Жұп атын таңдау кезеңі

8 Наурызға арналған бірлескен кеш

8 Наурыз мерекесіне орай бейнелеу өнері мен технология пәндері бірлесе ұйымдастырған тәрбиелік кеш өткізілді. Кештің тақырыбы — «Бозбала мен бойжеткен».

Мақсаты

  • Адамға тән ең шынайы сезімдерді бойға сіңіріп, өз сезіміне дұрыс басшылық жасай білуге үйрету.
  • Отанға, туған жерге, елге деген сүйіспеншілікті қалыптастыру.
  • Ана мен бала арасындағы перзенттік махаббатты, ата-анаға құрметті, досқа адалдықты бағалай білуге тәрбиелеу.
  • Оқушылар арасында қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру.

Форматы мен көрнекілігі

Түрі: сайыс.

Көрнекілігі: нақыл сөздер, жүрекше-тапсырмалар, сахналық элементтер.

Ұйымдастыру кезеңі: амандасу, кешті ашу.

Кештің ашылуы

Армысыздар, оқушылар мен ұстаздар! Бүгінгі кешіміз ерекше. Біз балалықты артқа тастап, бір қадам болса да алға басып, бозбала мен бойжеткен атандық. Осыған орай бүгінгі кешіміздің тақырыбы — «Бозбала мен бойжеткен».

Сайысқа үш қатардан бір ұл мен бір қыздан шығып, жұп болып қатысады.

Сайыс кезеңдері

  1. 1 Жұп атын таңдау
  2. 2 Ой толғаныс
  3. 3 Жігітке жеті өнер де аз
  4. 4 Қыз еркем, ісімен көркем
  5. 5 Жанкүйерлер сайысы
  6. 6 Сый-думан
  7. 7 Сенің таңдауың?
  8. 8 Қорытынды

1) «Жұп атын таңдау»

Кезеңді мына жыр жолдарымен бастадық:

Асыл арман, мақсат деген бізбенен,
Арман қуып кетерміз біз ізбенен.
Алдымыздан шықса екен деп тілеймін,
Бақыт жолы — біздер ғана іздеген.

Ол үшін жүрекшелер екіге бөлініп, ішкі бетіне өлең шумақтары жазылады. Ұл мен қыз шумақтарды дұрыс құрастырса, жұптың атауы шығады.

Өлең шумағы
Сыйлау керек гүл-сезімді, сыйлау керек,
Сыйлау керек — жәбірге қимау керек.
Жауқазындай жайқалып ғұмыр бойы,
Жүректердің жылуын жинау керек.
Өлең шумағы
Балдауренім — аяулым, ақ арманым,
Жыл сайын жасарғаным, жаңарғаным.
Қызық қуып терезеден қадалғаным,
Білім қуып сыныпта қамалғаным!
Өлең шумағы
Білімді біз — балауса жас армандар,
Көп үйреніп, бар ұстазға ұнағандар.
Қиындықта тосылып саспағандар,
Бастарына тек кітап жастағандар!

2) «Ой толғаныс»

Бозбалалар мен бойжеткендерге әртүрлі тақырыпта ойларын жеткізуге тапсырмалар берілді:

№1

Суретті жұмбақ

№2

Кейіпкер аттарын табу

№3

Кино атын табу

Тәрбиеге күш-жігер салып көп,
Сыйластықты ата дәстүр қалып деп.
Сол ата-ана ұялатар санаңа,
Қастерлеуді ұлттық салтты дәріптеп.

3) «Жігітке жеті өнер де аз»

Бұл кезеңде бозбалалардың қол шапшаңдығы сыналды: қағаздан қалақша үлгісін жасау. Қыздар қолдау көрсетіп, демеп отырды.

4) «Қыз еркем, ісімен көркем»

Даласы кең, осыншама салты бай,
Өле сүйген, сүйе алмаған жартылай.
Қажет жерде батыр қыздар туатын,
Қайран менің қазақ атты халқым-ай.

Келесі кезең — «Сый-думан». Бұл бөлімде әр топтың шығармашылығы бағаланды: мерекелік кеште сыйлықты кімге және қалай ұсыну керектігі көрсетілді. Сонымен бірге сахналық көрініс пен актерлік шеберлік те назарға алынды.

5) «Жанкүйерлер сайысы»

Үш жұптың жанкүйерлеріне ситуациялық сұрақтар беріліп, тапқырлық пен мәдени жауап беру дағдысы бағаланды.

6) «Сый-думан»

Бұл кезеңде топтар өз өнерін ортаға салып, мерекелік ортадағы сыйластық мәдениетін тәжірибе арқылы көрсетті.

7) «Сенің таңдауың?»

Бұл кезеңде ұлдар мен қыздарға ортақ сұрақтар қойылып, өзара құрмет, жауапкершілік, талғам және құндылық туралы ойлары тыңдалды.

8) Қорытынды

Бозбалаларға сұрақ

Бойжеткендердің бойынан қандай жақсы қасиеттерді көргің келеді?

Бойжеткендерге сұрақ

Сенің таңдауыңдағы бозбала қандай болғанын қалайсың?

Кешті қорытындылау үшін әділқазы мүшелеріне сөз берілді.

Түйін сөз

Құрметті оқушылар! Бүгінгі апталықтың қорытынды кешінен көп ой түйдік. Махаббат туралы кесіп айту мүмкін емес — ол туралы жыр мен сыр таусылмайды. Әр адам өз тағдырымен сезінетін осы қилы жолда сіздерге әрқашан сәттілік тілейміз.

Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет!