Оқущыларды алғашқы кітаптың шығу тарихымен таныстыру
Сабақтың тақырыбы: «Кітап қайдан шығады?»
Бұл сабақ кітаптың шығу тарихын таныстырып қана қоймай, білімнің қадірін ұғындыруға, оқушының танымдық белсенділігін арттыруға және оқулықты ұқыпты ұстау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.
Мақсаттары
- Оқушыларды алғашқы кітаптардың шығу тарихымен таныстыру; кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы туралы түсіндіру.
- Танымдық қабілеттерін дамыту, сабаққа қызығушылығы мен ынтасын арттыру.
- Кітапқа деген ықыласын күшейту және оқулықты күтіп ұстауға үйрету.
Сабақ сипаттамасы
- Типі:
- жаңа білім беру
- Түрі:
- аралас сабақ
- Әдістері:
- ой қозғау, сұрақ-жауап, түсіндіру, топтастыру
Көрнекіліктер
- Суреттер
- Мақал-мәтелдер
- Тірек сызба
- Кітап көрмесі
Сабақтың жүру барысы
I. Ұйымдастыру: «Көңіл ашар»
Қарады маған да,
Күлімдеп күн бүгін.
Қарады саған да,
Шуақты көктем нұр төгіп,
Көңілді көтеріп.
Сәлеметсіз бе, күн!
Сәлеметсіз бе, жер!
Сәлеметпіз біз.
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз.
II. Өткенді пысықтау
1) «Гүл теру» ойыны (тақырып бойынша сұрақтар)
- Алғашқы мұғалім адамға неге ыстық?
- Мектептен алған біліміңнің қандай пайдасын көрдің?
- Халқымыз «жігіттің неше жұрты бар» дейді — олар қайсылар?
- «Отағасы — шағын қоғам» деп неге айтамыз?
- Отбасы туралы қандай мақал-мәтелдер білесің?
- Мақалдың жалғасын тап: «Мектеп — кеме, білім — …»
2) Шығармашылық жұмыс
«Алғашқы мұғалім» тақырыбында жазылған өлеңдер мен әңгімелерді оқыту, мақал-мәтелдер сұрау.
III. Жаңа сабақ
Жұмбақ
Ұсынған қойнынан,
Білімнің үлгісін.
Шықпайды ойыңнан,
Досың ғой, білесің.
Жауабы: кітап
Бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Кітап қайдан шығады?»
Күш — білімде, білім — кітапта.
Кітаптың мәні
Кітап — ғылым мен білім жемісін халық арасына таратушы. Ол — ақылдың кені, білімнің бастауы, барлық замандағы қазынаның ғажайып қоймасы.
Ой тәжірибесі: ежелгі адам қалай жазды?
Өздеріңді ежелгі адамбыз деп елестетіңдер: алдарыңда қағаз бар, бірақ оқу-жазуды білмейсіңдер. Айналадағы құбылыстар мен заттарды қалай белгілер едіңдер? Мысалы: құс, ағаш, бұлт, күн, көз.
Бұл тәсіл — таңбалау, суретпен бейнелеу. Мұндай жазу иероглифтік жазу деп аталады. Ерте кезеңде жазу құралы ретінде тас көмір мен күйе пайдаланылған.
Кітап қайдан шықты?
Кітап бірден пайда болған жоқ. Алғашқы кезде адамдар тасқа қашап жазды, кейінірек әртүрлі материалдар қолданылды: балшық тақта, папирус, пергамент.
Қазақ тарихында тұңғыш кітап 1841 жылы Қазан қаласында «Бозжігіт» деген атпен басылып шыққан.
Оқулықпен жұмыс
- Мәтінді түсініп оқу.
- «БҮҮ» кестесін толтыру.
«БҮҮ» кестесі: тақырыптар
- 1-қатар: папирус пен пергамент.
- 2-қатар: балшықтан және тастан жасалған кітаптар.
- 3-қатар: компьютерлік басылым және қазіргі кітап өндірісі.
Мәтін бойынша сұрақтар
- Алғашқы кітаптар қандай болды және олар нелерге жазылды?
- Неліктен бұрын кітаптар қолмен көшірілді?
- Кітап алғаш қалай басылды, қазір қалай басылады?
- «Кітап — білім бұлағы, білім — өмір шырағы» сөзін қалай түсінесің?
- Кітап туралы қандай мақал-мәтелдер білесің?
Сергіту сәті: «Не бірінші?»
- Мұғалім, сабақ, қоңырау.
- Кітап, баспа, жазушы.
- Тамыр, өсімдік, сабақ.
- Күнделік, мұғалім, баға.
- Күн, ұйқы, түн.
Ой қозғау
Кітап бізге не үйретеді?
Қорытынды сұрақ
Ендеше, кітап керек пе? Неліктен?
Тәрбиелік бағыт
Кітапты қалай ұстауымыз керек? Оқулықты таза сақтау үшін қандай ережелерді білесің?
Көрініс
«Кітаптар мұңы» тақырыбында шағын көрініс қою арқылы кітапты қадірлеу, ұқыптылық және жауапкершілік туралы ой түйіндеу.
IV. Қорытынды
«Бұл не деген жұмбақ?» тапсырмасы
Сол жақтағы дауыссыз дыбыстардың ортасына, алдына немесе соңына оң жақтағы дауысты дыбыстарды қосып оқыңдар. Сонда нақыл сөз шығады.
Дауыссыз дыбыстар
р т қ ғ л м к т п т
р н б қ п к р г
Дауысты дыбыстар
а ы ы ы і а а
е і е о ы ө у е
Шешуі
Артық ғылым кітапта, ерінбе оқып көруге. — Абай
V. Үй тапсырмасы
- Мәтінді түсініп оқу.
- «Білім көзі — кітапта» тақырыбына эссе жазу.
VI. Бағалау
Оқушылардың сабаққа қатысуы, сұрақтарға жауап беруі, мәтінді түсінуі, топтық жұмысқа араласуы және шығармашылық тапсырмаларды орындауы бойынша бағаланады.