Мысалдар келтіре отырып, оқушының оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту

Сабақ тақырыбы

Қысым. Қысымның қатты денелер, сұйықтар және газдар арқылы берілуі. Паскаль заңы.

Сабақтың типі

Жаңа білімді меңгерту сабағы

Сабақ түрі

Дәстүрлі

Жаңа технология

Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту стратегиясы

Сабақ мақсаты

  1. 1 Оқушылардың өзара белсенді, интерактивті өзіндік таным әрекеттерін ұйымдастыру арқылы қысым тақырыбын меңгерту.
  2. 2 Мысалдар келтіру арқылы оқу мен жазу негізінде сын тұрғысынан ойлауды дамыту.
  3. 3 Есептеу дағдыларын жетілдіру; дұрыс әрі тез есептеуге, бір-бірінің пікірін тыңдап, құрметтеуге тәрбиелеу.

Әдістер мен жұмыс түрлері

Сұрақ–жауап

Тақырыпты ашу және білімді бекіту үшін бағыттаушы сұрақтар.

Тірек-сызбалар

Негізгі ұғымдарды визуал құрылым арқылы жүйелеу.

Кесте толтыру

Формула, анықтама және өлшем бірліктерін салыстырып бекіту.

Есептер шығару

Қысым формуласын қолдану, бірліктерді түрлендіру дағдысын дамыту.

Көрнекіліктермен жұмыс

Слайдтар мен демонстрациялар арқылы түсінуді тереңдету.

Тест жұмысы

Жылдам кері байланыс және деңгейін анықтау.

Қажетті құрал-жабдықтар

Оқу құралдары

  • Компьютер арқылы жасалған слайдтар

Техникалық құралдар

  • Компьютер
  • Видеопроектор

Пәнаралық байланыс

Дене тәрбиесі, халық педагогикасы, информатика, математика.

Күтілетін нәтиже

  • Оқушылар таным әрекеттері арқылы қысым тақырыбын түсінеді.
  • Қысым формуласын қолданып есеп шығара алады.
  • Өлшем бірліктерін еселік жүйеге келтіре алады.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру бөлімі

  • Оқушылармен амандасу.

    Мұғалім

    Good morning, children!

    Аудармасы

    Қайырлы таң, балалар!

    Мұғалім

    How are you getting on?

    Аудармасы

    Қалыңыз қалай?

    Мұғалім

    I’m glad to hear that.

    Аудармасы

    Мұны естігеніме қуаныштымын.

    Мұғалім

    Thank you, sit down.

    Аудармасы

    Рахмет, отырыңыздар.

  • Сыныпты формула құрастыру арқылы екі топқа бөлу.

    Тығыздық

    ρ = m / V

    Ауырлық күші

    Fa = mg

  • Бүгінгі сабақ күндегіден өзгеше өтеді. Дәптерімізді ашып, күннің жадын ағылшын тілінде жазайық.

II. «Масса және күш» тарауы бойынша қайталау

«Кім білімпаз?» ойыны арқылы қайталау сұрақтары беріледі. Қай топ жылдам әрі дұрыс жауап берсе, сол топқа 1 жетон беріледі.

Негізгі ұғымдар

Масса
Денелердің инерттілігінің өлшемі.
Тығыздық
Заттың көлем бірлігіндегі массасына тең физикалық шама.
Деформация
Дененің пішіні немесе өлшемдерінің өзгеруі.
Деформация түрлері
Екі түрі бар: серпімді және пластикалық.

Формулалар мен тұрақтылар

Гук заңы

F = kx

Ауырлық күші

Денелердің Жерге тартылу күші.

g = 9,8 Н/кг

Үйкеліс күші

Fүйк = μN

Тапсырма

Сәйкес формуланы табу (жұптық немесе топтық жұмыс ретінде ұйымдастыру).

Мектеп және сабақ туралы мәлімет

Мектеп

Жайық негізгі жалпы білім беретін мектебі

Өткізген

Дюсенова А. Е.