Өлең сөзің ажары
Кіріспе: білімнің құндылығы
Адамзат тарихының қай кезеңінде де ғұламалар ғылым мен білімге айрықша мән берген. Қазіргі жаһандану дәуірінде де өркениетті ел болудың ең басты тірегі — білім. Білім — патриотизмнің негізі. Білімді болу — жүйелі түрде үйренудің, оқығанды зердеге тоқудың нәтижесі.
Жүргізуші сөзі
Құрметті көрермендер, білімнен сусындаған жас өрендер! Қош келдіңіздер! Бүгінгі «Жас тарихшы» атты білімділер сайысын бастауға рұқсат етіңіздер. Бұл кеш көңілдеріңізде мәңгі сақталсын!
Әділқазы алқасы
Әділдік болмаса, жақсының жолы жабылар. Бүгінгі сайыста әділ баға беретін қазылар алқасымен танысу бөлімі қарастырылған:
- 1____________________________
- 2____________________________
- 3____________________________
Қатысушылар және таныстыру
Сайысқа қатысушылар ортаға шақырылады. Әр сайыскер өзін таныстырып, ұранын айтып, білімін көрсетеді.
Сайыскерлер
- 1-сайыскер—
- 2-сайыскер—
- 3-сайыскер—
- 4-сайыскер—
- 5-сайыскер—
- 6-сайыскер—
Ереже
Әр екі кезеңнен кейін ұпайы төмен екі оқушымен қоштасып отырамыз.
Бағалау
Көптеген тапсырмаларда дұрыс жауап — 10 ұпай.
Сайыс кезеңдері
-
1-кезең: Бәйге
Жеке-жеке 5 сұрақтан, әр дұрыс жауапқа 10 ұпай.
-
2-кезең: Жеті жұрттың тілін біл
Мақал-мәтел, жұмбақ жауабын үш тілде айту.
-
3-кезең: Ғажайып әлем
Тақырып таңдап, ұпайына сай сұрақтарға жауап беру.
-
4-кезең: Маңызды 8 сұрақ
Пәндер бойынша жасырылған сұрақтар.
-
5-кезең: Шешендік өнер
Тақырып бойынша өз ойын дәлелдеп айту.
-
6-кезең: Жорға
Конверттегі нұсқа сұрақтарына жылдам әрі толық жауап.
1-кезең: Бәйге
Бұл — ойдың бәйгесі. Кім жүйрік ойға, сол алда! Әр қатысушыға 5 сұрақ қойылады. Әр дұрыс жауап — 10 ұпай.
1-сайыскер
- Еліміздің оңтүстік астанасы:Алматы
- Астана қаласының символы:Бәйтерек
- 1993 ж. 15 қарашада болған оқиға:ұлттық валюта енгізілді
- «Тарихтың атасы»:Геродот
- ҚР Мәдениет және ақпарат министрі:Мұхтар Құл-Мұхаммед
2-сайыскер
- «Мен қазақпын» поэмасының авторы:Ж. Молдағалиев
- Елбасының мамандығы:инженер-металлург
- Қазақтың соңғы ханы:Кенесары
- «Алтын адам» қайдан табылды:Есік қорғанынан
- Күйші, сазгер, дирижер, домбырашы:Н. Тілендиев
3-сайыскер
- Жоғарғы заң шығарушы орган:Парламент
- Қазақстанды алғаш тәуелсіз деп таныған мемлекет:Түркия
- «Екінші ұстаз» атанған ғұлама:Әл-Фараби
- 2009 ж. 25 ақпан – 6 наурыз аралығындағы оқиға:халық санағы
- Қазақстанда отарлау саясатын жүргізген мемлекет:Ресей
4-сайыскер
- 100 жылдық уақыт өлшемі:ғасыр
- ҚР туының авторы:Ш. Ниязбеков
- Қазақ жеріне шығыстан қауіп төндірген мемлекет:Жоңғар
- Әмір Темір қай жерде қаза болды:Отырарда
- Тасқа салынған суреттер:петроглифтер
5-сайыскер
- Тәуелсіздік жолындағы ерлігі үшін берілетін атақ:Халық қаһарманы
- Қазақтың тұңғыш суретшісі:Ә. Қастеев
- Астананың бұрынғы атауы:Ақмола (Целиноград)
- Жазба әдебиеттің негізін салушы:А. Құнанбаев
- ҚР Білім және ғылым министрі:Б. Жұмағұлов
6-сайыскер
- Тәуке ханның заңдар жинағы:Жеті жарғы
- Қазақтың тұңғыш ғарышкері:Т. Әубәкіров
- «Көшпенділер» трилогиясының авторы:І. Есенберлин
- Қазақтан шыққан академик:Қ. Сәтбаев
- Ж. Жабаевтың ұстазы:С. Аронұлы
2-кезең: Жеті жұрттың тілін біл
Ойыншыларға мақал-мәтелдер мен жұмбақтар айтылады. Жауабын үш тілде айту қажет. Осы кезеңнен кейін ұпайы төмен екі ойыншымен қоштасамыз.
Аралық қорытынды
Келесі сөз кезегі әділқазы алқасына беріледі.
3-кезең: Ғажайып әлем
Бұл кезеңде 3 тақырып ұсынылады. Әр тақырыпта 10-нан 40-қа дейінгі ұпайлар бар. Әр ұяшықтың астында тақырыпқа сәйкес сұрақ жасырылған.
1) Есімдер сыр шертеді
- 10 ұпай: Абылай ханның шын есімі — Әбілмансұр.
- 20 ұпай: Шоқан Уәлихановтың шын есімі — Мұхаммед-Қанафия.
- 30 ұпай: Қабанбай батырдың шын есімі — Ерасыл.
