Сабақтың барысы Ход занятия

Алгебра • 10-сынып

Сабақ тақырыбы: Функцияның өсу және кему белгілері

Бұл сабақта функцияның қасиеттерін еске түсіріп, туындының анықтамасы мен ережелерін қолдана отырып, функцияның өсу және кему аралықтарын анықтау тәсілдерін меңгереміз.

Сабақтың мақсат-міндеттері

Білімділік міндеттері

  • Функцияның негізгі қасиеттерін қайталау.
  • Туындының анықтамасы мен ережелерін білу деңгейін тексеру.
  • Функцияның өсу және кему белгілерімен танысу.
  • Туындыны пайдаланып, функцияның өсу және кему аралықтарын табу әдістерін меңгеру.

Дамытушылық міндет

Оқушылардың есте сақтауын, логикалық және абстрактілі ойлауын, сондай-ақ шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік міндеттер

  • Ұқыптылыққа және шыдамдылыққа тәрбиелеу.
  • Көпшілдікке және ауызбіршілікке баулу.
  • Әсемдік пен эстетикалық тәрбиені қалыптастыру.

Сабақтың форматы мен ресурстары

Көрнекіліктер

Компьютер, интерактивті тақта.

Сабақ түрі

Аралас сабақ.

Әдістер мен стратегиялар

Математикалық марафон Блиц-турнир СТО стратегиялары Ауқымды лекция Тест

Сабақтың барысы (Ход занятия)

1) Ұйымдастыру (2 минут)

  1. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
  2. Сабақтың мақсат-міндеттері және жоспарымен таныстыру.
  3. Сыныпты топқа бөлу.

2) Өткен тақырыпты қайталау: «Математикалық марафон» (5 минут)

Тапсырма: берілген функциялардың туындыларын табыңыз.