Адамдық борышың өлеңін мәнерлеп оқу
Сабақтың тақырыбы
Шәкәрім Құдайбердіұлының «Адамдық борышың» өлеңі.
Сабақтың мақсаты
Білімділік
- Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығымен танысу.
- Өлеңнің идеялық мазмұнын ашу, рухани-адамгершілік қағидаларын түсіну.
- Өлеңді мәнерлеп оқып, негізгі түйінді табуға дағдылану.
Дамытушылық
- Қоғам туралы өзіндік көзқарастың қалыптасуына ықпал ету.
- Ойды еркін әрі нақты жеткізу мәдениетін дамыту.
- Тіл байлығын арттыру, өз бетімен ізденіп, қорытынды жасауға үйрету.
Тәрбиелік
- Рухани байлық пен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру.
- Жаман мінезден аулақ болуға, адами сезімді қастерлеуге тәрбиелеу.
- Сүйіспеншілікке, ішкі рухани тазалыққа баулу.
Сабақтың түрі мен типі
- Түрі
- Жаңа білімді меңгерту сабағы
- Типі
- Іздендіру сабағы
- Әдіс-тәсіл
- Түсіндіру, іздендіру, ой қорыту, БЖС технологиясы (сөздік қор, матрица)
Пәнаралық байланыс
Сабақтың құрылымы
- 1. «Халқым деп өткен ел данасы»
- 2. «Өшпес мұратқа қызмет етер өлмес мұра»
- 3. «Шәкәрім мұрасы – мәңгілік шежіре»
Шәкәрім тұлғасы туралы
«Шәкәрім — қазақ мәдениеті мен ғылымының көгінде өзінің жарқын жұлдызын қалдырған биік тұлға.»
Шәкәрім — қазақ мәдениеті тарихында орны айрықша, еңсесі биік тұлға. Ол — заманның озық ойлы демократы, ірі ағартушысы, терең ойшылы, қоғам қайраткері. Жарты ғасырдан астам уақытқа созылған еріксіз үзілістен кейін халық алдына қайта оралған ұлы тұлғалардың бірі ретінде Шәкәрімнің қазақ халқының рухани мәдениеті тарихындағы орны ерекше.
Шәкәрім әрі ақын, әрі тарихшы, әрі философ болды. Ол қазақ әдебиетін жаңа белеске көтеріп, көркемдік ойдың үздік үлгілерін тудырды, өлең өрнегін түрлендірді, қазақ тілінің мол мүмкіндіктерін терең танытқан бірегей қаламгер ретінде танылды.
Абаймен рухани сабақтастық
Ол — жаңа қазақ әдебиетінің көшбасшысы Абайдың үлкен ағадан туған ізбасар інісі. Туыстық жақындығымен ғана емес, дүниетанымы мен ұстанған жолы тұрғысынан да Абайға ең жақын тұлғалардың бірі болды.
Қилы заманда оққа ұшқан ақынның есімі халық санасынан өшірілмек те болды. Алайда «Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді» дегендей, Шәкәрімнің өзі өмірден өтсе де, сөзі мен мұрасы өшкен жоқ: оның шығармалары бүгін де жас ұрпақтың рухани нәрін молайтып келеді.
Ақынның ұстанымы
«Адам болып тудым — адам атымды ақтайын; көп үшін, халық үшін, келешек ұрпақ үшін еңбек етейін. Кейінгіге үлгі боларлық із қалдырайын… Келешектің ойын ашайын деп жаздым… Өз заманым үшін жазған жоқпын. Келер дәуірдің адамы үшін жаздым.»
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру
- Амандасу.
- Оқушылардың сабаққа дайындығын анықтау, сыныптың даярлығын бақылау.
- Оқушыларды түгендеу.
2) Үй тапсырмасын тексеру
- Үйге берілген ережелерді сұрау.
- Жазылған эсселерді оқыту, бағалау.
3) Жаңа тақырыпқа кіріспе
- Кластер әдісі арқылы түсінік беру; оқушылар өздері жазып, мұғалімнің көмегімен тиянақтайды.
- Электронды оқулықтан бейнеролик көрсетіп, жаңа тақырыпқа бағыттау.
Оқушылардың жұмысы және тапсырмалар
Негізгі әрекеттер
- 1Оқушылар алдын ала ізденіп келген жұмыстарын бірнеше пәнмен байланыстыра отырып қорғайды.
- 2Абай мен Шәкәрімді салыстыру.
- 3«Борыш» сөзінің мағынасын ашу.
- 4«Адамдық борышың» өлеңін мәнерлеп оқу.
- 5Өлеңге талдау жасау.
Кітаппен жұмыс
- Тақырыбы мен идеясын ашу.
- Өлең мазмұны бойынша жоспар құру.
- «Адамдық борыш» ұғымын өмірмен байланыстыру.
- Мақал-мәтелдермен байланыстырып түсіндіру.
Өздік жұмыс (жоспар)
- 1Бейнеролик арқылы тақырыпты ашу.
- 2Шәкәрімнің өмір жолы.
- 3Шәкәрім туралы зерттеулер.
- 4Слайдпен жұмыс.
- 5Шәкәрім мен Абайды салыстыру.
- 6«Борыш» сөзінің мағынасын ашу.
- 7Өлеңді мәнерлеп оқу.
- 8Өлеңді кесте бойынша талдау.
- 9Сөздік жұмыс.
- 10Топқа бөлу.
- 11Коллаж жасау.
- 12Қазіргі кезде Шәкәрімнің әндерін Роза Рымбаева, Жанар Айжанова, Тамара Асар сынды өнерпаздар орындап жүр.
- 13Коллажды қорғау.
Мақал-мәтелдер арқылы бекіту
- Өнерлінің қолы алтын, өлеңшінің сөзі алтын.
- Жақсымын деп мақтанба, халық айтпай; батырмын деп баптанба, барып қайтпай.
- Білімдіден ақыл шығар, ақылды қарттан нақыл шығар.
- Еңбек ерлікке жеткізер, ерлік елдікке жеткізер.
- Жігітке абыройдан айырылғанша, жанынан айырылғаны артық.
Үйге тапсырма
Өлең құрылысына талдау жасау: тармақ, бунақ, буын және ұйқас түрлерін анықтау.
Бағалау
Сабаққа белсенді қатысқан оқушылардың жұмысы бағаланады.