Бастауышты тап

Сабақтың тақырыбы

Бастауыш

Сабақтың мақсаты

  • Оқушылар бастауыш туралы түсінік алады.
  • Сөйлемдегі бастауышқа сұрақ қоя білуге үйренеді.

Міндеттері

1) Мазмұндық міндет

Тапсырмаларды орындау арқылы қимыл иесін білдіретін сөздерді тауып, оларға сұрақ қоюды меңгереді.

2) Сыни ойлауды дамыту

Оқушылардың ой-өрісі кеңейіп, пікір алмасу дағдылары қалыптасады.

3) Топтық міндет

Оқушылар өз ойын дәлелдеп, қорғай білуге үйренеді.

Сабақтың сипаттамасы

Түрі

Жаңа сабақ.

Әдістері

  • Ой ашар
  • Топпен жұмыс
  • «Еркін жазу»
  • «Кезекпен қайталау»
  • Ойын әдісі

Көрнекілігі

Суреттер топтамасы, ребус, «Адасқан бастауыш» ойыны.

Бағалау

Оқушының ойды еркін, нақты жеткізе алуына және тапсырмаларды дұрыс орындауына қарай бағаланады.

Сабақтың құрылымы

I. Қызығушылықты ояту

Оқушыларды түгендеу. «Шаттық шеңберін» құрып, бір-біріне тілек айту.

Біз көркембіз, қанағатпыз,
Шуақ шашқан күндейміз.
Еркеміз, естіміз,
Келешектің гүліміз.

Сұрақ: Биыл қандай жыл?

Жауап: Қоян жылы.

Ой ашар (20-жаттығу)

Ережені жаттау және сөйлемдермен жұмыс:

  • Айдана әдемі жазды.
  • Олар далаға шықты.
  • Сиыр су ішті.
  • Кезекші тақтаны сүртті.

Талқылау: Сөйлем мүшелері дегеніміз не?

Ребус

Шешуі: Бастауыш

1
6
сандық
4
аю
уық
ыдыс
шелек

II. Мағынаны тану

Бастауыштың анықтамасы мен сұрақтарын бекіту.

Ереже

Қимыл-іс әрекет иесін білдіретін сөзді бастауыш дейміз. Бастауыш Кім? Не? Кімдер? Нелер? Кімі? Несі? сұрақтарына жауап береді.

Мысал

Жәния дайындалды.

Мысал

Боран соқты.

Мысал

Ауылдан әкесі келді.

Тақтамен жұмыс (22-жаттығу)

  • Жел соқты.
  • Бұлт қоюланды.
  • Жаңбыр себеледі.
  • Оқушы оқыды.
  • Малшы бақты.

Оқушылардан ережені айтып беру сұралады.

Топпен жұмыс (23-жаттығу)

Тапсырма: Заттың қимыл-іс әрекетін білдіріп тұрған бастауышты тап, оған сұрақ қой.

Мұғалім түсіндірді.
Мұз қатты.
Күн шықты.
Лақ маңырады.
Сәкен оқыды.

Жатқа жазу (24-жаттығу)

Дала тегіс сарғайды,
Шаруа қысқа дайындалды.
Күн қысқара бастады,
Тауға тұңғыш қар жауды.

Тақырыбы: Күз

Шығармашылық жұмыс

Сұрақ: Білімді неден аламыз?

Жауап: Кітаптан.

Сұрақ: Білімді қайдан аламыз?

Жауап: Мектептен.

Ы. Алтынсаринге байланысты сұрақтар

Қазақ балаларына алғаш рет мектеп ашқан ағартушы, ақын, жазушы кім? Ы. Алтынсарин.

Біздің мектебіміз кімнің есімімен аталады? Ы. Алтынсарин.

Биыл Ы. Алтынсариннің туғанына 170 жыл толады.

Оқуға, білімге шақырып жазған өлеңі қалай аталады? «Кел, балалар, оқылық» (жатқа айту).

Ойын: «Адасқан бастауыш»

Тапсырма: сөйлемдерден бастауышты тап және дұрыс сәйкестендір.

Арыстан боздайды.
Түйе мөңірейді.
Жылқы ақырайды.
Қой кісінейді.
Сиыр маңырайды.
Түйе боздайды.
Қой маңырайды.
Арыстан ақырайды.
Жылқы кісінейді.
Сиыр мөңірейді.

Ауызша жұмыс (27-жаттығу)

1-нұсқа

  • Жерді соқамен жыртады.
  • Дәнді дән сепкішпен себеді.
  • Егінді комбайнмен жинайды.

2-нұсқа

  • Комбайн егінді жинайды.
  • Соқа жерді жыртады.
  • Дән сепкіш дәнді себеді.

«Еркін жазу» (28-жаттығу)

Оқушылар өз қалауы бойынша сурет таңдап, соған байланысты әңгіме жазады және жұмысын қорғайды.

Қоянның жасырған сұрағы: Қазақстан өз егемендігін қай жылы алды?

Жауап: 1991 жылы, 16 желтоқсанда.

Қосымша: Биыл тәуелсіздіктің 20 жылдығын тойлаймыз.

Сурет көрмесі

Оқушылардың тәуелсіздіктің 20 жылдығына арнап салған суреттері көрсетіледі.

III. Ой толғаныс

Сабақ соңындағы қорытынды сұрақтар арқылы түсінікті бекіту.

Сұрақ: Бүгін қандай тақырыппен таныстық?

Жауап: Бастауыш.

Бастауыш дегеніміз не?

Қимыл-іс әрекет иесін білдіретін сөз.

Бастауыштың сұрақтары

Кім? Не? Кімдер? Нелер? Кімі? Несі?

Үй тапсырмасы

25-жаттығу. Ережені жаттау.

Бағалау

Сабақ барысында белсенділігі, тапсырмаларды орындау сапасы және ойды жүйелі жеткізуі ескеріледі.