Жоғарлы құрылымды, өте ірі жәндіктер

Ұлулардың жалпы құрылысы

Ұлулардың тұлғасынан ерекше қатпарлы құрылым — шапанша (мантия) түзіледі. Тұлға мен шапанша аралығында шапанша қуысы болады, ал шапаншаның үстіңгі бетінде бақалшақ қалыптасады.

Негізгі мүшелер жүйелері

Зәршығару жүйесі

Бір немесе екі бүйректен және несепағар түтіктен тұрады. Зәршығару жүйесі, жыныс тесіктері және артқы ішектің аузы шапанша қуысына ашылады.

Жүйке жүйесі

Жүйке түйіндерінен тұрады.

Қантарату жүйесі

Ашық типті.

Асқорыту жүйесі

Күрделі құрылған. Ауыз тісшелері үккі тілге және жұтқыншаққа жалғасады. «Бауыр» деп аталатын асқорыту безінің өзегі қарынға ашылады.

Жүрек және тыныс алу

Жүректе бір немесе екі құлақша және бір қарынша болады. Құрлықта тіршілік ететін ұлулар өкпемен тыныс алады.

Басаяқтылар класы: негізгі ерекшеліктері

Басаяқтылар — жоғары деңгейде ұйымдасқан, ірі ұлулар. Көпшілігінде бақалшақ жойылған немесе ішкі қалдық түрінде сақталған. Денесі бас пен тұлғадан тұрады.

Құрылымдық және экологиялық белгілер

  • Шеміршекті бассүйек ішінде ми орналасады.
  • Аяғы қармалауыштарға айналып, бастың маңында орналасады (осы белгісі үшін «басаяқтылар» деп аталады).
  • Теңіз қоректік тізбектерінде маңызды орын алады: тісті киттерге, акулаларға және басқа жыртқыштарға қорек болады.

Топтық жұмысқа арналған тапсырмалар

І топ — Сегізаяқ

  • Құрылысы
  • Қозғалуы
  • Қоректенуі
  • Мінез-құлқы
  • Биоценоздағы рөлі және практикалық маңызы

ІІ топ — Кальмар

  • Құрылысы
  • Қозғалуы
  • Қоректенуі
  • Мінез-құлқы
  • Биоценоздағы рөлі және практикалық маңызы

ІІІ топ — Каракатица

  • Құрылысы
  • Қозғалуы
  • Қоректенуі
  • Мінез-құлқы
  • Биоценоздағы рөлі және практикалық маңызы

Блум таксономиясы бойынша сұрақтар

Ойлау деңгейлері және тапсырмалар

Білу
Ұлуларды зерттейтін ғылым қалай аталады?
Түсіну
Басаяқты ұлулардың маңызын түсіндіріңіз.
Қолдану
Сегізаяқ, кальмар және каракатицаның құрылысындағы ерекшеліктерді дәлелдеңіз.
Талдау
Басаяқты ұлулардың биоценоздағы рөлі мен практикалық маңызын талдаңыз.
Жинақтау
Сегізаяқтың құрылысын сипаттаңыз.
Бағалау
Ұлулардың адам үшін маңызы неде?