Халық күйі

Сабақ тақырыбы: «Жұмыр қылыш» (4-сынып)

Бұл сабақта оқушылар Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығын танып, «Жұмыр қылыш» күйінің мазмұнын түсініп, орындау ерекшеліктерін меңгереді.

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Махамбеттің өмірімен және оның «Жұмыр қылыш» күйімен таныстыру.

Тәрбиелік

Махамбет күйлері арқылы ұлттық сезімді оятып, адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелеу; елін, жерін сүюге баулу және Отан алдындағы парызын айқын сезінетін ұрпақ қалыптастыру.

Дамытушылық

Домбыраны дұрыс меңгертіп, орындаушылық шеберлікті арттыру; күйді талдай отырып, нақышына келтіріп, түсініп орындауға үйрету.

Көрнекіліктер

  • Домбыра аспабы
  • Сөзжұмбақ
  • Үнтаспа
  • Автор портреті
  • Батырлық және музыка туралы қанатты сөздер
  • Күй жинақтары

Сабақтың өтілу барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

  1. a Оқушымен амандасып, сабаққа кіріспе жасау.
  2. ә Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарды дайындау.
  3. б Домбыраның құлақ күйін келтіріп, оқушыны дұрыс отырғызып, аспапты ыңғайлы ұстауын қадағалау.

2) Үй тапсырмасын тексеру

а) Мәди — «Үш қара»

Оқушыдан жатқа сұрау. Қателері болса түзетіп, динамикалық белгілерді сақтай отырып қайта орындату. Шығарманы күйсандық сүйемелдеуімен санатып, бөліп-бөліп ойнату.

ә) Өткен сабақты қайталау: Ә. Желдібаев — «Ерке сылқым»

Күйді өз нақышына келтіріп орындауын сұрау. Оқушы орындап болған соң, күйдің екінші дауысына мұғалім қосылып, үзбей жалғастырып тарту.

3) Жаңа сабақты меңгерту

Жаңа сабақты Махамбеттің өлең жолдарымен бастаған жөн:

«Мен, мен, мен едім…»

(өлең жолдары арқылы Махамбеттің рухын, қайсар мінезін және күйдің идеялық мазмұнын ашуға бағыт беру)

Сөзжұмбақ

Енді сөзжұмбақ шешеміз: арнайы торкөздерде бүгінгі өтетін күйдің авторының есімі беріледі.

  1. 1. И. С. Бах шығармасы
  2. 2. Құрманғазының күйі
  3. 3. «Келіншек», «Кеңес» күйлерінің авторы
  4. 4. Қазанғаптың күйі
  5. 5. М. Қоқымбаевтың күйі
  6. 6. Динаның күйі
  7. 7. Халық күйі
  8. 8. С. Тұрысбековтің күйі

Мұғалім

Тілекина Ш.