Ортақ нүктесі бар түзулер
Сабақ тақырыбы
Нүкте және түзу. Екі түзудің өзара орналасуы.
Біліктілік
Жазықтықтағы негізгі фигураларға нүкте мен түзу жататынын және оларды белгілеу тәсілдерін түсіндіру; түзулердің қиылысатын және қиылыспайтын түрлерін ажырату.
Дамытушылық
Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, дәлелдеу мәдениетін қалыптастыру; есеп шығарудың жаңа түрлерін меңгерту және логикалық қорытынды жасай білуге үйрету.
Тәрбиелік
Геометрия пәніне қызығушылықты арттыру, ынтаны күшейту және оқу жауапкершілігін қалыптастыру.
Сабақ көрнекілігі
- Компьютер
- Интерактивті тақта
- Microsoft PowerPoint презентациясы
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Сыныптың дайындығын тексеру, сабақ мақсатын нақтылау және жұмыс тәртібін белгілеу.
II. Қайталау
Геометрия — геометриялық фигуралардың қасиеттерін зерттейтін ғылым.
III. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Негізгі фигуралар
Жазықтықтағы негізгі геометриялық фигуралар: нүкте және түзу.
Орналасудың негізгі қасиеттері
- Қандай түзу болмасын, ол түзудің бойында жататын да, жатпайтын да нүктелер болады.
- Кез келген екі нүкте арқылы бір ғана түзу жүргізуге болады.
Екі түзудің өзара орналасуы
Егер екі түзудің ортақ нүктесі болса, онда олар қиылысады. Ал ортақ нүктесі болмаса, түзулер қиылыспайды.
1) Екі түзу қиылысады және олардың бір ғана ортақ нүктесі болады. Бұл нүкте — екі түзудің қиылысу нүктесі.
2) Екі түзу қиылыспайды және ортақ нүктесі жоқ.
Параллель түзулердің негізгі қасиеттері
Берілген түзуден тыс жатқан нүкте арқылы осы түзуге параллель бір ғана түзу жүргізуге болады.
Егер түзу өзара параллель екі түзудің біреуін қиятын болса, онда ол екінші түзуді де қияды.
IV. Жаңа тақырып бойынша есептер шығару
Нүкте, түзу және параллель түзулер тақырыптарына байланысты практикалық есептер орындалады.
V. Сабақты қорытындылау: тест тапсырмалары
-
1. Жазықтықтағы негізгі геометриялық фигураларды атаңдар.
- A) нүкте, түзу
- B) нүкте, сәуле
- C) түзу, сәуле
-
2. Нүктелерді қандай әріптермен белгілейді? Түзулерді ше?
- A) Латынның бас әріптерімен, латынның бас әріптерімен
- B) Латынның бас әріптерімен, латынның кіші әріптерімен
- C) Латынның кіші әріптерімен, латынның кіші әріптерімен
-
3. Қандай түзулерді қиылысатын түзулер деп атайды?
- A) ортақ нүктесі болмаса
- B) параллель болса
- C) ортақ нүктесі бар болса
-
4. Қиылыспайтын түзулер деп қандай түзулерді атайды?
- A) ортақ нүктесі болса
- B) ортақ нүктесі жоқ болса
- C) екі ортақ нүктесі болса
-
5. Қандай түзулерді параллель түзулер деп атайды?
- A) қиылысатын
- B) ортақ нүктесі бар түзулер
- C) қиылыспайтын
VI. Сөзжұмбақты шешу
1. дөңгелек
2. сәуле
3. конус
4. пирамида
5. шеңбер
6. нүкте
7. бұрыш
8. цилиндр
9. тақия
VII. Үйге тапсырма
№14, №15, №16 сұрақтарға жауап беру.
VIII. Оқушыларды бағалау
Оқушылардың сабаққа қатысуы, жауаптарының дәлдігі және тапсырмаларды орындау сапасы бойынша бағалау жүргізіледі.