Біздің отбасымыз тату

Ашық сабақ 4-сынып Тіл дамыту

Сабақтың мақсаты

«Отбасы» тақырыбына байланысты сөздік қорды молайту және оқушылардың ауызша сөйлеу дағдыларын дамыту.

Сабақтың міндеттері

  • Тәуелдік жалғауды бекіту.

  • Әр оқушыны өз отбасына қатысты еркін сөйлей білуге үйрету.

  • Отбасы мүшелерінің туыстық байланысын таныта отырып, сыйластыққа, қамқорлыққа және әдептілікке баулу.

Көрнекіліктер

Отбасы мүшелерінің суреттері, слайд, видеоролик, карточкалар.

Сабақ түрі

Тіл дамыту сабағы.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Жылдам сұрақтар

А) Амандасу

Мұғалім оқушылармен амандасып, сабаққа назар аударады.

Ә) Оқу-тәрбие жұмысына даярлау

  • Қазір қандай сабақ?
  • Қазақ тілі нешінші сабақ?
  • Қазақ тілі сабағында не істейміз?
  • Қазір қай мезгіл?
  • Күз айлары нешеу?
  • Қазір қай ай?
  • Аптаның қай күні?
  • Бүгін нешесі?

Видеоролик көру

Видеоролик арқылы сабақ тақырыбы ашылады: «Менің отбасым». Оқушылармен бірге сабақтың мақсаты нақтыланады.

II. Жаңа сабақ

Тыңдау · Сөйлесу · Оқу

1) Сұрақ-жауап

Оқушыларға ауызша сұрақтар қойылады:

  • Сенің отбасыңда неше адам бар?
  • Олар кімдер?
  • Олар қайда жұмыс істейді?

2) Сөздікпен жұмыс

Оқу → қайталау → аудару

Алдымен мұғалім оқиды, кейін оқушылар хормен және жеке оқиды. Соңында қазақша нұсқасы жасырылып, оқушылар орысшадан қазақша аудармасын табады.

Қазақша Орысша
Ұшқыш лётчик
Мамандық профессия
Зейнеткер пенсионер
Шағын небольшой, маленький
Тату дружный
Әуежай аэродром

3) Мәтінмен жұмыс

Тыңдау → оқу → аудару → сұрақ

Мәтін: «Менің отбасым»

Біздің отбасымыз үлкен. Біздің отбасымызда атам, әжем, әкем, шешем, ағам, қарындасым және мен бармын. Атам мен әжем — зейнеткерлер. Әкем — ұшқыш, ол әуежайда жұмыс істейді. Шешем — мұғалім, ол мектепте жұмыс істейді. Ағам — студент. Қарындасым кішкентай, ол балабақшаға барады. Мен төртінші сыныпта оқимын. Біздің отбасымыз тату.

Оқу кезеңдері

  1. 1Мұғалім мәтінді мәнерлеп оқиды.
  2. 2Оқушылар тізбектей оқиды.
  3. 3Мәтін аударылады.
  4. 4Сурет бойынша сұрақтарға жауап беріледі.

Сұрақтар (сурет бойынша)

  • Әкең қайда жұмыс істейді?
  • Шешең қайда жұмыс істейді?
  • Атаң мен әжең бар ма?
  • Олар қайда?
  • Ағаң қайда оқиды?
  • Қарындасың (сіңлің) қайда барады?

Сергіту сәті

Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары орындалып, оқушылардың зейіні қайта шоғырландырылады.

4) Ойын: «Өз жұбыңды тап»

Сөз тіркестерін бекіту

Ойын мақсаты — сөз тіркестерінің лексикалық мағынасын жаттықтыру. Оқушылар саны жұп болғаны дұрыс. Мұғалім әр оқушыға бір сөзден таратады, оқушылар сөздерін дауыстап оқып, мағыналық жұбын табады.

Әкем — ұшқыш

Анам — мұғалім

Ағам — студент

Әжем — зейнеткер

Сіңлім — балабақшада

5) Суреттермен жұмыс

Оқушылар суреттер бойынша сөйлем құрастырып, сұрақтарға жауап береді.

Мектеп

Сөйлем: Мектепте мен (оқушылар) оқимын.

Әуежай

Мынау не? Бұл — әуежай.

Әуежайда кім жұмыс істейді? Әуежайда әкем ұшқыш болып жұмыс істейді.

Үй

Мынау не? Бұл — үй.

Үйде кімдер бар? Үйде атам мен әжем бар. Олар — зейнеткерлер.

Университет

Мынау не? Бұл — университет.

6) Деңгейлік тапсырмалар

Жеке жұмыс

Сөздерді аудару

  • лётчик— ұшқыш
  • маленький, небольшой— шағын
  • профессия— мамандық
  • дружный— тату
  • пенсионер— зейнеткер
  • аэродром— әуежай

Тәуелдік жалғау

Берілген сөздерге тәуелдік жалғауын дұрыс жалғаңыз:

I жақ

Менің қарындас..., ата..., інім...

II жақ

Сенің қарындас..., ата..., інім...

Сыпайы түрі

Сіздің қарындас..., ата..., інім...

III жақ

Оның қарындас..., ата..., інім...

Тексеру

Оқушылардың орындалған тапсырмалары тексеріледі, қателер түзетіледі.

7) Сөз тіркесі мен сөйлем құрастыру

Тақырып бойынша тіркестерді кеңейтіп, толық сөйлемдер құрастырыңыз:

Отбасы.

Менің отбасым.

Менің отбасым үлкен.

Менің отбасым тату тұрады.

Отбасымда әкем, шешем, ағам бар.

III. Бекіту

Тест

Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау үшін тест тапсырмасы беріледі.

1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қай тіл?

  • а) орыс тілі
  • в) өзбек тілі
  • с) неміс тілі
  • д) ағылшын тілі
  • е) қазақ тілі

2) Отбасыңда неше адам бар?

Жауабыңды толық сөйлеммен жаз.

3) Әуежайда кім жұмыс істейді?

  • а) ағам
  • в) әкем
  • с) әжем
  • д) атам
  • е) інім

4) Қарындасың, сіңлің, інің қайда барады?

  • а) мектепке
  • в) жұмысқа
  • с) балабақшаға
  • д) спорт кешеніне
  • е) ғарышқа

5) Мектепте кім жұмыс істейді?

  • а) ағам
  • в) әкем
  • с) әжем
  • д) анам
  • е) інім

IV. Рефлексия

Қорытынды ой

Жақсыларға жақын бол,
Отбасыңмен тату бол,
Ата-анаңның көзі бол,
Сөнбейтін нұры бол!

Осы өлең жолдарымен сабақ қорытындыланады.

V. Үй тапсырмасы

Деңгей бойынша

1-деңгей

Мәтінді әңгімелеп береді.

2-деңгей

Сұхбат (диалог) құрастырады.

3-деңгей

Сөздерді жаттайды.