптарды салыстырып, қателеріңізді жеке тізімге шығарып отырыңыз.