Жарық жануарларға керек екенін дәлелде
Сабақ жоспары
Сусыз тіршілік жоқ
Бұл сабақта су — жануарлар тіршілігі үшін ең қажетті жағдайлардың бірі екенін түсіндіру көзделеді. Сонымен қатар оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту, қоршаған орта табиғатын қорғауға тәрбиелеу қарастырылады.
Мақсаты
- Судың жануарлар тіршілігі үшін аса қажет жағдай екенін ұғындыру.
- Танымдық қабілеттерін дамыту.
- Табиғатты қорғауға, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі
- Оқулық
- Түрлі-түсті суреттер
Әдістері
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың назарын сабаққа бағыттау, жұмысқа дайындықтарын тексеру.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Алдыңғы тақырып: «Жылу — жануарлар тіршілігіне қажетті жағдай». Мәтінді оқыту және мазмұнын айтқызу.
III. Білімдерін тексеру
- Жылудың жануарларға не үшін қажет екенін дәлелде.
- Жарықтың жануарларға не үшін қажет екенін дәлелде.
IV. Мақсат қою кезеңі
Бүгінгі тақырып: «Сусыз тіршілік жоқ». Судың тіршілік үшін маңызын анықтау.
V. Жаңа сабақ
Оқулықпен жұмыс: мәтінді оқып, судың жануарлар тіршілігі үшін ең қажетті жағдайлардың бірі екенін түсіндіру.
Тақырыпты оқу түрлері
- Іштей оқу
- Тізбектей оқу
- Жеке-жеке оқу
VI. Түсінгендерін тексеру
- Жылу, жарық және судың жануарлар тіршілігі үшін қажетті жағдайлар екенін мысалдармен дәлелде.
- Үй жануарларының жылуды, жарықты, суды қажет ететінін қандай әрекеттерінен байқауға болатынын бақылап, анықта.
- Үй жануарларына осы жағдайларды жасауда адамның қамқорлығы туралы әңгімеле.
- Кез келген жануардың тіршілігіне ең қажетті жағдайларды атап, әрқайсысына мысал келтір.
VII. Қорыту
Сұрақтар
- Бүгін біз не өттік?
- Су туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?
VIII. Үйге тапсырма
- Мәтінді оқу.
- Мазмұндау.
Бағалау: Оқушылардың жауаптарына, белсенділігіне және тапсырмаларды орындауына қарай бағаланады.