Оттекті қышқыл

Жүзден жүйрік: сыныптар арасындағы химиялық сайыс

Топтарды әділ бағалау үшін әділқазылар алқасы қатысады. Сыныптан тыс шара 9а, 9б, 10а, 10б сыныптары арасында сайыс түрінде өтеді. Әр сыныптан 3 оқушыдан іріктеліп, барлығы 4 топ құрылады. Әр топ өз ішінен басшы сайлап, топ мүшелерін таныстырады.

Бағалау жүйесі

Әр тур бойынша ұпайлар беріледі. Жауаптың дұрыстығы мен тапсырманы орындау сапасы негізгі өлшем болады.

Ұйымдастыру

Жүргізуші әр турдың шартын түсіндіреді, уақытты қадағалайды, ал әділқазылар нәтижені бекітеді.

I тур — «Адасқан әріптер»

Берілген пішіндерде жасырылған әріптерден сөз құрастырып, шыққан ұғымға анықтама бересіздер. Уақыт — 3 минут. Әр дұрыс жауапқа 1 балл.

  • 1) АЛКУЛЕМО → МОЛЕКУЛА

    Жай немесе күрделі заттардың құрамы мен химиялық қасиеттерін сақтайтын ең ұсақ бөлшек.

  • 2) ТОРЗАТАЛИКА → КАТАЛИЗАТОР

    Химиялық реакцияның жылдамдығын өзгерте алатын, бірақ реакция өнімдерінің құрамына кірмейтін зат.

  • 3) ГИТОРБИИН → ИНГИБИТОР

    Химиялық реакцияның жылдамдығын баяулататын зат.

  • 4) ТАЛИЗКА → КАТАЛИЗ

    Реакциялық қоспаға катализатор енгізу арқылы химиялық реакцияны жылдамдату процесі.

  • 5) ЛЕКТРОЭЛИЗ → ЭЛЕКТРОЛИЗ

    Электролит балқымасы немесе ерітіндісі арқылы тұрақты электр тогы өткенде электродтарда жүретін тотығу-тотықсыздану реакциялары.

Ескерту: әр дұрыс жауап берген топқа 1 балл беріледі.

II тур — «Сиқырлы тәжірибелер»

Бұл турға әр топтың басшылары қатысады. Топ басшыларына нұсқаулық беріледі: тәжірибені дәл әрі қатесіз орындап, нәтиже көрсеткен топқа 5 балл беріледі. Уақыт — 10 минут.

1) «Тиімді операция»

Көрермендер арасынан бір оқушы шақырылады. Оқушының білегін KSCN ерітіндісіне батырылған мақтамен сүртіп, кейін FeCl3 ерітіндісіне батырылған шыны таяқшамен сол жердің үстіне сызық жүргізіледі. Нәтижесінде білекте қызыл (қан түстес) із байқалады. Тәжірибе аяқталған соң білекті сулы мақтамен сүртеміз.

3KSCN + FeCl3 → Fe(SCN)3 + 3KCl

2) «Күміс тиын алу»

Қола немесе мыс тиынды «күміс» түске айналдыру үшін шыны стаканға Hg(NO3)2 ерітіндісін (тиын бататындай мөлшерде) абайлап құямыз. Тиынды ерітіндіге салып, шыны таяқшамен ақырын араластырамыз. Тиынның беті біртіндеп күміс түске ауысатынын байқаймыз. Соңында тиынды қысқышпен алып, фильтр қағазына қойып, құрғатып сүртеміз.

Hg(NO3)2 + Cu → Cu(NO3)2 + Hg

3) «Піскен жұмыртқаны қабығын сындырмай аршу»

Шыны стаканға HCl ерітіндісін (жұмыртқа бататындай) жартылай құямыз. Ерітіндіге алдын ала піскен жұмыртқаны салғанда, жұмыртқа стакан ішінде қозғала бастайды. Бұл құбылыс жұмыртқа қабығындағы CaCO3 тұзының тұз қышқылымен әрекеттесіп, CO2 газының түзілуімен түсіндіріледі. Уақыт өте CaCO3 еріп, жұмыртқаның қабығы сыдырылып түседі. Кейін жұмыртқаны қысқышпен алып, суы бар стаканға саламыз.

