Маша сен уақытылы келдің, бізбен бірге мерекені тойла
Мерекелік кештің басталуы
Ұлттық би — орындайтын Аруна.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ата-аналар, әріптестер, бүлдіршіндер! «Балалардың бал мекені» атты мерекемізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Бұл мереке — баршамызға ортақ қуаныш. Бүгін бізбен бірге шаттанып, ойнап-күліңіздер. «Жұлдыз» балабақшасында бүгін той — бақшамыздың туған күні!
Балалардың көзайымы болсын, кәне,
Тойымыздың шымылдығын ашайық!
Хор
«Балабақшам — Жұлдызым» әні.
Құттықтау сөзі
Жүргізуші: Тойымыздың шымылдығын ашу үшін сөз кезегін балабақша меңгерушісі Е. Ғ. Болатқызына береміз.
Бүгінгі мереке ерекше: «Жұлдыз» балабақшасының 5 жылдық мерейтойымен қатар, бірнеше жыл бойы мәпелеп өсірген «Еркетай» тобының бүлдіршіндерін ұямыздан ұшырып, мектепке шығарып саламыз.
Түлектерге тілек
Бізге сыйлап сыңғырлаған күлкіңді,
Сәбилерім, жүздеріңде нұр тұрды.
Бізден ұшып, қанат қағып есейдіңдер —
Өздеріңмен қоштасатын күн туды.
Талмай қанат қағыңдар,
Жүректерде арман отын жағыңдар.
Алтын ұя мектепте жақсы оқып,
Өмірден бақыт жолын табыңдар!
Қадамдарың құтты болсын! Біз сендерге сәтті сапар тілейміз!
Балалардың амандасуы мен бірлік туралы шумақ
Жүзім: Армысыздар, халайық! Әсем әнге салайық. Айтпас бұрын ән-жырды, амандасып алайық!
Хормен тақпақ
Қатар жүрген ұл-қызбыз,
Орыс, татар, қырғызбыз.
Әзербайжан, неміспіз —
Бәріміз де «Жұлдызбыз»!
Би
Орыс биі.
Ән
«Ертегілер» (сахнада балалар мен кейіпкерлер билейді).
Сахналық көрініс: Маша, Миша және құпия сандық
Залға сандық сүйреп Маша кіреді. Балаларды көріп шошып қалады.
Маша: Бұл — мен тауып алған сандығым. Неге бәрің жиналып қалдыңдар? Ешкімге бермеймін! Бұл жерде менсіз не болып жатыр?
Жүргізуші: Маша, уақытылы келдің. Бізбен бірге мерекені тойла!
Маша: Мен аюымсыз қалай тойлаймын? Миша! Миша! Миша!
Аю (Миша): Тағы не бүлдірдің? Қайда кіріп кеттің?
(Балалармен амандасады.) Балалар, Маша сендерді ренжіткен жоқ па? Мына сандықты кімнен алды?
Маша: Мен оны өзім таптым. Енді бұл — менікі!
Аю: Жарайды, бірақ мерекені бұзба. Жүр, кетейік.
Маша: Жоқ! Мен де балалармен бірге тойлап, мектепке барғым келеді. Сендер мектепке барғыларың келе ме? Балабақша туралы тақпақтар білесіңдер ме?
Балабақша туралы тақпақтар
Нұртас
Ақ төсекке жатқызған,
Тәтті тамақ жасаған,
Бала болып ойнаған —
Күтушімізге мың алғыс.
Мейрамбек
Білім деген алтын жол —
Апарар сені алысқа.
Жеңіл емес ауыр жол —
Жолың болсын, балдырған!
Миржан
Сүйген өз қыз, өз ұлын,
«Бөбегім» деп аянбай —
Балабақша өз үйім,
Апай болды анамдай.
Ақмерей
Балабақшам — бесігім,
Қайсысын айтып бітейін?
Қабыл алшы гүлімді —
Сіздерге сыйлап кетейін.
Сафуан
Біз бақытты баламыз,
Ақылдымыз, данамыз.
Ертеңгі күн еліміздің
Батырлары боламыз!
Маша: Жарайсыңдар, балалар! Енді сандықты ашып беріңдерші.
Балалар: Сандықты ашу үшін кілт керек!
Бақа жұмбақтары және кілт іздеу
Бақаның дауысы естіліп, Бақа келеді.