- 40 ұпай: Әйтеке бидің шын есімі — Айтақ.
2) Ұлы тұлғалар
- 10 ұпай: 1802–1847 жж. өмір сүрген, 1837–1847 жж. ұлт-азаттық көтеріліс басшысы, қазақтың соңғы ханы — Кенесары Қасымұлы.
- 20 ұпай: Қазақ даласында қыздарға арналған мектеп ашқан ағартушы-педагог, балалар әдебиетінің атасы — Ыбырай Алтынсарин.
- 30 ұпай: Жазушы, Кеңес Одағының Батыры, Қазақстанның Халық қаһарманы; «Генерал Панфилов», «Ұшқан ұя», «Артымызда Москва» еңбектерімен танымал — Бауыржан Момышұлы.
- 40 ұпай: Ұлт-азаттық қозғалыс жетекшісі, мемлекет қайраткері, ақын, публицист; 1913 жылдан «Қазақ» газетін шығаруға жетекшілік еткен — Ахмет Байтұрсынұлы.
3) Өлең — тарихтың ажары
- 10 ұпай: «Ағынды менің Ақсуым…» — І. Жансүгіров.
- 20 ұпай: «Мектептегі балалар…» — Қ. Терібаев («Оқушы жастарға»).
- 30 ұпай: «Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем…» — М. Мақатаев («Отан»).
- 40 ұпай: «Қазағым, елім…» («Жиған-терген») — А. Байтұрсынұлы.
4-кезең: Маңызды 8 сұрақ
Әр сайыскер сан таңдайды: артында пән атауы және соған қатысты сұрақ жасырылған. Дұрыс жауап — 10 ұпай.
1) Математика
Әл-Фараби 870 ж. туылып, 950 ж. қайтыс болды. Ол қазір неше жаста болар еді, қанша жыл өмір сүрді?
Жауап: 1141 жаста болар еді; 80 жыл өмір сүрді.
2) Қазақ тілі
ҚР мемлекеттік тілі қандай? Ол Конституцияның нешінші бабымен бекітілген? «Конституцияның» сөзі қай септікте?
Жауап: Қазақ тілі; 7-бап; ілік септік.
3) География
Қазақстан территориясының көлемі дүние жүзі бойынша нешінші орын алады? Неше облыс бар?
Жауап: 9-орын; 14 облыс.
4) Биология
Қазақстандағы қорықтар саны қанша? Оларды ата. Қандай аңдар мен құстар мекендейді?
Ескерту: жауапты қатысушы толықтырып айтады.
5) Әдебиет
Абай Құнанбаев кім? Ақындығымен қатар қандай қырын білесіңдер? Еңбектерін ата.
Нұсқа жауап: ұлы ақын; аудармашы (т.б.).
6) Тарих
Сырым Датұлы бастаған көтеріліс қай жылдары болды? Көтеріліс қанша жылға созылды?
Жауап: 1783–1797 жж.; 14 жыл.
7) Музыка
Бөкей ордасының Жиделі жерінде туған, аспаптық музыканың классигі, аса көрнекті күйші кім? Еңбектерін ата.
Жауап: Құрманғазы Сағырбайұлы («Ақсақ киік», «Қайран шешем», «Адай» т.б.).
8) Спорт әлемі
Афины Олимпиадасында алтын медаль иеленген кім және спорттың қай түрінен?
Жауап: Бақтияр Артаев — бокс.
5-кезең: Шешендік өнер
Жақсы сөзге жүрегі жай табатын, өз ойын нақты дәлелдей алатын шәкірттер ортаға шығады. Ойыншылар қима қағаз таңдап, шыққан тақырып бойынша өз пікірін білдіреді.
Тақырып 1
Егер мен ауыл әкімі болсам…
Тақырып 2
Егер мен ауылдан шыққан депутат болсам…
Тақырып 3
Егер мен Президент болсам…
6-кезең: Жорға
Сайыскерлер конверт таңдайды. Конверттегі нұсқа бойынша сұрақтарға тез әрі толық жауап беру керек. Әр дұрыс жауап — 10 ұпай.
А-нұсқасы
- Қазақ әліпбиінде 42 әріп бар.
- Қазақтың үш биі: Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би.
- Партизан жазушы: Жұмағали Саиын.
- Исатайдың ақын досы: Махамбет.
- Абылай тұсындағы атақты жырау: Бұқар жырау.
- Қазақтың музыкалық аспабы: домбыра.
- Жиренше шешеннің жары: Қарашаш.
- Абылайдың шын есімі: Әбілмансұр.
- «Адай» күйінің авторы: Құрманғазы.
- Мақалды жалғастыр: «Отан — …» (оттан да ыстық).
Б-нұсқасы
- Нақыл сөз түріндегі сөз мәйегі: мақал.
- Қазақ хандығының негізін салушылар: Керей мен Жәнібек.
- «Шығыстың қос жұлдызы»: Әлия мен Мәншүк.
- Абылайдың лақап аты: Сабалақ.
- Ашытылған бие сүті: қымыз.
- Қазақтың соңғы ханы: Кенесары.
- Қобыландының жүйрік аты: Тайбурыл.
- 1986 ж. оқиға: Желтоқсан оқиғасы.
- Шыңғыс ханның шын есімі: Темүжин.
- Мақалды жалғастыр: «Өнер алды — …» (қызыл тіл).
Қорытынды
Ойынның шешуші сәтінде қорытынды сөз әділқазы алқасына беріледі.
Жүргізуші түйіні
Осымен бұл қызықты сайысты тәмамдайық. Білмегенді осы жолы үйрендік, алдағы уақытта да аман болсақ, тағы үйренеміз. Құрметті ұстаздар мен оқушылар, «Жас тарихшы» атты танымдық сайысымыз өз мәресіне жетті.