2HCl + CaCO3 → CaCl2 + H2O + CO2

4) «Көрінбейтін бояу»

Алдын ала дайындалған қағазға бүріккіш арқылы фенолфталеиннің 1% ерітіндісін бүркейміз. Сол сәтте қағазда таңқурай түсті жазу пайда болады. Құбылысты түсіндіріңіз: бұған дейін қағаздағы жазу қандай қосылыспен жазылған?

Нұсқау: фенолфталеин сілтілік ортада таңқурай түске боялады.

III тур — «Жүйрік болсаң, шешіп көр»

Төрт топқа ортақ жұмбақтар беріледі. Жұмбақтардың жауабы — химиялық элементтер. Қатысушылар элементті тауып, тақтадағы Д. И. Менделеев кестесінен орнын анықтап, дұрыс орналастыруы тиіс. Дұрыс жауап пен орны сәйкес келсе — 1 балл.

Бұл тур жылдамдық пен кестемен жұмыс істеу дағдысын тексереді: элементті атау ғана емес, оның периодтық жүйедегі орнын дәл табу маңызды.

IV тур — «Блиц турнир»

Интерактивті тақтадан 4 топқа ортақ 8 тест тапсырмасы көрсетіледі. Әр сұрақтан кейін ойлануға 1 минут беріледі. Уақыт біткен соң дұрыс жауап белгіленеді, ал әр топ өз жауабы жазылған бетті көтеріп көрсетеді. Дұрыс жауапқа — 1 балл.

  1. 1) Калийдің генетикалық қатары

    • A) KCl → KOH → K
    • B) K → K2O → KOH
    • C) K2O → K → K2O
    • D) KOH → K → KCl
  2. 2) Салыстырмалы молекулалық массалары осы ретпен 107, 160, 242 болатын E(OH)3 → E2O3 → E(NO3)3 өзгерістеріне қатысатын элемент

    • A) Fe
    • B) Ni
    • C) Cr
    • D) Al
  3. 3) Өзгерістер схемасына E → EO → E(OH)2 сәйкес келетін генетикалық қатар

    • A) Натрий → натрий оксиді → натрий гидроксиді
    • B) Хлор → хлор(III) оксиді → хлорлы қышқыл
    • C) Азот → азот(III) оксиді → азотты қышқыл
    • D) Кальций → кальций оксиді → кальций гидроксиді
  4. 4) Тұздар класының өкілі

    • A) HCl
    • B) Zn(OH)2
    • C) CO2
    • D) KNO3
  5. 5) Оттекті қышқыл

    • A) CaO
    • B) CO2
    • C) HNO3
    • D) Zn(OH)2
  6. 6) Азот қышқылымен әрекеттесетін заттар қатары

    • A) ZnO, FeO
    • B) CO2, CaO
    • C) SO3, Al2O3
    • D) SrO, SiO2
  7. 7) Өзгерістер схемасындағы «E» элементін табыңыз: E → E2O5 → HEO3 → H3EO4

    • A) Көміртек
    • B) Азот
    • C) Фосфор
    • D) Күкірт
  8. 8) 0,95 г темір(III) оксидін алу үшін қажетті темір гидроксидінің массасы

    • A) 2,24 г
    • B) 12,4 г
    • C) 4,56 г
    • D) 1,27 г

V тур — «Ой толғау»

Бұл турда әр сынып өздері шығарған газеттерін бір-бірімен алмастырып, сканворд, кроссворд және басқа да жұмбақтарды шешеді. Әр дұрыс жауапқа 1 балл беріледі. Уақыт — 5 минут.

Қорытынды бөлім

Турлар аяқталған соң, әділқазылар алқасы шешім шығарғанға дейін химия апталығы барысында өткен шаралар бойынша номинациялар табысталады. Әділқазылар шешімі жарияланғаннан кейін бүгінгі қорытынды кештің жеңімпаздары мен номинация иегерлері анықталады.