Сөйлемді сөйлем мүшесіне талдау
Сабақтың мақсаттары
Білімдік
- Сын есім туралы бұрынғы білімге сүйене отырып, ұғымды кеңейту.
- Дара және күрделі сын есім түрлерімен таныстыру.
- Сөйлемнен дара/күрделі сын есімдерді тауып, сұрақ қоя білуге үйрету.
- Дара мен күрделіні бір-бірінен ажырата білу дағдысын қалыптастыру.
Дамытушылық
- Ойлау және есте сақтау қабілеттерін дамыту.
- Ауызекі тілін жетілдіру, сөздік қорын молайту.
- Байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру.
- Пәнге қызығушылықты арттыру.
Тәрбиелік
- Ана тілін сүюге және қастерлеуге баулу.
- Қатесіз әрі көркем жазуға тәрбиелеу.
- Кішіпейілділікке, адамгершілікке, әдептілікке үйрету.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу.
- Психологиялық дайындық: жақсылықты бойға сіңіру, жамандықтан аулақ болу.
-
Үй жұмысын тексеру: «Сыңарын тап» ойыны
терең — таязыстық — суықадал — арамжұмсақ — қаттыжуан — жіңішке
Осы сөздермен сөйлем құрастыру.
- Жеке карточкалармен жұмыс (4 оқушы). Тексеру және бағалау.
II. Жаңа тақырып
- Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
- Дәптерге айы мен күнін жазу.
-
Көркем жазу және мақалмен жұмыс
Долана. Парта. Сапар.
Әдепті бала ата-анасын мақтатар.
Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар.- Мақалды оқу, мағынасын түсіндіру.
- Көшіріп жазу.
- Сын есімдерді табу және сұрақ қою.
-
Сөздік жұмысы: көк ала, сары ала
- Жазылуы мен мағынасын түсіндіру.
- Сөйлем құрастыру: «Мен көк ала дәптер сатып алдым.»
- Сөйлемді сөйлем мүшелеріне талдау.
- Кесте бойынша ереже құрастыру.
III. Оқулықпен жұмыс
- 135-бет: оқу және талдау.
-
446-жаттығу (тақтада, жазбаша)
- Сын есімдерді табу; дара ма, күрделі ме екенін айту.
- Дара сын есім неше сөзден тұрады? Күрделі сын есім ше?
- Күрделі сын есімнің құрамындағы сөздер қалай жазылады?
- Жұмбақ шешу.
-
447-жаттығу (ауызша): терме жұмысы
Дара
- ұзын
- қысқа
- қызыл
- ақ
Күрделі
- қызғылт сары
- қара сұр
Талқылау: 1-бағанға қандай сын есімдерді жаздық? Неліктен? 2-бағанға ше?
IV. Сергіту сәті
«Менің есімім» ойыны: әр оқушы өз есімінің алғашқы әрпіне сәйкес өзіне лайықты жақсы қасиетті айтады.
V. Бекіту
-
449-жаттығу (өздік жұмыс)
- Сын есімдерді табу.
- Дара немесе күрделі екенін анықтау.
-
Шығармашылық жұмыс (деңгейлік тапсырмалар)
1-деңгей
қызыл, сары, көк
2-деңгей
көк ала, қызыл ала, жасыл ала
3-деңгей
- Сөйлем құрастыру
- Өлең құрастыру
- Жұмбақ немесе әңгіме құрастыру
Жұмыстарды оқу, талдау және бағалау.
VI. Қорыту
Венн диаграммасы (мазмұны)
Дара
қызыл, көк
Ортақ
Сын есім заттың түсін, түрін, сапасын білдіреді.
Күрделі
қызыл ала, көк ала
- Күрделі сын есімдер неше сөзден тұрады?
- Күрделі сын есімнің құрамындағы сөздер қалай жазылады?
VII. Үй тапсырмасы
135-бет
450-жаттығу
VIII. Бағалау
Сабақ бойындағы белсенділік, тапсырмаларды орындау сапасы және жауаптарының дәлдігі бойынша бағалау.