Шебер ару
Тақырыбы: «Кішкентай арулар»
Мақсаты
- Балаларды аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге үйрету.
- Ананы сүю арқылы елге, жерге деген сүйіспеншілікті арттыру.
- Жақсылық атаулының күннің нұрынан, ананың мейірімінен тарайтынын ұғындыру.
- Әдептілікке, сыпайылыққа, сұлулыққа, кішіпейілділікке және өнерге ұмтылатын қыз балаларды тәрбиелеу.
Көрнекілік
Жүргізуші сөзі
Бүгін біздің балабақшада дүбірлі той,
Ден қойып тыңдаңыздар, көңілді қой.
Жырдан шашу шашылсын, күй күмбірлеп,
Қош келдіңіздер, халайық, сергісін бой.
Аналар мерекесіне арналған жылы лебіз
Балаларға ең жақын жан — ана. Сіздің ыстық құшағыңыз бізге пана. Сіздерге теңестірер еш нәрсе жоқ. Теңесе алатын жалғыз ұғым — Отан.
Құрметті ата-аналар, қыз-қызғалдақтар, қадірлі тәрбиешілер!
Қар астынан қалқиып, бәйшешек бой көтергенде, көктемнің алғашқы хабаршысы болып Аналар мерекесі келеді. Бәйшешек нәзік болғанымен, қалың қардың астынан бүршік атады. Біздің асыл аналарымыз да бәйшешектей — барлық қиындыққа төзімді.
Аналар көктемгі гүлдей жарқырап, гүл мерекелеріңіз де, күн мерекелеріңіз де құтты болсын!
Аналар мерекесіне орай ұйымдастырылған «Кішкентай арулар» сайысын бастауға рұқсат етіңіздер.
Қатысушылар
Аруларды әуенмен, қошеметпен қарсы алайық.
- 1. Баймурзаева Динара
- 2. Құрманғазы Әсемай
- 3. Аманғали Ажар
- 4. Абайқызы Азиза
- 5. Сабыржан Алмира
- 6. Сәкенова Назым
- 7. Хайролла Бибінұр
- 8. Қойшыбай Қарақат
- 9. Имаш Самира
- 10. Ғаділбекова Мадина
- 11. Ақыл Назерке
Әділқазылар алқасы
Балабақша меңгерушісі
Гүлжан Апанасқызы
Балабақша әдіскері
Гүлайым Насихатқазы
Ғылыми жетекші
Айғаным Жағыпарқызы
Жүргізуші:
«Кімдер жүйрік, өнерпазды білейікші. Кішкентай ару деп жүрейікші. Әділқазылар алқасынан әділдікті, ал аруларға сәттілікті тілейік».
Сайыс кезеңдері
Құрметті көрермендер, сайысымыздың шарттарымен таныса отырыңыздар.
-
1
Мен қазақтың қызымын
Таныстыру бөлімі.
-
2
Сұрақ-жауап
Конверттегі жасырылған сұрақтарға кезекпен жауап беру.
-
3
Шебердің қолы — ортақ
Үйден дайындап әкелген бұйымды көрсету және таныстыру.
-
4
Өнерліге өріс кең
Өнер сайысы: ән, би, күй, өлең оқу.
-
5
Сән үлгісін көрсету
Сахналық жүріс, киім үйлесімі, әдеп пен жарасым.
-
6
Ас — адамның арқауы
Дайындап әкелген тағамның атауын, құрамын және жасалу жолын айту.
Бағдарлама барысы
Кіріспе
Бар әлем сүйіп ұнатқан,
Шапағат нұрын шұбатқан,
Қаймықпай шыққан жайраңдап,
Қыстайғы суық — сынақтан,
Көктем таңы бұл атқан.
Көктем аруы, қош келдіңіз! Бүгін балабақшамызда Аналар мерекесіне орай «Кішкентай арулар» сайысы өтуде. Аруларымыз өздерін реттік нөмірі бойынша таныстырады.
І бөлім — Таныстыру
«Өнер қуып арулар өтер дейміз, бір басына өнері жетер дейміз…» — қатысушылар өздерін таныстырады.
Музыкалық нөмір
Ән: «8-наурыз» (тобымыздың әнші ұлдарының орындауында)
ІІ бөлім — Сұрақ-жауап
Конвертте жасырылған сұрақтарды алып, қатысушылар кезекпен жауап береді.
Өлеңдер легі (ана туралы)
Алтынбек: «8 Наурыз — көктемнің шуақты күні… Мерекеңіз құтты болсын, аналар!»
Рахим: «Құтты болсын аналардың мейрамы! Жарқыраңдар, жаз күніндей жайдары!»
Айбын: «Мерекең құтты болсын, аналарым… Құттықтап жатыр бүгін балаларың.»
ІІІ бөлім — «Шебердің қолы — ортақ»
Қатысушылар үйден дайындап әкелген бұйымдарын көрсетіп, таныстырады.
Ән шашу
Тобымыздың әнші ұлдарының орындауында
IV бөлім — «Өнерліге өріс кең»
Би, ән, күй немесе өлең оқу — әр қатысушы өз өнерін ортаға салады.
Мерекелік тақпақтар
Нұрдәулет: «Жамандықтан сақтандырып… ақ мамамды шаттандырғым келеді.»
Жандәулет: «Таусылмайды өлеңі… кәмпит алып келеді.»
Амир: «Жас ару, алынбаған асуларсың… күш-қайратың тасқындасын.»
Оразалы: «8 Наурыз — тамаша күн… Наурыз айы құт әкелсін.»
Музыкалық нөмір
Ән: «Ақ мамам» (тобымыздың ұлдары орындайды)
V бөлім — Сән үлгісін көрсету
«Қыз — қызыл алтын…» — аруларымыз сән үлгілерін көрсетеді.
Келесі бөлімге дайындық кезінде
Ахмедияр: «Құттықтаймыз мейраммен, құрметті аналар.»
Еркебұлан: «Ақ анашым, аппағым… арнадым саған бәрін де.»
Өмірбек: «Ақ сүт берген апатайым… мейрамыңмен құттықтаймын.»
Музыкалық нөмір
Ән: «Айналайын ана»
VI бөлім — «Ас — адамның арқауы»
Аруларымыз үйден дайындап келген тағамдарын таныстырады: атауын атап, құрамын және жасалу жолын қысқаша түсіндіреді.
Қорытындыға дейін
Әділқазылар бағасын шығарып болғанша, барлық қыздарымыз ортаға шақырылып, «Көктем биі» орындалады.
Қорытынды сөз және марапаттау
«Өнерімен өрге жүзіп, шарықтадың… сан қырлы таза гауһар секілденіп, қуантады өзіңді танытқаның.» Сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі.
Марапат номинациялары
Жүргізуші:
Осымен бүгінгі «Кішкентай арулар» атты сайысымыз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рақмет!