Microsoft Word мәтіндік процессорында практикалық жұмыс

Сабақ туралы ақпарат

Сабақтың тақырыбы
Microsoft Word. Қайталау
Сабақтың түрі
Қайталау сабағы
Сабақтың типі
Практикум элементтері бар түсіндірмелі-көрнекілікті сабақ

Сабақтың мақсаттары

Білімділік

Оқушылардың білім, білік, дағдыларын жүйелеу және бекіту.

Дамытушылық

Ойлау қабілетін (логикалық және абстрактілі ойлау) дамыту, қызығушылықты арттыру, теориялық білімді практикамен ұштастыру арқылы білімді толықтыру.

Тәрбиелік

Ақпараттық және компьютерлік сауаттылықты арттыру, ұқыптылыққа және тиянақтылыққа баулу.

Көрнекіліктер мен қолданылатын бағдарламалар

Көрнекіліктер

  • Оқулық
  • Жұмыс дәптері
  • Тест парақтары
  • Үлестірмелі тапсырмалар
  • Флипчарттар

Бағдарламалар

  • Microsoft Word мәтіндік процессоры
  • Paint
  • PowerPoint
  • Aktivstudio

Жоспар

  1. 1 Оқушыларды сабаққа ынталандыру және ұйымдастыру.
  2. 2 Өткен тақырыптар бойынша қайталау сұрақтары.
  3. 3 Microsoft Word мәтіндік процессорында практикалық жұмыс.
  4. 4 Сабақты бекіту.
  5. 5 Оқушыларды бағалау.
  6. 6 Үй тапсырмасын беру.

Сабақтың барысы

Бүгінгі сабағымыз Microsoft Word мәтіндік процессоры бойынша «мектеп» форматында өтеді және 7 бөлімнен тұрады. Жақсы баға алу үшін оқушылар Қайталау, Сәйкестендір, Кім тапқыр, Ойланып көр, Тест, Практикалық жұмыс бөлімдеріндегі тапсырмаларды орындап, соңында Бағалау кезеңіне өтеді.

Бөлімдер уақыты

Бөлім Уақыты
Қайталау 10 минут
Сәйкестендір 5 минут
Кім тапқыр 10 минут
Ойланып көр 10 минут
Тест 5 минут
Практикалық жұмыс 1-топ интерактивті тақтада тапсырмалар орындайды, 2-топ компьютерде практикалық тапсырмаларды орындайды.
Бағалау 5 минут

Бөлімдер мазмұны

I. Қайталау (үй тапсырмасы немесе өткен тақырыптарға шолу)

Оқушылар жасырылған тоғыз сұрақтың ішінен кезекпен таңдап, жауап береді.

  • MS Word мәтіндік процессоры қалай іске қосылады?
  • Жаңа Word құжаты қалай құрылады және құжат қалай сақталады?
  • Редакциялау дегеніміз не?
  • Орын ауыстыру мен көшіру амалдарын салыстырыңыз.
  • Мәтінді форматтау дегеніміз не?
  • Абзацаралық және жоларалық интервалдар қалай қойылады?
  • Колонтитулдар дегеніміз не?
  • MS Word-та кесте құру әдістерін атаңыз.
  • Құжатқа сурет қалай енгізіледі?

II. Сәйкестендір

I-топ

Microsoft Word терезесінің элементтерін атап, оларды тиісті кестеге орналастырады.

II-топ

Пернелер комбинацияларының қызметін сәйкестендіру тапсырмасын орындайды.

III. Кім тапқыр

Оқушылар Microsoft Word бойынша білім деңгейін анықтау мақсатында сөзжұмбақтар шешеді және аспаптар панеліндегі батырмалардың қызметін жазады.

IV. Ойланып көр

Есте сақтау мен шапшаң ойлау қабілеттерін дамыту үшін кесте толтыру тапсырмасы ұсынылады.

I-топ

«Мәтіндік құжат»

II-топ

«Мәтіндік ақпаратты өңдеу технологиясы»

V. Сабақты бекіту (тест)

Бұл бөлімде оқушылардың алған білім, білік, дағдылары жүйеленіп, бекітіледі.

I-топ сұрақтары

  1. 1) Word процессорында мәтінді енгізу қалай орындалады?

    • а)жұмыс үстелінде
    • ә)құжат терезесінде
    • б)мәтінде
  2. 2) Файлды басқа атпен сақтау үшін не істеу керек?

    • а)сақтау
    • ә)F2
    • б)… деп сақтау
  3. 3) Фрагментті қалай ерекшелейміз?

    • а)тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып, жылжыту арқылы
    • ә)тышқан батырмасын екі рет шерту арқылы
    • б)Ctrl + E
  4. 4) Құжатты құруда қаріптің қандай өлшемі қолданылады?

    • а)14
    • ә)18
    • б)маңызды емес
  5. 5) Бір абзацтың аяқталуын қай перне көрсетеді?

    • а)Enter
    • ә)Caps Lock
    • б)Shift
  6. 6) MS Word-та кестемен жұмыс істегенде оң жақтағы шеткі ұяшыққа өту үшін не басу керек?

    • а)Shift + Tab
    • ә)Tab
    • б)Backspace
  7. 7) Орфографиялық тексеру үшін қай команданы орындау керек?

    • а)Сервис → Орфография
    • ә)Формат → Орфография
    • б)Қою → Орфография

II-топ сұрақтары

  1. 1) Сол жақтан бір символды өшіру үшін қандай пернені пайдаланамыз?

    • а)Enter
    • ә)Caps Lock
    • б)Backspace
  2. 2) Берілген фрагментті өшіру үшін қай пернені пайдаланамыз?

    • а)Enter
    • ә)Backspace
    • б)Delete
  3. 3) MS Word-та кестемен жұмыс істегенде келесі ұяшыққа өту үшін не қолданылады?

    • а)курсорды басқару пернелері
    • ә)Caps Lock
    • б)Shift + Tab
  4. 4) Қаріп өлшемін таңдау үшін қандай командалар орындалады?

    • а)Сервис → Қаріп → Өлшемі
    • ә)Түр → Қаріп → Өлшемі
    • б)Формат → Қаріп → Өлшемі
  5. 5) MS Windows ортасында «Қою» командасы қай мәзірде орналасқан?

    • а)Түзету → Қою
    • ә)Іздеу → Қою
    • б)Құжаттар → Қою
  6. 6) Құжатты ашу қалай жүзеге асады?

    • а)іске қосу батырмасы көмегімен
    • ә)тышқанның сол жақ батырмасын екі рет шерту арқылы
    • б)тышқанның сол жақ батырмасын бір рет басу арқылы
  7. 7) Оң жақтағы бір символды өшіру үшін қай пернені пайдаланамыз?

    • а)Delete
    • ә)Shift
    • б)Caps Lock

VI. Бағалау

Сабақ басында бір оқушы мұғалімге көмекші ретінде тағайындалып, әр оқушының бөлімдер бойынша көрсеткен нәтижесін бағалау парағына белгілеп отырады. Сабақ соңында әр оқушының жалпы ұпайы есептеліп, тақтаға жазылады.

VII. Үй тапсырмасы

Microsoft Word мәтіндік процессоры бойынша өткен тақырыптарды қайталау.