Цирктің суретін көрсету. Сабақтың мақсаты

Сауат ашу сабағының жоспары: «Ц ц дыбысы мен әрпі»

Петропавл қаласы Қалалық классикалық гимназия. Мұғалім: Сейтбекова И. Т.

Сабақтың тақырыбы

Ц ц дыбысы мен әрпі

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ

Әдістері

  • Сұрақ-жауап
  • Топпен жұмыс
  • Ассоциация

Сабақтың мақсаты

  1. 1) Оқушыларды Ц ц дыбысы мен әрпімен таныстыру, оның дауыссыз дыбыс екенін ұғындыру; сөздерді дұрыс буынға бөліп оқуға жаттықтыру.
  2. 2) Дыбыс пен әріпті танумен қатар сөз, сөйлем құра білуге; буындық және дыбыстық талдау жасауға үйрету арқылы сөздік қорын, тіл байлығын және байқампаздығын дамыту.
  3. 3) Мамандық түрлерімен таныстыру, еңбекке баулу және тәрбиелеу.

Көрнекіліктер

Кестелер, үлгілер, әріп кассасы, суреттер.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру

Оқушылармен бірге көңіл күйді көтеретін қысқа өлең айтылады:

Мен күнді көремін,
Күн мені көреді.
Мен айды көремін,
Ай мені көреді.
Мен жұлдызды көремін,
Жұлдыз мені көреді.
Мен сені көремін,
Сен мені көресің.
Біз сізді көреміз,
Сіз бізді көресіз.

II. Өткенді еске түсіру

«Қызыл телпек» әжесіне бара жатқанда жолда кездескен аңдардың тапсырмаларын орындап, оған көмектесеміз.

1) Аюдың тапсырмасы: «Кім жылдам?»

Әр қатар өткен дыбыстарға мүмкіндігінше көп әрі тез сөз құрайды:

  • 1-қатар: Э дыбысына сөздер
  • 2-қатар: Щ дыбысына сөздер

2) Түлкінің тапсырмасы: «Дыбысқа саяхат»

Жоғалған дыбыстарды тауып, сөзді оқып, сөйлем құрау:

… лектр а… ы … кран тұ… ы

3) Қасқырдың тапсырмасы: кеспе әріптермен жұмыс

  • I-нұсқа: «Щетка» — 2 буын, 5 әріп, 6 дыбыс
  • II-нұсқа: «Борщ» — 1 буын, 4 әріп, 4 дыбыс

4) Сергіту сәті

Музыка әуенімен би қимылдарын орындау.

III. Жаңа сабақ

1) Ассоциация құру

«Цирк» сөзін естігенде ойларыңа не келеді?

шарлар жонглер көңілді қызық аю ит

2) Жаңа дыбыспен таныстыру

Цирк суреті көрсетіледі. Бүгін бізге таныс емес жаңа дыбыспен танысамыз: Ц дыбысы.

Дыбыстық сипаттама

Цдауыссыз дыбыс (хормен айту).

Әріп түрлері

Ц дыбысының баспа және жазба әріптері көрсетіледі.

3) Сөздермен жұмыс

«Циркуль», «цемент» сөздеріне сөйлем құрау, буынға бөлу және ц дыбысының сөз ішіндегі орнын анықтау.

4) Сергіту сәті

Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары орындалады.

5) Оқулықпен жұмыс

а) Сөздер бағаны

Бағандағы сөздерді оқыту, мағынасын ашу. Ц дыбысының орнын анықтау, сәйкес суреттерін көрсету. Ескерту: Ц дыбысы көбіне орыс тілінен енген сөздерде кездесетіні түсіндіріледі.

ә) «Цирк» әңгімесі

Әңгімені мәнерлеп оқу. Оқушыларға іштей және дауыстап оқыту. Мазмұны бойынша сұрақтарға жауап алу:

  • Әңгіме не туралы?
  • Циркте нелер бар?
  • Аю мен ит не істеді?

6) Дәптермен жұмыс

  • Ц ц үлкен және кіші әріптерінің жазылуын көрсету.
  • Үлгі бойынша 1-жолды бастырып жазу.

IV. Сабақты қорытындылау

Клоунның тапсырмасы: шашылған дыбыстардан сөз құра

(х, е, ц)

цех

(р, и, ц, к)

цирк

Қорытынды сұрақтар

  • Адамдар циркке неге барады?
  • Циркте қандай мамандық иелері жұмыс істейді?
  • Бүгін не үйрендің? Нені білдің?

Бағалау

Клоун оқушылардың жауаптарына риза болып, қыздарға шарлар, ұлдарға ысқырғыш сыйлайды.