Тұрақты дамудың Қазақстандық моделі бүгінде бүкіл әлемге үлгі
Мақсат
- Қазақстанның Тәуелсіздігі туралы айта отырып, студенттердің бойында еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімді қалыптастыру.
- Елімізге тәуелсіздіктің оңай жолмен келмегенін ұғындырып, тәуелсіздіктің қадір-қасиетін түсіндіру.
- Тарих тағылымынан өнеге алып, ұлттық сананы жаңғыртқан қазақ жастарының ізбасары болуға үндеп, жауапкершілікті арттыру.
- Өскелең ұрпақтың имандылық және елжандылық сезімдерін дамыту.
Сахналық бөлім: жүргізушілер сөзі
1-жүргізуші
Құтты болсын Тәуелсіздік мейрамы, ол әркімге бейбіт өмір сыйлады.
Аңсаған сан ғасырлық арман болып, қол жеткізген шындық жырын жырлады.
Қуаныштан қалай кеуде кермесін: тәуелсізбін, егеменмін, дербеспін!
2-жүргізуші
Армысыздар, құрметті ұстаздар, қадірменді қонақтар мен студенттер!
Бүгін тәуелсіздіктің 23 жылдық мерейтойына арналған «Жайнай бер, жасай бер, менің Қазақстаным!» атты іс-шараны ашық деп жариялаймыз.
1-жүргізуші
Атыңнан айналайын, егемен ел!
Тәуелсіз күнің туды, кенеле бер.
Мерейің құтты болсын, тәуелсіздік, ғасырдың тойы бола бер!
2-жүргізуші
Тәуелсіздік – тәңірдің біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы.
Біз бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік.
Біз кімбіз?
Біз ежелден «ер» деген даңқы шыққан халықтың ұрпағымыз; ел бірлігі жолында намысын бермеген жұрттың ұланымыз.
Біз көк байрағын әлем биіктерінде желбіреткен бейбітшіл елдің азаматтарымыз.
Біз қазақстандықпыз, және мұны зор мақтанышпен айтамыз.
Музыкалық номер
М. Маңғытаев — «Қазақстаным менің» әні
Тәуелсіздік туралы ой
Тәуелсіздік – киелі де қастерлі ұғым, ең басты құндылығымыз. Ол қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ арманы мен қайсар рухының жемісі.
Бүгін Қазақстан – әлем назарындағы, болашағынан зор үміт күттіретін, жері де, халқы да бай ел.
Қарыштай бер, Қазақстан, шың басына,
Айналып Орта Азия барысына.
Табысты ел атанып, таныттың сен,
Асты даңқың мұхиттың ар жағына!
23 жыл: қалыптасу мен өрлеу
Тарихи белес
Тәуелсіздіктің 23 жылы тарихта өзіндік ерекшелігімен қалды. Әрбір жыл мемлекетімізге жаңа өзгеріс әкелгені баршаға айқын.
Нақты нәтижелер
- Еліміздің шекарасы халықаралық шарттарға сай бекітілді.
- Мемлекеттік рәміздер, Ата заң, ұлттық валюта қабылданды.
- Сарыарқаның кең даласында жаңа астана бой көтерді.
- Әлемдік қауымдастық алдында Қазақстан Республикасы деген асқақ рухты ел екеніміз мойындалды.
Астана туралы толғау
Төріне туған жердің туын тігіп,
Ерекше ел еңсесі бүгін биік.
Астана – ақ ордасы қазағымның,
Алтын тәж ақ маңдайға қонған сүйіп.
Астана – Отанымның тірегісің,
Қазақтың соғып тұрған жүрегісің.
Музыкалық номер
Амантаев Жанат — «Астана» әні
Біз әрқашан бірлікті, тұрақтылықты қорғаймыз. Отанымыз ортақ. Жүрегіміз де біртұтас. Ұмтылыстарымыз да бірдей.
Достық пен татулық
Қазір елім – достықтың гүлстаны,
Қуаныштың, бақыттың ырыс бағы.
Мейрамдарын барша халық бірге тойлап,
Мұнда бәрі қосылып ту ұстады.
Би
«Достық» биі
Ұлттық идея және болашаққа бағдар
Тұрақты даму үлгісі
Тәуелсіздік – ұлттық идеяларға тың серпін берген, сарабдал саясаттың сара жолы. Тұрақты дамудың қазақстандық моделі бүгінде бүкіл әлемге үлгі.
Халықаралық ЭКСПО–2017 көрмесін табысты өткізу арқылы еліміздің әлеуетін әлемге паш етеміз.
«Мәңгілік ел» құндылығы
XXI ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры – Мәңгілік ел: елді біріктіретін күш, таусылмас қуат көзі.
Сан ғасырлар тарихынан кешегі
Туған жердің шежіресі өседі.
Менің елім Қазақстан – Отаным,
Болашағы алға тартқан көш елі.
«Нұрлы жол» және тарихи мерейтойлар
Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауы – жасампаздықтың басты бағыты, қазақ елінің асыл мұраты.
2015 жыл – ұлттық тарихымыз ұлықталған ерекше жыл: Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ата заңымыздың 20 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы.
Бұл тарихи белестер жаңа қазақстандық патриотизмді ұрпақ жадына сіңіруде айрықша рөл атқарады.
Слайд
«Мен елімнің патриотымын»
Жастарға сенім
Елбасы «Жастар – біздің алтын қорымыз» дегендей, колледжімізде мақсаты айқын, оқуда да, өнерде де алда, шығармашыл әрі талантты студенттер көп. Біз олармен мақтанамыз.
Рәсім
Марапаттау
2-жүргізуші
Тәуелсіз елге қараймын да тамсанам,
Жылдарды ата-бабам аңсаған.
Көрген ұрпақ бірімін мен, сондықтан
«Бақыттымын!» деп айғайлап жар салам.
1-жүргізуші
Желбіреген байрағың – желді күні,
Биіктерің, мәртебең – елдігіңде.
Таныта бер, Қазақстан, бар әлемге
Керегеңнің кеңдігін де, теңдігін де.
Музыкалық номер
«Асқарлы қарлы шың – Қазақстаным» (хор)
2-жүргізуші: Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын!
1-жүргізуші: Ұлы жолдағы сапарымыз сәтті, болашағымыз жарқын болсын!
2-жүргізуші: Келесі кездескенше күн нұрлы болсын!