Бақа: Кілттің қайда екенін білемін. Бірақ айтпаймын.
Маша: Айтшы!
Бақа: Онда сұрақтарыма жауап беріңдер:
- 1 жылда неше мезгіл бар?
- Мен қай мезгілде боламын?
- Қыс мезгілінде мен не істеймін?
Маша жауап таба алмай, балалардан көмек сұрайды.
Бақа кішкентай бақаларын шақырып, кілтті әкелуді сұрайды.
Бақалар: Біз кілтті жоғалтып алдық...
Бақа: Маша, ренжімеші.
Би
«Бақалар» биі.
Сандар әлемі: дұрыс санауды үйрену
Құлпынай теріп Аю келеді: 1, 3, 2, 5, 4...
Маша: Миша, сен дұрыс санап жатқан жоқсың ғой!
Аю: Қалай санау керек? Сен білесің бе?
Маша: Жоқ, мен де білмеймін. Бақшадағы достарымды шақырайын, олар білетін шығар.
Бес бала 1-ден 5-ке дейін жазылған табличкаларымен шығады. Балалар тура және кері санайды, санамақ айтады.
Маша: Рахмет! Енді біз дұрыс санап, сандарды тани аламыз.
Би
«Шалала».
Ән
«Бала тілегі» (балалардың орындауында).
Қасқырлар сынағы: өнер мен жұмбақ
Қасқырлар келіп, балаларды қуады да, 5 баланы ұстап алады.
Маша: Қасқыр ағайлар, достарымды жібере көріңдерші!
Қасқырлар: Біз кішкентай балаларды жақсы көреміз. Жіберу үшін өнерлеріңді көрсетіңдер.
Диас
Мектепке ертең барамыз,
Оқимыз, қызық құрамыз.
Қашық емес арамыз —
Бақшаға келіп тұрамыз.
Айдана
Бақша — біздің панамыз,
Мектеп — біздің данамыз.
Ұлағатты ұстаздан
Оқып білім аламыз.
Бекзат
Қош, балабақша,
Естен кетпес есімің.
Қош, балабақша —
Алғаш ашқан есігің.
Маша: Ал енді ұстап алған достарымды босатыңдар!
Қасқырлар: Онда жұмбақтарымызды шешіңдер. Шеше алмасаңдар, босатпаймыз!
Жануарлар туралы жұмбақтар жасырылады. Балалар жауап береді.
Қасқыр: Қасқыр, аю, қоян, түлкі — қандай жануарларға жатады? Үй жануарларына қандай жануарлар жатады?
Қасқырлар: Жарайды, босатамыз!
Би
«Қонжықтар».
Фотоаппарат құпиясы және кілттің табылуы
Маша қолына «мылтық» ұстап алып, сахнада қоянды қуалайды.
Аю: Маша, саған не болды? Қоянды неге атпақсың? Кішкентай, қорғансыз аңдарды атуға бола ма?
Балалар: Жоқ, болмайды!
Маша: Сендер мені түсінбедіңдер. Бұл мылтық емес — бұл фотоаппарат. Мен қоянды жай ғана суретке түсіргім келген. Ол қорқып қашып кетті.
Аю: Саған қоянның суреті керек пе? Мұны оңай шешеміз. «Жұлдыз» балалары сурет салу байқауларына қатысып, жүлделі орын алған. Олар саған қоянның суретін салып береді.
Маша: Алақай! Рахмет!
Сығалап тұрған қоян да келіп, қуанып алғыс айтады. Көжектерін шақырып, би билейді.
Би
«Көжектер».
Маша қоян мен көжектерді суретке түсірмек болып, қоянның мойнындағы кілтті байқайды. Қоян кілтті береді. Маша қуанып сандықты ашады.
Сандықтан шыққан қуаныш
Сандық ішінен Сайқымазақ шығады. (Хлопушкалар атылады.)
Сайқымазақ: Рахмет, Маша! Мені бостандыққа шығардың. Мені Жалмауыз кемпір қамап қойған еді. Алақай! 5 жылдық мерейтойларыңыз құтты болсын!
Би
Сайқымазақ биі.
Хор
«Атамекен» (барлығы бірге).
Қорытынды бөлім
Қонақтарға сөз беріледі. Алғыс хаттар, дипломдар және сыйлықтар табысталады.
Сау болыңыздар!