Ауызша жаттығулар

Сабақтың мақсаттары

Білімділік

Жауабы 12 болатын қосудың кестелік жағдайларын және азайтудың сәйкес жағдайларын меңгерту.

Дамытушылық

Логикалық ойындар мен өлең есептер арқылы оқушылардың ойлау және есте сақтау қабілеттерін дамыту; өз ойын еркін айту дағдысын қалыптастыру.

Тәрбиелік

Шапшаңдыққа, білгірлікке және ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер

  • Интерактивті тақта
  • Презентация
  • Өлең есептер

Сабақ сипаттамасы

Сабақтың түрі
Жаңа сабақ
Әдістері
түсіндіру, сұрақ-жауап, ауызша жаттығулар, салыстыру

Сабақтың жоспары

  1. I. Ұйымдастыру кезеңі

    Балаларды сабаққа дайындау, психологиялық дайындық (жақсы тілек айту).

  2. II. Ауызша жаттығулар

    • «Мысалдар құрастыр» ойыны
    • «Ұрылар мен кемпір» ертегі-өлең есебі
  3. III. Көркем жазу минуты

    3 және 6 сандарын жазу.

  4. IV. Жаңа материалды меңгеру

    1. Жаңа сабақты түсіндіру
    2. Оқулықпен жұмыс
    3. Дәптермен жұмыс
  5. V. Сергіту сәті

  6. VI. «Көршісін тап» ойыны

  7. VII. Өздік жұмыс

  8. VIII. Сабақты бекіту

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Балаларды сабаққа дайындау, психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру (жақсы тілек айту).

Ал, кәнекей, балалар,
Бері қарай қарайық.
Қажет құрал, кітапты,
Алдымызға алайық.
Алаңдамай басқаға,
Сабаққа назар салайық.
Дұрыс есеп шешімін,
Мұқиятпен табайық.

II. Ауызша жаттығулар

«Мысалдар құрастыр» ойыны

Интерактивті тақтада шарларға сандар жазылады. Оқушылар берілген сандарға сүйеніп 2 қосу және 2 азайту бойынша өрнектер құрастырады.

Ертегі-өлең есеп

«Ұрылар мен кемпір» тақырыбы бойынша өлең есеп орындалады.

III. Көркем жазу минуты

Дәптерде 3 және 6 сандарын көркем жазу.

IV. Жаңа материалды меңгеру

Көрнекілік арқылы түсіндіру

  • 9 көк допқа неше қызыл доп қосылды? 3
  • Допты 10-ға толықтыру үшін алдымен неше доп қосамыз? 1

9 + 1 = 10

Енді неше доп қосу қажет? 2

9 + 3 = 9 + 1 + 2 = 12

Азайтуды түсіндіру

Осы тәсілмен азайту амалдары да көрнекілік арқылы көрсетіліп түсіндіріледі.

12 − 3 = 12 − 2 − 1 = 9

Оқулықпен жұмыс

№2 тапсырма мұғалімнің көмегімен тақтада орындалады. Слайдтан тиін мен кірпінің суреттері көрсетіледі.

Тиін

Саңырауқұлақ саны: 12

Кірпі

Саңырауқұлақ саны: 7

Сұрақ: тиінде кірпіге қарағанда неше саңырауқұлақ артық? Есептің шартын құрастырып, шығару.

V. Сергіту сәті

Қорбаңдаған аюдың,
Құлпынайы бар екен.
Теріп-теріп алайық,
Қалтамызға салайық.

VI. «Көршісін тап» ойыны

Слайд арқылы 8-ден 18-ге дейінгі сандардың көршілерін табу тапсырмасы орындалады.

VII. Өздік жұмыс

№3 жаттығу өздік жұмыс ретінде ұсынылады.

VIII. Сабақты бекіту

  • Бағалау
  • Үй тапсырмасы: 28-бет, №7